Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет7/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Үшбұрыш элементтері

Бір түзудің бойында жатпайтын кез-келген үш нүктені белгілеп, оларды кесінділермен қосайық Сонда жазықтық екі облысқа бөлінеді ішкі және сыртқы облыстар.






BAC, CBA және ACB бұрыштары берілген ABC үшбұрышының бұрыштары деп аталады. Оларды жалғыз әріппен белгілеп A, В, С деп жазатын боламыз.
Үшбұрыштың кез келген қабырғасы қалған екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. Шындығында, ABC үшбұрышының С тебесі АВ кесінде жатқан жоқ, сондықтан АВ<АС+ СВ.

Барлық қабырғаларының қосындысы үшбұрыштың периметрі деп аталады.


Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың медианасы деп аталады.
Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының төбесі мен қарсы қабырға аралыгындағы бөлігін үшбұрыштың биссектрисасы деп атайды.
Үшбұрыштың берілген төбесінен түсірілген биіктігі деп осы төбеден үшбұрыштың қарсы жатқан қабырғасын қамтитын түзуге жүргізілген перпендикулярды айтады.




ABC үшбұрышының В төбесінен
жүргізілген BD медианасы,
ВК биссектрисасы, ВН биіктігі
керсетілген.

Әрбір үшбұрышта үш медиана, үш биссектриса және үш биіктік болады.


Бір бұрышы тік немесе доғал үшбұрыш сәйкесінше тік бұрышты немесе доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.
Сүйір бұрышты үшбұрыштың барлық бұрыштары сүйір болады.

Бұл суретте сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар бейнеленген.




Үшбұрыштыц бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
Дәлелдеу. ABC берілсін. АВ-ға параллель етіп С төбесінен EF түзуін жүргіземіз. Сонда l+2+3= 4+2+5. Жазық бұрыш құраған, 4,2,5 бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең. Демек, l+2+3=180°.


Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрышты үшбұрыштың сыртқы бұрышы дейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет