Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет3/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
00056211-222c2430


§1 Жалпы әдістеме.
Геометрия сабағында қойылатын жалпы
мақсаттар.

Геометрияны оқытудың жалпы әдістемесі мектеп геометриясының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идеологиялық бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, оқу үрдесіндегі тәрбие жұмысы элменттрінің тұтастығын қамтиды, оқушылар білімінің саналылығы мен баяндылығын қамтамасыз етеді.


Сабақтың мақсаты - деп сол сабақты оқытып үйретуде, тәрбиелеуде және
одан әрі дамытуда мұғалімнің жеткшілігімен қол жетерлік соңғы нәтижені түсінеміз. Сабақтың мақсаты программа мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын, оқыту әдістрін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Мақсат анықталғанан кейін, сабақ құрылымын сол мақсатқа қол жететіндей етіп жасау керек.
Сабақтың мақсатына мынадай талаптар қойылады:
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қандай білімді меңгеруге керек (білімділік мақсаты), қандай іскерліктер қалыптастырылады (практикалық және оқушыларды дамыту мақсаты), сабақтың оқушыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік мақсаты) тәрізді мәселелерге жауап беруі тиіс.
Сабақ мақсаты өте дәл тұжырымдалуға тиіс, яғни сабақта қандай білім, іскерлік және машықтар қалыптастырылатыны, тәрбиелік қызметінің мәні белгіленуі керек.
Мектепте өтілетін пәндер арасында бөлінетін сағат санының көптігі жөнінен математика қазақ тілі мен әдебиеттен кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан да ол аса маңызды пәндердің бірі ретінде жан-жақты дамыған, білімді және тәрбиелі жас жеткіншектер дайындауда жалпы міндеттерді орындауға үлкен үлес қосуға міндетті.
Геометрияны оқыту бүкіл мектепке тән үш жалпы мақсаты көздейді:
Білім беру.
Тәрбиелеу.
Өмірлік - практикалық - білім - дағды дарыту.

Геометрияны оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды геометрия ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдерімен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті білімділіктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.


Оқушыларға геомериялық білім дағдылар жүйесін берумен қатар, геометрия пәні мектепте басқа да білім беру міндеттерін атқарады.
Олар:
а) оқушылардың бізді бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің геометриялық әдістерін игеруге жәрдемдесу;
ә) оқушыларды ауызша жән жазбаша геометрия тіліне үйрету (қарапаймдылық, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық);
б) оқушыларды геометрия бойынша алған білім, дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету.

Дидактиканың талабы бойынша геометрияны үйрету білім жүйесін берумен ғана шектеліп қалмай тәрбиелік оқу болуы шарт.


Геометрияны оқытудағы тәрбиелік мақсат геометрияны үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің кейбір негізгі түрлерін көрсете кетейік. Олар:
а) оқушыларда ғылыми дүние танымын қалыптастыру. Бұл тұрғыда
тарихи – геометриялық мағлұматтардың берері мол екендігін атап
кеткен жөн.
б) шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру.

Геометрияны оқыту үрдісіңде мұғалім оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, қиындықты және білуге, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, табандылыққа, адалдыққа, жауапкершілікке, т.б. адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуге міндетті. Мәселен, есеп шығару кезіңде сыныпта , үйде мұғалім шәкірттерін есептің шешуін жауабына дейін жеткізуді талап етуінің үлкен тәрбиелік мәні бар.


Геометрия сабағында жастарды патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мүмкіншіліктер мол. Бұл жөнінде, әсіресе, геометриядан тарихи материалдардың әсері күшті. Геометрия ғылымын дамытуда әл-Фараби, әл-Хорезми сияқты білімпаздар еңбектерімен таныстыру оқушыларды отандық мақтаныш сезіміне бөлейді. Сонымен қатар басқа елдер өкілдерінің де еңбегін айтпай кетуге болмайды. Осыдан барып бүкіл мәдениет, ғылым-адамзаттың ортақ байлығы, баршаның игілігі деген интернационалдық шынайы сезім туады.
Эстетикалық тәрбие. Геометрияның табиғатының өзі оқушыларды әдемілікке тәрбиелеуге бай мүмкіндік туғызады. Олардың бойында туа біткен эстетикалық сезімді оятады. Тек мұғалім мүмкін жағдайда бұған дер кезінде оқушылардың назарын аударып отыруы қажет. Эстетикалық тәрбиелеу ісінде кейбір есептердің ең «әсем» шешімін табуға баулудың да маңызы кем емес.
Геометрияны оқыту барысындағы іске асырылуға тиіс тағы бір ңегізгі міндет ол оқушылардың геометрияға деген ынтасын арттыру.
Геометрияны оқытудың бір мақсаты - өмірлік – практикалық мақсат болып табылады. Ол мынандай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
а) геометрия пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік
практиканың қарапайым есептерің шешуге, физика, химия, сызу,
ақпараттану (информатика) және есептеу техника негіздерінен т.б
пәндерді оқып – үйренуге пайдалана білу;
ә) геометриялық құралдар мен аспаптарды пайдалана алу;
б) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету;
в) политехникалық оқуда жүзеге асыруға қолқабыс тигізу.

Мектепте геометрияны үйретудің жалпы мақсаттарымен қатар тек геометрия пәніне тән арнайы, ерекше мақсаттары болады. Геометрия басқа ғылымдар ішінде ең дәл қатаң ғылым, оның әдістерін кең және терең қолданады. Бұл пәнді оқыту оқушыларды ғылыми ойлау әдістерімен қаруландырады. Сондықтан да саналы түрде таным әдістерін үйрету мектеп геометриясының айрықша мақсаттарының бірі болып саналады.


Геометряны оқытудағы арнайы мақсаттардың қатарына оқушылардың геометриялық интуициясын, кеңістік қиялын дамыту жатады. Бұл негізінен геометрия сабақтарында жүзеге асады. Мұнда ең алдымен көрнекі құралдар арқылы жазықтық және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың геометриялық елесі, көрінісі қалыптастырылып, біртіндеп күрделі геометриялық фигураларды және олардың комбинациясын сызбалық дұрыс кескіндеуге машықтандырылады.
Қазіргі қоғам алға қойған жаңа талаптарға, міндеттерге байланысты мектеп геометриясының мақсаттары да үнемі біртіндеп өзгеріп отырады.

§2. Геометрия сабақтарыда қойылатын арнайы мақсаттар.


Геометрияны оқытудың арнайы әдістемесі оқушылардың жасына, оқу материалының мазмұн ерекшеліктеріне сәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады. Арнайы әдістеме белгілі бір тақырыпты немесе программаның бір тарауын оқытудың реті жайында жүйелі нұсқау береді, оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап, оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді, оқыту үрдісінің жеке мәселелерін қарастырады.


«Геометрияның оқыту әдістемесі» пәнінің сүлбесі (схемасы)


Нені оқыту Қалай оқыту


Геометрияны оқытудың нақты әдістемесінде жалпы әдістеменің


жеке мәселелері.
Арнайы әдістеменің жеке мәселелері (мысалы, “Үшбұрыш” тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау т.б.) қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет