«Математика-өмір сүру формуласы» /математикалық кеш/ 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Назарларыңызға «Үшбұрыштар»



Дата24.03.2023
өлшемі26,35 Kb.
#75827

«Математика-өмір сүру формуласы»
/математикалық кеш/
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Назарларыңызға «Үшбұрыштар» мен «Төртбұрыштар» тобының қатысуымен өткізілгелі отырған «Математика-өмір сүру формуласы» атты математикалық кешті ұсынбақпыз. Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттіліктеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз. Онда біздің мақсатымызға жеткеніміз.
2-жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың!
-дей келе ортаға сайыскер командаларды шақырмақпыз. Командаларды шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін-әділ қазылар алқасы тобымен таныстыруды өзіме мәртебелі міндет санаймын және ол адамдардан:
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер!-деп математикалық кешті ұйымдастырушылар атынан өтінеміз!
Әділ қазылар құрамында:
1. Бүгінгі кешіміздің қонағы математик Маралбеков Арын ағай
2. Информатика пәнінің оқытушысы Садақбаева Эльмира Танжарбайқызы
3. Химия пәнінің оқытушысы Курбанова Карима Исхаковна
4. Тарих пәнінің оқытушысы Буенбаева Жанна Тұрарқызы
Ал енді сайысымызды бастамас бұрын сайыс кезеңдерімен таныстырып өтсем:
1 кезең – «Таныстыру»
2 кезең – «Кім көп біледі?»
3 кезең – «Формулаларды білесің бе?»
4 кезең – «Жұмбақтар сайысы»
5 кезең – Капитандар сайысы. «Кім жылдам?»
6 кезең – «Даналық сөздер»
7 кезең – «Сөзжұмбақты шешу»
1-жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Іренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену жалықпау!
Сәт сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып,-дей келе,
Үлгілі тәртіп,жақсы оқу
Алға қойған мақсатты.
Әрқашан да кооледжда,
Шығып жүрген жақсы аты.
«Үшбұрыштар» тобын ортаға шақырайық, халайық!
(Үшбұрыштар ортаға шығады.)
2-жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрекке от,көздеріңде жалын бар.
«Төртбұрыш» тобын халайық!
Қол соғып қарсы алайық.
(Төртбұрыштар тобы ортаға шығады.)
1-жүргізуші: - Ал енді, командалардың өздерін таныстыруларын тыңдаңыздар.
«Үшбұрыш» командасы:
Малика: Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен тұратын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үшбұрыш болар құрамым!
Қай элементімді санасаң,
Үштен асып көрген жоқ.
Өз алдымда бір елмін,
Ешкімге есе бергем жоқ!
Үшбұрыш деген атадан,
Үш ұл туып тарапты.
Әр қабырғалы-тұңғышы,
Тең бүйірлі-ортанша,
Тең қабырғалы-кенжесі,
Ата салты дәстүрін,
Сақтауға олар жарапты.
Шамасына қарап бұрыштың,
Үшке тағы бөлінем.
Сүйір болып сүйкімді,
Доғал болып долбарлау,
Тіп-тік болып әдемі,
Оқушыма көрінем!
Данияр: Бұрыштарым қосындысы,
180 градусқа тең болады.
Бір қабырғам ұзындығы
Қалған екеуі ұзындығының
Қосындысынан кем болады.
Біздерді зерттеп ғалымдар,
Ұзақ жылдар тер төкті.
Пифагор, Герон есімі
Шарлап кетті жер көкті.
Ханым: Пифагор атты данышпан,
Өз теоремасын ашқанда,
Жүз өгіз сойып,той жасап,
Бар байлығын шашқанда,
Қуаныштан жүрегім
Жарылып кете жаздаған,
Сырларым көп айтатын,
Әлі ешкім жазбаған.
Көп жылдар сол теорема
Жүз өгіз боп атанған,
Ауданымды тауып Герон жан,
Озды бір кез қатардан.
Дәулет: Адам баласы ешқашан,
Тоқырауды білмеген,
Sin,cos арқылы
Жеріне жетіп жүр қазір
Бұрын көріп білмеген.
Жете алмайтын нүктеге,
Меніменен жетті олар.
Көп сөйлемей ініме,
Сөз бергенім жөн болар.
«Төртбұрыштар» тобы:
Диля: Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.
Қабырғаларым тұрысына қарай,
Бір-бірімен жасайтын бұрышына қарай
Тік төртбұрыш,параллелограмм, трапеция,
Ромбы,шаршы болып бөлінем.
Олжас: Қарама-қарсы қабырғам,
Параллель,әрі тең болса,
Іргелес жатқан бұрыштар,
Бірінен-бірі кем болса,
Қосындысы бірақ та
180 градусқа тең болса,
Параллелограмм деп аталам!
Динара: Бұрыштарымды қоссаңыз,
360 градусқа тең болады.
Бұл қасиетімді білмейтіндер,
Басқаларға жем болады.
Шарша атты бауырдың
Бар қабырға бұрышы
Бір-біріне тең болады.
Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге
Тағады заттай қымбатты.
Сағи: Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.
Сондықтан да қос табан,
Параллель болып қалыпты.
Қалған екі қабырға,
Өздерінше орын алыпты.
Сөйтсе бұл бауырды,
Тастамай адам далаға,
Гүл егетін ыдыс қып,
Сыйлаған екен балаға!
2-жүргізуші: Енді сіздермен топ жетекшілерінің білімін, біліктілігін тамашалау мақсатында «Кім көп біледі?» кезеңіне дайындалған сұрақтарды ұсынамыз.
Сұрақтар:
«Үшбұрыштар» тобына:
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)
2. Геометрияның жазықтықты оқытатын бөлігі.(Планиметрия)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу. (Перпендикуляр)
6. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
7. XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім? (Лейбниц)
8. Төртбұрыштың бір түрі.Қарама-қарсы параллель,әрі тең болса. (Параллелограмм)
9. 1/10 санының кері саны? (10)
10. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы. (Периметр)
11. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
12. 225 нешенің квадраты (15)
13. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
14. Көпжақтың түрлері. (Призма, пирамида, параллепипед)
15. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
«Төртбұрыштар» тобына:
1. Санның 1/100 бөлігі. (Пайыз)
2. Жарты түзу. (сәуле)
3. Қосу амалын өрнектейтін белгі. (Плюс)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5. Тікбұрышты үшбұрыш туралы теорема. (Пифагор)
6. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
7. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
8. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
9. Квадрат функциясының графигі. (Парабола)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
12. 13. 35 -тің квадраты (1225)
13. Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі. (Гарриот)
14. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу. (Параллель)
15. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
« Формулаларды білесің бе?» кезеңіне де жеттік. Әр командаға үстелде тұрған карточкаларды алады. «Үшбұрыштар» тобына: 1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы? 2. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы? 3. Синустар теоремасы. 4. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі? 5. Квадраттың ауданы?
«Төртбұрыштар» тобына: 1. Тік бұрышты параллелипипедтің көлемі? 2. Геометриялық прогерссияның n мүшесінің қосындысының формуласы? 3. sin α – sin β айырымын көбейтіндіге түрлендір? 4. Косинустар теоремасы? 5. sin х = а теңдеуінің жалпы шешімі.
1-жүргізуші: Назарларыңызға өмірде жиі кездесетін практикалық маңызы бар математикалық жұмбақтар ұсынбақпыз. Ойынның шарты: ортаға орамал тасталынады. Жұмбақтың жауабын тапқан топтың қайсысы орамалды бірінші алады, сол топ жауабын береді. Ал, бастайық!
1. Біз санбыз сызықпен бөлінген Математиканы ұқпас адамға Құбыжық боп көрінген, Дұрыс, бұрыс, аралас, Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
2. Нүктеден, екі сәуледен, Құрылған бұл не екен? (бұрыш)
3. Алды артымыз шексіз де Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді Шыққан тегін білсе де. (түзу) 4. Күшіне сенген бір мықты Жығып алып сегізді Қайда барайын дегізді (шексіздік)
5. Басынан координатаның өте алмайды, Осьтерге жақындайды, жете алмайды. Екеуі екі бөлек тұрғанымен, Ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола)
6. Біреуі ұғымдардың басты - басты Болады өзі әр кез түбір асты. Өзінше өрнек болып құрылғанда «4» саны құрамын араласты. (дискриминант)
7. Бір мінсіз жұмырланған қабырғасы, П менен есептелген үш шамасы. Шаманың өлшемдерін анықтауға Қажет - ақ Пифагордың теоремасы. (конус)
8. Екеуін бір қосақтап матап қойдым, Соларға дәрежелі атақ қойдым. Матаудың шие болған қос түйінін Шешудің үш тәсілін атап қойдым.(Теңдеулер жүйесі)
9. Бір сабаз мінезі тік, қатал, мықты, Жаңа ұғым геометриялық ойлап - тауып Сыйлыққа Пифагордан бата алыпты.(Тік бұрышты үшбұрыш)
10. Келбеті келген бір сұлу Жағасы жоқ, жеңі жоқ Үшбұрыш көйлек киіп тұр Етегі жерге тиіп тұр (пирамида)
Санамақ есеп:
1. Он бір түйе, бес жылқы. Екі сиыр, бес ешкі Екі қоян үш түлкі Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)
2. Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма Біреуін бер алашқа Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)
2-жүргізуші: - Ал енді достар, келесі кезең «Кім жылдам?» деп аталады. Слайдта көрсетілген сөздің шешімін кім тез табады, сол жеңімпаз.
1-бастаушы: Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны белгілі. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» демекші, келесі кезеңіміз ұлы ғаламдардың ұрпақтарына қалдырған математика туралы дана сөздері жайлы біздің жас математиктер не дер екен? Соны тыңдалық. Кім көп даналық сөз біледі екен? Ал, санайық!
- Жарайсыңдар! Кешіміздің соңғы кезеңіне де жеттік. Барлықтарыңыздың назарларыңызға слайдта көрсетілген «Сөзжұмбақты» ұсынамын. Ал, қане шешіп көрейік!
2-жүргізуші: Осымен біздің математикалық кешіміз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасы топтардың қорытындысын шығарғанша барлығымыз бір ойын ойнайық.
- Ал, бәрекелді, достар жарайсыңдар! Сіздердің назарларыңызға келесі өлең жолдарын ұсынбақпын.
Бар ғылымның падишасы атанған
Евклид пен Пифагордан бата алған
Нағыз пәнсің бәрін шешіп беретін
Жұмсақ емес жаралсаң да қаталдан
Бар табыстың жетекшісі өзіңсің
Бар ғылымның төре биі өзіңсің
Білу үшін сенің терең сырыңды
Кереметтей керек бізге төзім шын
Шын сөйлеуге, адалдыққа үйреттің
Жалған ойды дәлелде деп күйреттің
Қызық пәнсің,қиын пәнсің өмірде
Қарамайтын ешқашанда көңілге
Ақыл-ойды келтірдің де тәртіпке
Жол бермеген ханшаға да патшаға
Адамзаттың барлығы үшін ортақ қып
Өзің берген формулалар қаншама
Оқимыз біз, үйренеміз талпынып
Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып
Асу бермес болсаңдағы сен алып,
Меңгереміз,
Зейін қойып тыңдагандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
«Математика-өмір сүру формуласы»
математикалық кеш
/топтар сайысы/




«Үшбұрыштар» тобы

«Төртбұрыштар» тобы

«Таныстыру»







«Кім көп біледі?»







«Формулаларды білесің бе?»







«Жұмбақтар сайысы»







Капитандар сайысы.







«Кім жылдам?»







«Даналық сөздер»







«Сөзжұмбақты шешу»







Қорытынды:










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет