Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу əдістері Lesson Objectives


Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.11.2022
өлшемі206,72 Kb.
#50445
1   2   3   4   5
Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқушылардың 
математикалық білімдерін одан əрі тереңдету, қабілеттерін дамыту
математиканың əр алуан қолданымдарын көрсету, олардың пəнге ынтасын 
арттырып, кəсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың 
факультативтік сабақтары орта мектептерде арнаулы сыныптарға енгізіліп, 
оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын 
алады. Факультативтік курс математикаға ынталы, пəнге ықыласы мол, 
өзінің математикалық мəдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой - өрісін 
кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған. Факультативтік сабақтарды 
оқытудың əдістері мен тəсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын, 
оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға 
ынта – ықыласын ескеру керек. Сонымен бірге олардың ой - өрісі мен 
дербестігіне де назар аударған дұрыс. Əдетте факультативтік курстардың 
дəріс, əңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша əдебиет бойынша 
тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, 
экскурсия үйымдастыру сияқты формалары мен əдістері кең 
пайдаланылады. 
Факультативтік курстың кейбір материалдарын дəріс түрінде өтілуі мүмкін. 
Мұндағы мақсат – оқу материалының ішінен ең өзектілерін баяндау
есептер шешудің ең нақты əдістерін көрсету, оқушыларға материалды 
өздігінен оқып үйренудің жолын нұсқау. Дəріс сабақтарында оқушылардың 
тыңдау жəне ой түю машықтарын шыңдауға бағытталғаны пайдалы. Дəріс 
барысында оқушылармен жеке мəселелер бойынша, қайсыбір ұғымының 
тууы, оны дамытуда белгілі бір ғалымның қосқан үлесін, проблеманың есеп 
түрінде қойылуын қысқаша əңгімелеудің рөлі зор. 
Факультативтік курстың маңыздылығын арттыру жолдарының бірі – 
практикалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін білімді іс 
жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең алдымен 
оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу тəртібімен 
таныстыруы, қажетті нұсқаулар беруі тиіс. Берілетін практикалық 
тапсырмаларды жеке ерекшеліктеріне қарай берген дұрыс, ал жұмыс 
нəтижесін күллі топтың қызметі ретінде бағалау керек. Мəселен, 
«Көпжақтар» тақырыбы бойынша практикалық жұмыс жүргізгенде 
көпжақтардың эскизін, олардың жазбалары мен модельдерін салу керек. 
Дұрыс көпжақтардың модельдерін əр оқушы жеке, ал күрделі көпжақтарды 
2-3 оқушы бірлесіп орындағаны дұрыс. Мұның өзі ұжымдық еңбекке 
баулиды. Факультативтік курстың материалдарын терең игеру жолдарының 
бірі – күрделі есептерді эвристикалық жолмен шығару. Алайда, есептерді 


оқушылардың ынта – ықыласына сай іріктеп алса, оның тиімділігі арта 
түспек. Алдымен даярлық есептер оқушылардың өздігінен шығармашылық 
қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет