Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу əдістері Lesson Objectives



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.11.2022
өлшемі206,72 Kb.
#50445
1   2   3   4   5
Байланысты:
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар222

математика апталығын өткізу. Математикалық апта оқушыларды пəнмен 
қызықтыратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге, 
шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер 
туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды. Ұйымдастырылған апталық 
жəне оны дұрыс өткізу маңызды оқу–тəрбие мəселелерін шешуге мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, 
математиканың практикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың 
дағдыларын дамыту жəне олардың тəрбиелеу үмкіндіктерінің пайда болуы 
сөзсіз. Бұл шараларға дайындалу жəне оны өткізу барысында математика 
мұғалімдерінің педагогикалық біліктілігі көтеріледі жəне де оқытушы мен 
оқушылардың арасында, сондай–ақ жалпы мектеп педагогтары мен 
оқушылар ұжымдарының арасында да өте тығыз жəне емін–еркін 
шығармашылық 
байланыстар 
қалыптасады. 
Жұмыс 
мектеп 
математиктерінің əдістемелік бірлестігінің апталық өткізу туралы 
шешімімен басталады. Апталықты өткізу үшін алдын ала математика 
мұғалімдері мен бірнеше оқушылар кіретін ұйымдастыру тобы құрылады, 
ұсыныстар мен мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, 
əр сала бойынша жауаптылар тағайындалады, барлық дайындық жұмысы 
істелініп бітетін ең соңғы мерзім белгіленеді. Апталықты ұйымдастыруға 
сынып жетекшілері, пəн мұғалімдері, ата–аналар жəне т.б. көмек көрсете 
алады. 
Математикалық апталықтың мазмұны барынша мектеп оқушыларын көп 
жұмылдыратындай түрлі–түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен 
қызығушылығын жетілдіруге себеп бола алады. Апталыққа дайындалу 
барысында оқушылардың ізденімпаздығы мен ынталылығын білдіретін іс-


əрекеттерге барынша мүмкіндік жасау керек. Даярлық кезінде оқушыларға 
жеке немесе ұжымдық тапсырмалар беріледі. Мəселен, қабырға газетін 
шығару, қолжазба журнал шығару, стенділер даярлау, көрнекі құралдар 
көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беруге болады. 
Əдетте, математикалық апталық альбомдар, қабырға газеттерінің 
сайысынан 
басталып, 
математикалық 
ойындар, 
жарыстар 
мен 
олимпиадалар өткізумен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, 
оларға жүлде тапсырылады.
Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады. 
1. Конференция( математикаға қатысты кез келген тақырып) 
2. Үйірме ( critical thinking) 
3. Mатематикалық сайыс.
4. математикалық олимпиада.
5. 
Қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар жарысы 
жəне т.б.
6. 
Математикалық кеш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет