Математика кафедрасы


Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері



бет2/6
Дата11.12.2023
өлшемі86,59 Kb.
#137569
1   2   3   4   5   6
1.Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері
Балалар дамуындағы жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеру мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі. Өйткені мектепте оқитын шағында балалар өмірінде ерекше орын алатын жеткіншек жасында ағзада қайта құру процестері жүреді. Психолог оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсетуі керек. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр баланың өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеп, мән-мағынасына толық түсініп алуы қажет. Жеткіншек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р.Байярд,Д.Байярд,Т.В.Драгунова,А.Е.Личко,М.Кле,М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон,И.С.Кон т.б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физиологиялық процестер олардың жан қасиеттеріне күрделі әсерін тигізетінін дәлелдеген.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелуде. Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметке кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген. Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, 7-сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.
Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, компьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі.
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет