Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


§4. Геометрияны оқытудың негізгі дидактикалық принциптері



бет4/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

§4. Геометрияны оқытудың негізгі дидактикалық принциптері

Педагогиканың дидактика деп аталатын тарауында кез-келген оқу пәнін оқытуға қойылатын жалпы, бірыңғай талаптар жиыны – дидактикалық принциптер тағайындалған. Геометрияны оқытуда басшылыққа алынатын негізгі дидактикалық принциптердің әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.


1. Ғылымның принципі. Білімнің ғылымилығының мынадай үш белгіні
қанағаттандыруы, оның сапалық көрсеткіші болып табылады:
а) білімнің мазмұны қазіргі ғылымның дұрыс екеніне оқушылар сәйкес келуі;
ә) танымның жалпы әдісінің дұрыс екеніне оқушылар сенімін
қамтамасыз ету;
б) таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын көрсету.

Бұл айтылған шарттар бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысының алдыңғысы келесісінің қажетті шарты болып саналады.


Бірінші шарт бойынша геометрия материалдарын ғылыми тұрғыдан оқылатын геометрия пәні материалдарының теориялық дәрежесі жоғары болып ұғымдардың анықталуы мен сөйлемдердің (аксиомалар мен теоремалардың) тұжырымдалуы олардың мазмұнын дәл, толық және дұрыс ашып беретіндей болса, ол дәлелдеу үрдісі баянды және жүйелі жүргізілсе, сонда ғана ғылымилық принципі орындалады.
Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципі ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Бұл білімнің ғылымилығының басты шарты ғана болып есептелінеді. Сондықтан бұл оқушылардың таным үрдісі жөніндегі ұғымдарын қалыптастыруға жеткіліксіз. Геометрияда ғылыми танымның тиімді әдістерінің бірі болып, қарастырылып отырған құбылыстың немесе үрдістің геометриялық моделін құру болып табылады. Себебі ғылымның әртүрлі саласында модельдеу әдісі кең түрде қолданылады.
Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным үрдісі және оның заңдылықтары жөніндегі ұғымдардың қалыптасуын талап етеді.
Бұл айтылған ғылымилық принципінің шарттарын іске асыру үшін оқыту үрдісінде проблемалық оқыту және әр т үрлі зерттеу жолдары кеңінен қолданылуы керек. Түсінікті болу үшін оқу материалдарын бір мысалы келтірейік:
Мысалға, «үшбұрыш» ұғымын енгізу, оның түрлерін анықтау, анықтамасын беру қасиеттерін оқыту терең, кең мағынада қарастырылса, онда сабақтың ғылымилығын ашуға мүмкіндік алады.

2. Оқыту үрдісінде тәрбиелеу принципі геометрияны оқыту өз бетінше жеке дара жүргізілмей, шәкірттерге жан-жақты тәрбие беру функциясын қатар атқаруға міндетті.


Мысал: Қарастырылған ұғымды дұрыс меңгеру фигураны дұрыс кескіндеу және т.б. оқу үрдісінде тәрбиелік жағын ашып көрсетеді.

3. Геометрияны оқытудағы көрнекілік принципі. Ол оқушылардың оқу материалдарын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әртүрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Геометрияны оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал-жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер т.б.).


Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор.
Мысал: «Үшбұрыштар» ұғымын бергенде сөз жүзінде баяндаушы қоса, фигуралардың модульдерін, суреттерін т.б. пайдалану арқылы болса, онда оқу үрдісінің көрнекілік жағын толығымен көрсетеміз.

4. Геометрияны оқытудағы білімнің берік болу принципі. Геометрияның үйретуде оқушылардың алған білімі, дағдылары берік болу үшін мұғалім:


а) өткен материалды қайталауда білікті түрде ұйымдастыра білу қажет;
ә) оқушылардың білім, дағдыларына дер кезінде бақылау жасап отыруға және мұнда орын алған алқылықтарды алдын ала біліп, оларды түзетіп отыруға тиіс;
б) оқушыларға берілетін есептердің, жаттығулардың және басқа тапсырмалардың жүйелілігіне айрықша мән беруі қажет т.с.с.
Мысал: «Тік бұрышты үшбұрыш» тақырыбын өтер алдында «Үшбұрыш» ұғымына қайталау жасап, білімді жүйелеу жүргізілсе, онда оқу үрдісінің беріктілігі көрсетіледі.

5. Геометрияны оқытудағы түсініктілік принципі. Геометриядағы түсініктілікті білім алуды барынша жеңілдету деп ұғынуға болмайды. Түсініктіліктің дидактикалық мәнісі шәкірттің жас ерекшелігіне қарай үйретілгенін, берілетін білім тым қиында, аса жеңіл де болмау қажет.


Дидактикалық принциптер өзара бір-бірімен тығыз байланысып бір тұтас жүйе құрады. Мысалы, көрнекілік құралдарын шебер пайдалана білу оқытудың түсініктілігін арттырады. Геометрияны оқытуда түсініктілік принципін жемісті түрде жүзеге асыру мүмкідігін бір мысал арқылы көрсетейік.
Мысал: «Үшбұрыш ауданы» ұғымын қарастырғанда, өткен «үшбұрыш», «үшбұрыштың биіктігі» ұғымдарына жалпылама көрнекіліктерді пайдаланып түсінік беретін болса, сабағымыздың түсініктілік үрдісі арта түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет