Математика кафедрасы


Жеткіншекте болатын физиологиялық өзгерістер



бет3/6
Дата11.12.2023
өлшемі86,59 Kb.
#137569
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ ЖЕП 2

2.Жеткіншекте болатын физиологиялық өзгерістер
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11 —13 жаста, ер балаларда 13 —15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің: акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі — жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқақисайыпкетугебейімтұрады.Денетүзілісініңнеғұрлым көбірек бұзылуы 11 —15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. 20—21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады). Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайыпкетуімүмкін,ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұныңкейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыданкеліпәр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілерқалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс- істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, қолапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6—7 жастан 13—14-ке дейінгі шақ -көптеген қозғалыс сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуыменсипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертиреоздың дамуы) және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмысқа өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы — қалыпты құбылыс.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет