Жұмыс барысы. 1.Түрөзгеріс деген не және оның қандай маңызы бар? Түрін өзгерткен тамырлардың түрлерін атаңдар және суретін салыңдар? өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?
2. Түйнектамырдың жемтамырдан айырмашылығы қандай?
3. Емізік тамырлардың нағыз тамырлардан айырмашылығы неде?
4. Жемтамырлар қандай өсімдіктерде болады?
5. Тіреу тамырлар мен ауа тамырлары өсімдікке не үшін қажет?
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.
Мақсаты: Құрал-жабдықтар: өсу бүршігі мен гүл бүршігі.
Жұмыс барысы. 1.Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады?
3. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтарын талдаңдар және суретін салыңдар.
4. Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай? Бүршіктер нешеге бөлінеді?
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу.
Жұмыс барысы. 1.Жапырақ қандай қызмет атқарады? Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады? Әр бөлімі қандай қызмет атқарады?
2. Жүйкеленудің түрлері және атқаратын қызметі қандай, суретін салу. Жапырақтардың сабаққа орналасуының түрлерін талдаңдар.
3. Жай жапырақ пен күрделі жапырақтарды ажыратып, мысал келтіріп және суретін салу.