Тақырыбы: Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы.
Мақсаты: Құрал-жабдықтар: суда өсіп тұрған немесе күні бұрын формалинге салынған хламидомонада, хлорококк , хлорелла, улотрикс, спирогира немесе кладофора балдырлары. Осы балдырдың нақнұсқасы. Тұрақты микропрепараттары. Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, зат әйнегі, жабын әйнегі.
Жұмыс барысы. 1.Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың судағы, топырақтағы көрінісін қарау.
2. Біржасушалы балдырлардан микропрепарат дайындап, микроскоппен қарау.
3. Жасуша пішініне назар аудару. Хроматофораның пішінін және түсін анықтау.
4. Көпжасушалы балдырлардан микропрепараттар дайындау.
5. Микропрепаратты микроскоппен қарау. Талломдарының бір қатар жасушалардан тұратындығына және жасуша құрылысына көңіл аудару.
6. Балдырлардың суретін салу. Оқулықтағы суретпен салыстыру.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №18
Тақырыбы: Мүктердің сыртқы құрылысы. Көкек мүгінің (жасыл мүк) құрылысы.
Жұмыс барысы. 1.Берілген кеппеөсімдіктен көкек мүгін табыңдар.
2. Көкек мүгінің сабағын және жапырағын қараңдар. Онда тамыр болатын – болмайтынын зерттеңдер.
3. Мүк жапырағының пішінін, мөлшерін, сабаққа қалай орналасқанын байқаңдар. Жапырақ түсінің қандай екенін анықтап, жапырақты микроскоппен қараңдар. Суретін салып, түсін бояңдар.
4. Сабақтың төменгі ұшынан қоңырқай өскінді анықтап, оның қалай аталатынын еске түсіріңдер. Ризоидтың тамырдан қандай ерекшелігі болатынын дәптерге жазып алыңдар.
5. Мүктің жоғарғы ұшынан қауашақты тауып, оны сапты инемен сабақтан бөліп алыңдар. Қауашақтың қалпақшасын ашып, қауашақта не бар екенін анықтаңдар.
6. Даяр препарат бар болса, ұлғайтқыш әйнекпен көкек мүгінің спорангийін қараңдар. Препараттан мүк қауашағы мен қақпағының бойлай кескен кесіндісін айқын көре аласыңдар. Спораның қандай қызмет атқаратынын еске түсіріңдер.
7. Жергілікті жерде көкек мүгінің өсетін-өспейтінін сұрастырып біліңдер. Мүмкін мүктердің өзге түрі өсетін шығар. Онда олардың атауын жазып, суретін дәптерге салып алыңдар.