Математика кафедрасы



бет5/6
Дата11.12.2023
өлшемі86,59 Kb.
#137569
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ ЖЕП 2

Қорытынды
Қорытындылай келе, жас жеткіншектердің психологиясына аса қатты мән беруіміз қажет. Психология бей жәй қарай салатын дүние емес. Ертеңгі күні бала ер жеткенде «детская травма» болып қалады және оны жою өте қиынға соғады. Сондықтан, ертеңгі жастарымыздың білімді, саналы ұрпақ болуын қамтамасыз етейік. Сөйтіп, жеткіншектік шақта жолдастармен қарым қатынас жеткіншектің жеке басының қалыптасуына зор, көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған үлгі болады, балалар бір-біріне белсене іс-әрекет жасайды, бірін-бірі тәрбиелейді. Сондықтан жеткіншектің қарым-қатынастары ғана емес, жақын жолдастарымен, достарымен жеке қарым-қатынастары да педагогикалық өрісіне қамтылуға тиіс.
Жеткіншек кезеңінің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқықтарды талап етуіне қайшы келеді. Міне нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатнасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас-тартыстар мен қиыншылықтар жеткіншектің құқықтары мен дербестігінің сипаты туралы олардың түсініктерінің үйлеспеушілігінен келіп шығады. Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама- қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады; ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересектік» қатынастарды орнатады. Талас- тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет