Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар.
Масс-медиа қызметтері.
Бұқаралық сана мен цифровизация.
Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет.
Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік.
Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары.
Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.
Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар
Бұқаралық коммуникация деп жүйелі түрде болатын ақпараттардың саны үлкен және бытыраңқыланған аудиторияларға техникалық құралдардың (баспасөз, радио, теледидар, кино, дыбыс – және бейне жазба және с.с) көмегімен тарауының үдері болатыны ұйғарылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл барлық баспалық, цифрлық және электрондық байланыс құралдарына жататын термин. Баспа станогының жасалуы мезетінен бастап (тіпті одан да ерте) технологиялар ақпараттың қалай және қайда таралатынына ықпал жасайды. Бүгінгі күні технологияның дамуының алға ұмтылу қарқынына көңіл бөлместен, қоғамдағы қарым – қатынастың тәсілдерін және бұқаралық ақпарат құралдарын талқылау мүмкін емес
Масс-медиа қызметтері.
Масс медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесулері және өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәдени және өзге де салалардағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде.