Бала бойындағы қабілеттерді бақылау.
Оқушыны алдымен қабілетіне қарап сыныптан шартты түрде даралау керек. Бұл даралауда құпиялық сақталады. Ол оқушының зерттеу объектісінде өзі де, сыныптастары да білмеуі керек, яғни, бақылау табиғи түрде жүргізілуі керек. Оның сыныпта тапсырмаларды орындаудағы белсенділігі, ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты жылдам меңгеруі, үй тапсырмасын орындағандағы тиянақтылық қайталау сұрақтарына мүдірмеуі т.с.с. есепке алынады. Зерттеу жүйелі жүргізуді талап етеді.
Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекетіне бақылау жүргізеді.
Әдіс шарттары:
Байқау ұзақ мерзім жүргізіледі:
Мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы есеп шығаруда неге мән береді;
Бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі;
Әңгімелесу. Мұнда алдын-ала жоспарланған сұрақтар мен қатар жанама сұрақтардың ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып, отыру керек.
2. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.
Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.
2.1. Есте сақтауы.
Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болуы керек. Аралығы жарты секунд әр сөз тек бір рет айтылады. Жауапты балмен қорытындылайды. 16 түрлі сурет көрсетіледі, 30 секундтан кейін оларды алып тастайды. Бала суреттерді еске түсіріп айтып беруі керек. Жауапты балмен қорытындылайды.
2.2. Көзьбен шалып анализ синтез жасау.
4 суреттен береледі. Олардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Баллдық жүйемен бағаланады.
Көзбен салыстыру. Бірінші екіге бөледі. Оның біреуіне өзара сәйкестігі бар екі сурет салынады. Мысалы, ит кшһүшігімен. Екіншіне жалқы сурет салынып, сұрақ белгісі қойылады. Мысалы үйрек, әтеш, балапан, күшік. Бала сұрақ орынына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстыруларды әр түрлі тақырыптан алған дұрыс.
2.3. Сөзден тікелей анализ синтез жасау.
4 – 5 сөз айтылады. Олардың ішінен басқалармен сәйкестігі жағын алап тастау керек.
Салыстыру. Біріншіден екі сөз айтылады. Мысалы: сағат, уақыт. Екінші, бір сөз айтылады. Мысалы: градусник - ? содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі. Мысалы : әйнек, сырқат, төсек, температура, дәрігер.
2.4. Ойлауы.
5 тен кейін қай сан тұруы керек? 1,3,5, ….? 4, 6, 7.
Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ, айтылатын сөздерде 2 – 3 әріпке айырмашылық болсын.
2.5. Пікіріндей дәлдік толықтық жүйелеілік.
Сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы ескеріледі. Дарынды балалардың жеке ерекшеліктері анықталып болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құрылады. Осы жоспарды басшылыққа ала отырып, әр түрлі жұмыстар жүргізіледі:
Мұғалім сабақ өтетін сынып бөлмесін шеберханаға айналдыра отырып, дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтарда дарынды оқушыны әр сабақ сайын дайындап отырыу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.
Пәндік олимпиадалар, байқаулар, клубтар, секциялар дарындылықты дамытудың бір тәсілі.
Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру; оқу бағдарламасын жасау; жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетіндік білім алуға жетелеудің негізі. Мұғалім тапсырманы оқушының алған білімін жаңғыртаты, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құруы керек. Таппсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болуы қажет. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.
Оқушының жеке қабілеті дамуы үшін мұғалімге біріншіден, жаңа материалды мүмкіндігінше ықшамдап, өнімді әрі балалардың қабылдауына жеңіл ақыл-ойына қонымды болу жағын қарастыру шарт.
Екіншіден меңгерілуге тиісті материалдың сыртқы жағдайларын, түйінді жерлерін мұғалімнің басшылығымен оқушылар өздері ашып көрсетіп, олардың психологиялық жағынан дамып, жетілу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізу керек. Мұндай міндеттерді жүзеге асыруда П. Я. Галпериннің әдіс-тәсіліне сенуге болады. Бұл сабақты мынадай үш түрмен өтуге болатынын анықтаған. 1. Оқытуды нұсқаусыз, түсіндірусіз жүргізу. Мұндай сабақтарда оқушылардың қателесуі әбден мүмкін. Бірақ сол қателерін өздері түзетіп, оқу материалының мәнін, мақсатын дұрыс меңгеретін болады.
3. Оқытуды ойдағыдай жүргізіп, межеленген тиісті материалдардың мазмұны мұғалімнің басшылығымен оқушының өздеріне шештіріледі.
Бұлар оқытудағы ең өнімді әрі негізгісі болып табылады. Оқытудың осы үшінші түрінде оқушының өзіндік іс-әрекеттері және олардың ақыл-ой белсенділігі есепке алынады.
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдерге талап та жоғары деңгейде болуы керек. Олармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыруда кәсіптік қабілетіне зор талап қойылады.
Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест, бағдарлама құра білу.
Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.
Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу.
Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті таңдаудағы ептілік.
Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.
Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.
Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.
Міне, осы аталғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, таланттты, дарынды оқушылар жетіле түседі. Осы орайда
ата-ана мектеп оқушы ұстаз байланысының жоғары болғаны абзал.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыру керек. Олар озат мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми практикалық конференцияларға қатысады. Өз мамандығына байланысты және жаңадан шыққан түрлі әдістемелік еңбектерді үнемі оқып зерттейді, тиімді етіп пайдаланудың әдістерін, сара жолдарын іздестіреді. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады.
Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде озат педагогикалық тәжірибенің маңызы зор.
Озат педагогикалық тәжірибе – білім беру мен тәрбиелеу саласында өзіндік ерекшелігі бар, оқу процестеріне енгізетін жаңаша әдіс-тәсілдері бар, үздік педагогикалық тәжірибе әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады. Озат тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгізе қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Мұғалім озат педагогикалық идеялар және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп отырады. Озат педагогтар (Ш. А. Аманашвили, П. И. Иванов) мен мұғалімдер (В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Ильин, М. П. Шетенин) оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Қазіргі кезде білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, үлес қосқан республикамыздың жаңашыл мұғалімдерінің (Қ. Н. Нұрғалиев, Н. Р. Бекенқызы, А. М. Ысқақов, Г. М. Курбатов, Қ. Бітібаева) идеяларымен озат тәжірибелерін қолдану балалардың сана-сезімін дамытудың, дарындылықты арттырудың басты көзі болып отыр. Қазіргі кезде білім беру саласына өзгерістер енгізілуде. Бұл өзгерістер педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселесіне де септігін тигізуде. Осы орайдағы басты мәселе – мұғалім шығармашылығын дамыту дәрежесі. Педагогикалық шығармашылық – бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру. Педагогикалық шығармашылық мұғалімнің жасампаздығын еншілейді.
Жасампаздық – мұғалімнің шындықты қайта құрудағы жаңа іс-әрекеті. Педагогикалық жасампаздық – мұғалімнің қасиеті емес, ол үлкен ізденіс пен еңбектің жемісі болып табылады.
Қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс жасауда мұғалімнің жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың маңызы зор. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
“Педагогикалық технологияға – В. Л. Беспалько – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба” – деген анықтама берді. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |