Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру



бет23/25
Дата22.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#44905
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Ғажайып математика 1 ә

5. Геометриялық тапсырма:
Ұзындығы 5 см кесінді сыз; Ұзындығы 3 см кесінді сыз;
оны 3 см қысқарт. оны 5 см ұзарт.
Төртбұрыш сыз. Үшбұрыш сыз.

III. Қорытындылау.



32 сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Ойлан, тап!», Математикалық ойындар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. 2. Мұндағы өлең-есептер, жұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:


1. «Баспалдақ» ойыны
90 +10=80
24+2=26
38-8=30
72+2=75
25+3=28
40-20=20
2.Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)


3. «Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.
4. «Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.


5. Математикалық жұмбақ:
1. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/
2. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қарағып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғандар,
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. /шахмат/
Сабақты қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет