Кіріспе
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
“Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми – практикалық “Дарын” орталығы құрылды. Осыған орай “Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы” нормативті – құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата – аналарға, “Дарын” орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі – басты парызымыз.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д.Хебб; Г.Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіредіФ.Галтон мен конс. Жоғары қабілетінің тұқымқуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер (А.Бэн, В,Вундет, Д,Милль, Т.Спенсер, Т.Циген) ой-өріс дарындылығын диагнстикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады.
А. А. Леонтьев, О. Н. Овчиникова, Ю. Б. Гиппенрей, К. А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерінде жариялады.
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан математика сабақтарында дарынды балаларды оқыту мен мұғалімнің міндеті жайлы мәселелер диплом жұмысымыздың тақырыбын “Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі мен мұғалім ролі” деп таңдауымызға себепші болды.
Диплом жұмысының мақсаты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстьарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау.
Диплом жұмысының міндеті:
Дарынды балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Дарынды балаларға тәрбие мен білім берудегі мектептер тәжірибелерін жиыстыру.
Дарынды балалар мен жүргізілетін жұмыс бағыттарын анықтау және олардың өзіндік ерекшеліктерін мазмұндау;
Зерттеу пәні: Математика ( 4 - сынып)
Зерттеу объектісі: Математика сабақтарындағы оқушылардың дарындылық қабілеттері.
Әдістері: Психологиялық – педагогикалық, ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттерді жиыстыру, талдау, сұрыптау, мектеп тәжірибелеріне талдау жасау, анализдеу.
Дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу және мұғалім рөлі.
1.1. Дарынды балалардың жеке тұлғаларын есепке алуда қойылатын педагогикалық талаптар.
Адамзам еншісіне ғана тиісті тәрбие мен білім беруде еліміздің интеллектуалды, шығармашыл потенциалын дайындау, дарынды балалардың жетілуіне жағдай жасау қазіргі заманымыздың экономикалық және әлеуметтік факторы болып отыр.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде мұндай мысалдар көп. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды адамдардың өміріне бір сәт көңіл бөлсек., дарындылығымен жас кезінен көзге түскен.
Германияның любектік төрт жасар дарынды баласы Кристиан Гейнрих Хейнекеннің дарындылығы жұртты таң қалдырды. Ұстазы Кристиан Фон Шенах жазған “Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі” деген кітабы дарындлы бала туралы жазылған алғашқы кітап болды.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың 4 амалын мен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады және мыңнан астам латын мәтелін білетін болған. Гейнрихтың даңқы әлемге жайылады. Дарынды баланы Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды бала төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған. Сол сияқты Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазған. Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын грек тілдерінде өлең хазатын болған. Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты. Сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері бар. Мәселен, Д. Байрон, Н. Дарвин, В. Скотт бала күндерінде түк білмейтін болған екен. Олардың көпшілігі өз уақытын бос өткізген. Олар өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинаумен айналысқан.
Дарынды балалар Қытай тарихында да жиі кездесіп отырған. “Ертедегі Қытайда дарынды балаларды, “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған. Киелі балаларға байланысты ең ертедегі жазбалар Чуньцю Чжанго дәуірінде (б.д.б. 770 – б.д.б. 221) кездеседі. Үш патшалық дәуіріндей атақты қолбасшы ЦаоЦао-өз перзенті Цао Чуннің тапқырлығына таң қалады. 5 жасар бала сыйға тартқан пілдің салмағын өлшейтін таразы таба алмай тарығып жатқанда, “Алдымен пілді қайыққа салыңдар, онан соң орнына тас салып, оны бөліп өлшесеңдер тілдің салмағы шығады” дейді. Сөйтіп Цао Чуннің тіл өлшеген әңгімесі ауыздан ауызға тарап, жұрт 5 жасар баланың талантына таң қалады.
Қазақ халқының да біртуар ұлдарын аса қабілетті, дарын иесі деп айтуға болады. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уәлиханов та аз ғұмырының ішінде адамзаттық ғылымға баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет, тіл, география публицистика мен жазушының өнерде өзін жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан жөнінде С. Мұқанов былай деп жазды: “Аз өмірінде осынша тығыз, зұлымдықпен арпалыса жүріп, атқарып үлгерген еңбегінде қисап жоқ… Шоқанды … 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында өлген Добролюбовтың қатарын қобға болады. Шоқан да солар сияқты: шын мағынасында данышпан, шын мағынасында дарын иесі. Атақты күйші Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған.
Бұл ұлы тұлғаларды өзге адамдардан ерекшелендіріп тұрған дарындылық емес пе?!
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, оңай өзгеруі) байланысты болып келеді. Олоай болса, нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Ал Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғаттан берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Сонымен біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны идарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен әдістеме саласында көптеген “тар жол, тайғақ кешулерден” өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты “өнер мен кернеген сезімінен туындайды” деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде “маған көмекке әрдайым мейірімді перім-гений келеді” деген екен.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы ұрпақтан ұрпаққа берілетіні сөзсіз.
Ф. Гальтон әлемге әйгілі, дарынды тұлғалар өмірнамаларын таладй оытрып, дарындылықтың тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс әлемдік өтпес даңққа бөленген әйгілі неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың арғы атасы В. Бахтың ерекше қабілеті болғанын айтады. Ал Абайдың ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Осыны негізге ала отырып Канада ғалымы Д. Хебб “генотиптік интеллект” деген ұғым енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, “фенотиптік интеллектіні” құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісінен анықталады. Д. Зеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 – тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осылан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) – бұл мәдени - әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80%-і генотиптік құрылымға байланысты.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жинақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы, “қатып қалған интеллектіні” жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50%-і ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы Г. айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай тұжырымдайды: “Термометрді алғаш ойлап тапқан ғалымды жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды… Түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе. Сөйтіп Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдады ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Милль, Г. Спенсер, Т. Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау ерекшелігін есепке алуда осы қасиеттерге баса назар аудару керек.
Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің, танымның ең жоғарғы формасы. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Дарынды балалар өзге балалардан ойының кеңдігі, арамдылығы, ұшқырлығы, дербестігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы сапалары айқындалады. Тіл мен ойдың бір-бірімен байланыста болатынын халқымыздың: “Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде” деген мақалы дәлелдей түседі”.
Ойы кең дарынды бала еркін ойлайды. Мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Дарынды балалардың ойын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесінің маңызы зор. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы күрделі дамудан өтеді. Осы кезеңде дарынды балалардың ойлауын дамыту үшін мұғалім мынадай шаралар жүргізуге болады:
Балаларды белгілі ережелер жөнінде өз бетінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін сабақта эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыру қажет.
Баланың сөйлеу қабілетін дамыту, оның ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
Ойлау қабылдау мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушыны сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына жағдай жасау керек.
Дарынды бала кеңінен ойлайтын болғандықтан бір мәселені бірнеше жолдармен шешуге бағыттап отыру керек.
Баланың логикалық ойын, шығармашылық ойын дамыта алатындай мүмкіндіктерді пайдалану керек.
Дарынды оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту үшін олардан ойланып-толғануды қажет ететін проблемалық ситуация тудыру қажет. Сол ситуацияға оқушы өзін қатыстыра отырып немесе терең ойланудың нәтижесінде шешімін табады. Сұрақ қою оны дәл тұжырымдау, мәселені “ойда ұстай білу” сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу. Жорамал жасау т.б. ойлау процесінде мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Дарынды балалар жеке тұлғаның ерекшелігінде зейіннің алатын орны зор. Зейін туралы орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский былай дейді: “Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыс есігі болып табылады, егер ол есікке ілімнің бірде-бір сөзі с оқпай өтсе, онда баланың санасында еш нәрсе қалмайды. Демек, зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Бала әрекетінің кез –келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Дарынды балаларда ырықты зейін басым болады. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Бұл зейін түрі құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдық санада тез бейнеленуін, сөйтіп қабылдау процесінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді. Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқарумен көрінеді.
Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау процесстері арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушы зейінін өзіне бағындырмаса, оның сөзі оқушы көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда зейінсіз өткенсабақ, өзінің мақсатына жете де алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының үйке жүйесі әлі де болса қатая қоймағандығын ескеру қажет. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр жеңілдегі әртүрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру сияқты мәселелер зейін тәрбиесінің басты шарттарының бірегейлері. Дарынды балалардың байқағыштығын арттыру – оның ой-өрісінің жоғары болуына септігін тигізеді. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі – ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастыру керек.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін, қимыл – қозғалыстарды, ерік-амалдары, немесе ерік деп атайды. Яғни, ерік адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Адам өз қажеттіліктерін өтеу барысына қимыл-қозғалысқа түседі. Ол қозғалыстарды екіге бөлуге болады: бірі-ерікті қозғалыстар, екіншісі – еріксіз қозғалыстар. Ерікті қозғалыс мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Ал еріксіз қозғалыстар мақсат қойылмайтын қозғалыстар, яғни көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.с.с. Еріксіз қозғалыстар тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Оқушылардың дарындылық дәрежесінің артуы білімдер мен ептілік дағдыларын игеруге тікелей тәуелді болады. Дарынды балаларға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте, оқуда шаршап шалдығуды білмейді, басқа балалармен салыстырғанда интеллектілік деңгейі анағұрлым жоғары. Сол себептен де дарынды оқушыларды дамытуда олардың ерік-күшіне де көңіл бөлінуі керек. Нағыз ерік - саналы тәртіп бар жерде ғана көрініп отырады.
Дарынды балалар айнала қоршаған дүниені танып-юілуге күш-жігерін жұмсайды. Қоршаған дүние тиісті бір объектіге зейінін аудару, түйсіну, қабылдау арқылы санасында бейнеленеді. Белгілі бір объектіге зейінін аударады. Оны түйсіну нәтижесінде ол туралы мәлімет алады. Демек, қабылдайды да. Дарынды балалардың қабылдау ерекшелікетеріне көңіл бөлу керек.
Қабылдау – зат пен құбылыстың барлық қасиеттерінің біздің миымызды толық бейнеленуі. Қабылдау процесінде жеке элементтер бірігіп бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріледі. Қабылдау – түйсіктердегідей бір ғана анамезатордың қызметі емес, бірнеше анализатордың өзара байланысып жұмыс істеуінен болады. Кейбір оқушылар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударады. Ал дарынды оқушылар сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты етіп түсіндіре алады. Кейбір оқушылар затты тұтастай қабылодай алмайды, немесе нәрсенің жеке жақтарын қабылдай алады да, оның тұтас зат екенін ұмытады. Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады. Дарынды балалардың қабыладу санасында мұндай қателіктер кездесе бермейді. Баланың белсенді қабылдауын дамыту керек. Байқаудың белсенді жүріп отыруына “Сезім мен қызығу” жақсы әсер етеді. Бала бұрын қабьылдаған заттар мен құбылыстарының бейнесін санасында қайтадан бейнелетеді. Олар болса бұл ес процесінде бейнеленеді.
Есте ұстау (сақтау) дегеніміз – естіген, көрген, оқып-білген, өз өмір тәжірибесінде өткерген дүниелердің мерзімді уақыт өткен соң адамның санасында қалуы, қайта жайңғыртылып бейнеленуі. Оқу жұмысы – оқушының саналы ақыл-ой әрекеті. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда ғана еске сақтау саналы да ұзақ болады. Оқушы білім - дағдыларының саналы да тиянақты болуын қамтамасыз ету үшін мұғалімге қойылатын талаптың бірі – есте сақтау процесінің физиологиясын білу. Есте сақтау ми қыртысында уақытша байланыстардың пайда болуына байланысты. Есте сақтау арнайы есте сақтау және еріксіз есте сақтау болып екіге бөлінеді. Арнайы есте ұстау арнаулы әдіс-тәсілдерді қажет етеді, оны тоздыратын тиісті мотивтер болады. Қандай да объектіні әдейілеп есте сақтау үшін тиісті шарттар орындау керек.
Айналадағы өмірдің түрлі көріністері ешқандай амал-тәсілсіз, сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Бұл еріксіз сақтау деп аталады. Дарынды балалар есінің дәлдігі жөнінен ажыратылады. Естің дәлдігі – ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті. Сонымен бірге дарынды балалар есте қалдырудың ұзақ, қысқалығымен де ажыратылады. Оқушылардың есте сақтауы болашақтағы білімді, саналы, еш кедергісіз қабылдауына ықпал етеді. Есте сақтаудың түрлілілігіне қарай оларды былай жіктеуге болады:
Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыруы жақсы, есте сақтағанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар;
Есте баяу сақтағанымен ұмытпайтын оқушылар;
Есте тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар;
Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар;
Біріншісі орынды балаларға тән қасиет. Оқушылар оқу материалын жаттап алады, бірақ оның мағынасына тсінбейді. Сондықтан есте сақтау үшін түсініп оқу қажеттігін ескеру керек. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте сақтауға бағыт беру, мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі.
Бұл аталған таным процестері оқушы дарындылығын диагностикалау үшін есепке алынатын талаптар.
ХХ ғ. басында ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әртүрлі өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық – интеллектіден өзгеше оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілет деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық дегеніміз – ол белгілі бір бағытта ерекше қабілетті таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін яғни интеллектіні құрайды. Дегенмен іс-әрекеттің әр – алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті мен психиканың одан да күрделі ерекшеліктері жаңа ұшқыр ойлармен идеяларды туындату және қисыны көп стандлартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХғ. 50-60 жылдары “креативтілік ұғымы” “интеллект ұғымының” дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындылысақ дарындылық тұлғаның жалпы, интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ол өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше ақындардың біразы сурет қолөнермен қосымша шұғылданып жақсы туындыларымен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы универсалдық тұрғыдан қарастыру жөн. Ал уақыт өтісімен тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |