Ақындыққа таласы барын А.Байтұрсынұлы «Оқу құралы» жинағының беташары ретінде жазылған «Тарту», «Ер Сайын» жинағына алғы сөз іспетті « Г.Н.Потанинге тарту» өлеңдері- мен паш етті. Бүкіл шығармашылығына терең ішкі мазмұн мен сыртқы түрдің үйлесімділігі тəн, соған сəйкес ол туындылар- дың сипаттары айрықша. Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Шетелдермен байланысы Орыс əдебиетімен етене танысА.Байтұрсынұлының мысалжанрына көңіл бөлуі де тегін емес еді. Мысалжанрының шағынкөлемді туындылары арқылы маңызды ойлар айта білудің, оныастарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екендігін жете сезінгенА.Байтұрсынұлы əлеуметтік ортаға ықпал ету үшін «Қырықмысал» жинағын 1909 жылы Петерборда жариялайды. Бұлкітапқа енген мысалдар көлемімен де, сюжеттік дамуымен деөзге сөз зергерлері туындыларынан дараланып тұрғаны айқын. Жоғарыда атап өткеніміздей, зерттеушілердің айтуы бойыншабұл мысал жанрындағы негізгізаңдылықтардың бірі: бұрыннанбелгілі сарынның негізінде дүниеге келген мысал сол автордыңшеберлігінің арқасында төл туынды болып кете беруі түсініктіжай. Оған дəлел – Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов мысалдары-на арқау болған сюжеттік жүйенің ортақтығы. Шығармаларындағы 10 тармақты «Шымшық пен көгершін» атты мысалды
А.Байтұрсынұлы 32 жолға дейін ұлғайтып, мүлдем басқа
туынды деңгейіне көтереді. Ақын қосқан ойлары арқылы бұл
мысалды қазақтың төлтума рухани мұрасына айналдырды.
Мұндай ерекшелік «Өзен мен қара су» мысалына да тəн:
…Меңзеймін қара суды, қазақ, саған,
Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан.
Барады қатар жұрттың бəрі озып,
Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.
Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді,
Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан.
Өткізіп уақытты өкінерсің,
Пəледен, басқа келмей, деймін сақтан.
Қазағым, сал құлағың нақылыма,
Түсініп айтқан достық ақылыма.
Сөз емес еріккенде ермек еткен,
Айтамын жаным ашып жақыныма.
Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең,
Боларсың қара судай ақырында.