Математика пәнінен оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту әдістері


Оқушылардың танымдық белсенділіктерін



бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі296,79 Kb.
#12689
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мат назарбаев

Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру негіздері 

Қазіргі таңдағы түбірлі өзгерістер ғылым алдында аса зор ауқымды міндеттер койып отыр. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалык әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру өз бетінше білім алу дағдыларынын дамуына негіз салу болып табылады. Білім беру жүйесінің шығармашыл, техникаиы басқарудың жана әдістерін таба алатын батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық кызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық кабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады. Танымдық қабілет пен шығармашылық ойлау процестері қысқа мерзімде қалыптаспайтындығы белгілі. Оқушылардын танымдық қабілетпен қанағаттандыруға шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар игі әсерін тигізеді. Шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін оқытушы мен оқушынын шығармашылық ізденулері өзара үштасуы қажет [17]. Шығармашылық қызметке жататын, жаңа білім алуға бағытталған зерттеушілік қызметінің нәтижесі - зерттелінетін объекті немесе онын аралық объектілері. Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі бір фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Оқу зерттеушілік қызметте оқушылар тапсырманың орындалуына және оны орындауға қажетті білім деңгейінін жеткілікті екендігіне сенімді болады. Оқу зерттеушілік қызметінде сонымен қатар ынталандырушы қосымша себеп бар. Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалык ләззат алуы және зер­ттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болу. Оқу процесінде оқушылар оқу материалындағы заңдылықтар мен байланыстарды бірінші рет ашушы жағдайында болады. Сон­дықтан, ол зерттеуші де. Ғылыми зерттеу әдістерін оқушылардын оқып үйрену кызметінің әдістері де болып табылады. Бақылау, тәжірибе және сынау әдістері математиканы оқытуда нетізінен математикалық объектілердің қасиеітерін, заңдылықтарды көрсетіп беру үшін пайдаланылады. Математикалық зерттеулерде анализ жэне синтез, индукция жэне дедукция, жалпылау жэне нақтылау жэне т.с.с. ғылыми зерттеу әдістері ерекше орын алады. Математиканы окыту процесінде танымның ғылыми зерттеу әдістері теоремаларды дәлелдеу, есептер шығару, математика­лық ұғымдардың қасиеттерін оқып үйрену әдістері ретінде әр түрлі формаларда кездеееді. Оқу материалының маңыздысын бөліп алу, дәлелдеу және т.б. үйрету оқушылардын маңызды ой қорытуларды жасай алуына тәрбиелейді. Оқушыларды математикалық зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады. Математиканы (баска пәндерді де) окып- үйрену кезінде кездесетін барлық танымдық бастауларды ез бетінше пайдалануын қалыптастыруды, атап айтканда: оқытушы түсіндіруі, кітап оқу, тапсырмаларды орындау, бақылау. Сабақ үстінде өз бетінше анықгамалар пайдалану, ол үшін деректер жинақтау матема­тика пәнін өту барысында оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді және оған оқушылардың қызығуын арттырады. Математиканы оқыту үрдісінде оқушылар­дың оку-танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында кұрал жабдыктардың, математикалык есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор. Оқушылардын танымдық қабілетін дамыту үшін танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру қажет. Танымдық ізденімпаздық деп - әрбір оқушының танымға деген тұрақты құлшынысын, демек бар күшін, ынтасы мен жігерін өз білім дәрежесін көтеруге жұмсауын айтамыз. Оқыту процесі шығармашылықпен үйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінін ізденуі және де есеп шығару әдістерін іздеу арқьлы қалыптасады [20]. Оқушылардын өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және кажеттілігінен туындайды. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардын өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық, танымдық белсенділігін арттырады. Оқушы­лар оқыту барысында білім алады, ал содан сон оны қолдану арқылы шығармашылыққа барады. Оқушы математика пәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай талаптарды орындау қажет: 1) оқулықтағы материалды оқу; 2) тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру; 3) бір тақырып бойынша баяндама жасау; 4) бақылау жұмысына, емтиханга жақсы дайындалу; 5) таңдап алынган тақырыпқа өз бетімен зер­ттеу жүргізу; 6) тақырыптагы құбылыстарды түсіну; 7) тақырыптардагы нақты сұрақтарды тереңдетіп қалыптастыру; 8) техннкалық құрал – жaбдыкmар мен жұмыс істеп, тәжірибе жасауды үйрену; 9) қабілетті көрсету және дамыту; 10) тақырып бойынша ecenmepдi немесе проблемаларды шешу.

Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оқушының маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы оқушының психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді [2]. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында оқушының ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, оқушыны әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, оқушыға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов [34] жасаған жүйесі үш негізгі құраушыдан тұрады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.

Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистербергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». 
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». 

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді. Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.

Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т.б. белсенділік түрлері болады. Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді. 

Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т.б. белсенділіктер. Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру. 

Оқушыны төменгі сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. 

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:

1) жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.

2) жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.

3) жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек, яғни жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.

Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады, танымдық ынтасын қалыптастырады. Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады.

Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:

- оқушылардың өмірімен байланыста болады;

- оқушылардың қызығушылығын тудырады;

- оқытудың мақсатына барынша сай келеді.

Оқушы В. П. Беспальконың [35] төртінші деңгейіне, яғни шығармашылық деңгейге тоқталу қажет. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы ойынға қызығу арқылы шығармашылық тапсырмаларды жеңіл әрі белсенді түрде орындайды. А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В.А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектердің танымдық ынтасын қалыптастырудың бір түрі. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Орта мектеп оқушыларын жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс - әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды [3]. Оқу үрдісі оқушылардың оқу - танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б. Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады. Бұл оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы; 


- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру. 
- мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады: 1) тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, 2) арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру, 3) оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар), 4) берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.). 5) әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу, 6) қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту, 7) мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Сондай - ақ дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап есеп құрастыр» т. б. ойындар оқушыларды ойлауға төселдіріп, ойлау қабілетін дамытуға арналған.

Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдыру керек:

- жылдың бесінші айын ата.

- бүгін аптаның қай күні?

- 600 пен 700 арасында қандай сан бар?

- есік қандай геометриялық фигура? және т.б.

Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:

- оқушыларға ойдан математикалық есеп құрастыруға тапсырмалар беру;

- қиялдау арқылы сурет салғызу.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:

1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12 км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)

2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).

3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолдануымыз керек.

Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үрдісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі. Сонымен бірге оқушыларға арналған мультимедиялық оқулықтарды жасау және пайдалану қолға алына бастады.


Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.

Қорыта келгенде, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады. Осыдан мынадай түйін түюге болады:

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады; оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды; осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды; оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады; оқушылардың білім сапасы көтеріледі. 


Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Оқушының қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі. 

Сабақты бірлесе жоспарлау оқу процесін жетілдіруге , оқушыларға сындарлы оқыту теориясына негізделген білімді беруге үлкен септігін тигізеді. Оқушылар тақырыпты өздігінен меңгеруіне, сыни ойлауына, теоремаларды дәлелдеуді топтық жұмыстар арқылы, «Джигсо», «Аялдамалар» әдістері арқылы мақсаттарға жетуіне бағыттау қажет. Белсенді оқу әдістері оқушылардың ынтымақтастық ортасын құруға мүмкіндік береді. Топтық, жұптық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың бірін-бірі оқытуына ықпал жасайды. Берілген тапсырманы топта талқылау арқылы оқушылар өздерін еркін сезініп, сыныптастарымен ой-пікірлерімен бөлісіп, зерттеушілік әңгіме құрайды. Оқушылардың білім алу үдерісінде құрдастар тобындағы қарым-қатынас маңызды. Мұғалім мен оқушы емес, оқушы мен оқушы арасындағы диалог құрып, бір-біріне сұрақтар қою және дәлелді пікірлерін келтіру арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға, берілген проблеманы бірлесіп шешуге қалыптасады.

Теоремаларды дәлелдеуде топтық, жұптық жұмыс жасау барысында оқушылар суреттер арқылы зерттеу тиімді. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытып, алған білімін мнемоникалық әдіс есте сақтауына ықпал жасайды.

Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. Сондықтан оқушылардың мақсаттарға жетуінде кері байланыс беру арқылы олардың өз білімдерін қадағалауы мен бағалауына дағдыландыру оқу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұғалімнің оқушыға беретін тиімді кері байланысы оқушының өзінің қай сатыда тұрғанын, осал тұстарын жетілдіруіне мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет