Математика пәнінің жаңа бағдарламасында «кез келген адам өз өмірінде кездесетін күрделі есептерді орындау: кесте, диаграмма, график түріндегі ақпаратты оқи алуы қажет» делінген



бет4/22
Дата09.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#33097
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ТУЫНДЫ ҰҒЫМЫ

Жұмыстың міндеті:

1) оқушыларда функцияның туындысы ұғымын қалыптастыру мен меңгертуді жүйелеу;

2) функцияның туындысының бар болуының қажетті шартын талдау;

3) функцияның туындысын оқып-үйренудің жалпы математиканы оқып-үйренгенде алатын орнын көрсету;

4) функцияның туындысын есептеудің тәсілдерін көрсету.

Жұмыстың зерттеу нысаны: «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқып-үйренгенде оқушыларға функцияның туындысы ұғымын және туындыны қолдануды үйрету.

Ғылыми ізденіс әдісі:


  1. Педагогикалық, математикалық және басқа да әдістемелік әдебиеттерге, тақырыпқа байланысты ғылыми мақалаларға талдау жасау.

  2. Педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау.

  3. Педагогикалық озық технология әдістерімен танысып, оның элементтерін пайдалану.

Ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелер: Функцияның нүктедегі туындысы және аралықтағы туындысы ұғымдары тыңғылықты және тиянақты талданды; туындыға қатысты негізгі теоремалар мен қағидалардың тұжырымдамаларында берілген шарттардың әрқайсысының алатын орны талқыланды. Функцияның туындысы ұғымының мектеп математика курсында алатын орны және туындының мектеп математика курсы көлемінде негізгі қолданылулары толық талданды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және 29 аталымды қамтитын қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады; көлемі 48 бет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет