«Дербес амалмен оқыту технологиясы» мен «Толық меңгеру технологиясын» қолдануға тырысамын. Оқу процесінде оқушының танымдық қызметі басты үрдіске айналады, оқулықпен, кітаппен жұмыс,алған білімді бекіту шаралары іске асырылады. Оқушының өздігінен білімін жетілдіру, өздігінен даму негізінде білім алатын әрекетін ынталандыруға қамсыздандыратын психолого-педагогикалық жағдайлар жасалады.
Технологиялардың берері:
-әр шәкірт оқу еңбегіне жұмылдырылады, әрқайсысына лайықталған әр деңгейдегі тапсырмалар жүйесі беріледі және жеке дайындығына бөлінген уақыт бар;
-әр оқушының ілгерілеуіне жол ашылады, еркін өз пікірін айтуына, өзара көмек көрсетуіне жағдай тұгызылады;
-оқушының білім деңгейі арнайы кестеге /рейтинг парағы/ толтырылып, оқушы білімі күнбе - күн бақылауға алынады.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар құрастыруда үш деңгей тексеріледі: еске түсіру/білімді қабылдау/, байланыстарды анықтау/білімді қолдану/, пікір айту/білімді интеграциялау/.
Бірінші деңгей (еске түсіру) белгілі фактілерді, стандарт тәсілдерді бірден қолдану, эквивалентті түсініктерді айырып тану, таныс математикалық объектілерді және қасиеттерді тану, стандартты процедураларды орындау, белгілі алгоритмдерді және техникалық дағдыларды қолдану, стандарт, таныс өрнектер мен формулалармен жұмыс істеу, есептеулерді тікелей орындау.
Екінші деңгей (байланыстарды анықтау деңгейі) стандарт болмайды, бірақ оқушылар зерделеген материалдарға құрылған немесе белгілілер шеңберіне өте аз дәрежеде енетін есептерді шешу бойынша репродуктивті іс-әрекеттерге құрылады. Әдетте,бұл есептерде олардың шешімінің түсіндірмелеріне талаптар көбірек қойылған, есеп шартында сипатталған жағдаяттардың түрлі ұсынылымдарының арасындағы, есеп шартындағы мәліметтердің арасындағы байланыстарды белгілеу ойластырылады.
Үшінші деңгей (пікір айту деңгейі) –осыған дейінгі, деңгейдің әрі қарай дамуы ретінде құрылады. Осы деңгейдегі тапсырмаларды орындау үшін математикалық құралдарды таңдауда шығармашылық қабілет, бағдарламаның әр түрлі бөлімдерінен білімді қолдану, өз бетінше іс-әрекет алгоритмін жасау талап етіледі. Ереже бойынша тапсырмалар кешенді болып келеді және олар көп мәліметтерді қамтиды; оқушылар көбінесе заңдылықтарды тауып, жалпылау және алынған нәтижелелерді түсіндіріп оны негіздей алуы керек.
«Математика» оқу пәнінің мақсаттары:
-коммуникация құралдарының бірі ретінде логикалық,аналитикалық және инженерлік ойлауды қалыптастыру және дамыту;
- қоршаған болмысты түрлендірудегі математиканың рөлі жөніндегі түсініктерді дамыту;
- белгілі математикалық модельдердің көмегімен күнделікті өмірге жақын жағдаяттардағы проблемаларды шеше білуге дайындау;
- табиғат құбылыстарын, қоғамдық үдерістерді сипаттауда математикалық және ақпараттық әдістерді пайдалану біліктерін дамыту.
Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:
- жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру;
- оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім,білік,іс-әрекет тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету;
- математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру,қоршаған ортаны танып білуге арналған нысандарды бақылай,өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану;
- оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымы іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық,білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқу-шылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.
Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытуында оқыушыларды жаңа мазмұнды игеруге үйрету, жасампаздыққа ұмтылған ізденістерге талпындыратын қолайлылық пен бейімділік жағдайларға дайындауы керек. Мұның тетігі оқытушының шебер оқыту әдісінде. Тарихтағы математика ғылымының дамуы, жалпы алғанда, математикалық әдістің ілгерлеуімен өзара тығыз байланыста болған, әрі математикалық ойлау әдістерінің жаңа жетістігі үнемі математикалық білімдердің жаңашалануымен толықтырылып отырған. Мәселен, координат әдісінің қолданылуы аналитикалық геометрияны дүниеге әкеліп, математикада үлкен бет бұрыс жасаған болса, ал абстракт анализ әдісі «жеті көпір мәселесін » шешіп, Графтар теориясының бірінші бетін ашты және т.с.с. Осының өзінен ақ математикалық ойлаудың маңызы зор екенін түсінуге болады. Белгілі бір деңгейдегі математикалық білімге ие болуда математика сабағының міндетін айқындап алу. Әрі математика сабағының міндеті математиканы оқытудың жалпы мақсаты (атап айтқанда,негізгі математикалық білімдерді үйрету; үш негізгі қабілетке баулу; идея-мораль тәрбиесін жүргізу) мен оқытудың обьективтік заңдылықтарын белгілейді.
Математика оқытуының негізгі басты мақсаттарынің бірі, ол оқушыға қажетті математикалық негіздік білімдерді игерту. Мұндағы айтылып отырған жаңа білімдердің мазмұны негізінен математикалық жаңа ұғымдар, математикалық тұжырымдар (формула, теорема....) математикалық ой және математикалық әдістер екендігін білуге тиістіміз. Көп жылдан бері математика оқыту әдісітемесінде көптеген шектемеліктер болып келді, мұнда әдістемелік зерттеулердің жеткіліксіздігі салдарынан кейбір сыңар жақтылы көзқарастар қалыптасты. Осындай кемшіліктерді жою мақсатымен өз білімімізді жоғарлатуымыз,яғни мұғалімнің құзырлылығын қалыптастыру мәселелерін жетілдіруіміз керек. Сонда ғана болашақ шәкірттерімізді ойдағыдай тәрбиелеу жолдарын жетілдіре түсеміз.
Математикалық ойлауды жоғарылатуда математика мұғалімінің математикалық тіл шеберлігінен тыс, терең математикалық білімі болуы. Яғни, өз мамандығын қызу сүйетін және жетік білетін, математикалық білімдер жайлы танымы мол, математика пәнінен сабақ өтуде озық тәжирбеге ие математика мұғалімінің құзырлығын қалыптастыру қажет. Әрине ұлағатты ұстаз өзінің даңқты ұстаздық міндетіне ешқашан елеусіз қарамаған. Бәріде өз өмірлерін осы жолға арнаған. Ал, біз болашақ ұстаздар да осы аға оқытушылардан үлгі алып, ұлттың ертеңі болған жеткіншектерімізді тәрбиелеуге барымызды салуымыз керек.
Іс - әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалауға мен өз бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқушының дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға,жаңа амал-тәсілдерін «ашуға», жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру үшін әр түрлі формада ұсынылған (кестелер, диаграммалар, графиктер және т.с.) есептер қолдануға болады.
Қорытып айтқанда, математиканы оқыту математика ғылымымен тығыз байланысты, ол басқа пәндерді оқып үйренуге, оқушылардың логикалық ой-өрісінің дамуына септігін тигізеді. Қазіргі заман математикасы ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың өзіне тән мазмұны, әдіс-тәсілдері бар. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп адамзат ақылымен құрылған анағұрлым жоғарғы абстракцияларды қамтиды. Сонымен қатар теориялық математикамен бірге қолданбалы математика тез қарқынды дамуда. Біз болашақ математика мұғалімдері үлгілі математика мұғалімі болу үшін , ұлы ағартушылардан тәлім ала отырып, математикалық білім негізін терең меңгеріп, оқыту әдістерін дұрыс пайдалана білуіміз қажет. Міне бұл біздің айтып отырған болашақ математика мұғалімінің құзырлылығын қалыптастырудың алғы шарттарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |