Математика 2 пәні бойынша 5В072900 – Құрылыс мамандығының студенттеріне арналған ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік нұСҚаулар



бет3/3
Дата24.05.2023
өлшемі129,5 Kb.
#96377
түріНұсқаулар
1   2   3
Дәріс.

Жатт.саб.

Лаб.

СӨЖ



1

2

3

4

5

6



1

Көп айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері

5

7,5

2,5

30



2

Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеулері

6

7,5

2,5

30

3

Көп айнымалы функцияның интегралдық есептеулері.Еселі, қисықсызықты,беттік интегралдар.

4

7,5

2,5

30




Барлығы 2-ші семестрде

15

22,5

7,5

90



3 Пәннің мазмұны
3.1 Дәріс сабақтарының мазмұны 5В072900 мамандықтарына
1 тақырып.1-5 дәрістер.Бірнеше айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық есептеулері.
Екі айнымалыдан тәуелді функцияның анықталу облысы.Дербес туындылар. Жанама жазықтық және нормаль.Толық дифференциал, оның геометриялық мәні.Жоғарғы ретті дербес туындылар және дербес,толық
дифференциалдар. Дифференциалды жуықтап есептеуде қолдану.Айқындалмаған функциялар,оларды дифференциалдау.Бірнеше айнымалы функцияның Тейлор формуласы. Бірнеше айнымалы функцияның экстремум болуының қажетті және жеткілікті белгілері. Оның тұйық облысындағы ең үлкен және ең кіші мәндері.Шартты экстремум.Лагранж әдісі. Әдебиет: [2]. 7 тарау, 282-301 бет.
2тақырып. 6-11 дәрістер.1 айнымалы функцияның интегралдық есептеулері.
Анықталмаған интеграл туралы ұғым. Интеграл қасиеттері. Негізгі анықталмаған интеграл кестесі. Анықталмаған интегралды есептеу әдістері: тікелей интегралдау, айнымалыны алмастыру, бөліктеп интегралдау. Рационал функцияларды интегралдау. Тригонометриялық функцияларды интегралдау. Иррационал функцияларды интегралдау. Дифференциалдық биномды интегралдау. «Алынбайтын» интегралдар. Анықталған интеграл анықтамасы, қасиеттері. Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық мағынасы. Ньютон-Лейбниц формуласы. Анықталған интегралды айнымалыны алмастыру,бөліктеп интегралдау әдісін қолданып есептеу. Жұп және тақ функциялардың симметриялық шектері бар анықталған интегралдары. 1-ші және 2-ші текті меншіксіз интегралдар. Анықталған интегралды физикада және геометрияда қолдану. Анықталған интегралды жуықтап есептеу: тік төртбұрыш,трапеция,Симпсон формулалары.
Әдебиет: [2], 6 тарау, 223-281 бет
3Тақырып. 12-15 дәрістер.Көп айнымалы функцияның интегралдық есептеулері.
Екі еселі интеграл анықтамасы және қасиеттері. Екі еселі интегралдың геометриялық және физикалық мағынасы. Екі еселі интегралды декарттық және полярлық жүйеде есептеу. Екі еселі интегралды физикада және геометрияда қолдану.Үш еселі интеграл анықтамасы және қасиеттері.Үш еселі интегралда айнымалыны ауыстыру.Үш еселі интегралды геометрияда және физикада қолдану.Бірінші текті интеграл анықтамасы және қасиеттері.1-ші текті интегралды есептеу әдістері. Екінші текті интеграл анықтамасы және қасиеттері.2-ші текті интегралды есептеу.Грин-Остроградский формуласы.2-ші текті қисықсызықты интегралдың интегралдау жолынан тәуелсіздігінің шарты.Қисықсызықты интегалдардың кейбір қолданулары.Бірінші текті беттік интегралдың анықтамасы және қасиеттері. Беттік интегралды есептеу.Екінші текті беттік интеграл анықтамасы және қасиеттері.2-ші текті беттік интегралды есептеу.Остроградский-Гаусс,Стокс формулалары. Әдебиет: [2]8 тарау,
302-321 бет
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1.Ақанбай Н. Ықтималдықтар теориясы есептерінің жинағы.- Алматы, Қазақ университеті, 2003.
2.Дүйсек А.Қ. Жоғары математика(оқу құралы) Алматы,2004ж
3.Қабдықайыр Қ. Жоғары математика .Алматы.: Дәуір,2005ж
4.К.А.Хасеинов.Математика канондары. Алматы.: ММШ,2003г
5.Ильясов М.Н., Баяхметова Ф.К. Жеке үй тапсырмалары. 1, 2 бөлім. Павлодар,2003
6.Ильясов М.Н., Баяхметова Ф.К.,Шоманова Р.Е. Жеке үй тапсырмалары. 3бөлім. Павлодар,2006
Қосымша әдебиеттер:
7.Жаңбырбаев Б.С. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері». Алматы, 1988 ж.
8.Бектаев Қ. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика». Алматы, «Рауан», 1991 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет