қамтиды жəне мұнда қысқаша хабарламалар, викториналар, математикалық
жұмбақтарға кең орын беріледі.
Математикалық олимпиада оқушылардың математикалық білімінің
артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын, қызығушылығын,
білімге құштарлығын тəрбиелеуде жəне олардың білімдерін тереңдетуде
үлкен рөл атқарады. Олимпиадалық есептерді үнемі шығару арқылы
оқушылардың өзіндік жұмыстар жүргізуіне, ғылыми көпшілік
əдебиеттерді пайдалана білуге бейімделіп, білім–білік дағдысы артады.
Математикалық олимпиада математиканы оқытудың жалпы деңгейін
жақсартады, оқушылардың алған білімінің сапасының артуына
мүмкіндіктер жасайды.
Математикалық олимпиадалар – дайындығы неғұрлым жоғары
оқушылармен жүргізілетін жарыс. Мұнда белгілі табыстарға жету үшін
алдын ала даярлық жұмысын жүргізген жөн. Мəселен, алғашқы кезеңде
бұрынғы олимпиадада пайдаланылған
есептер мен жаттығулардың
мазмұны ілінеді жəне сол есептер мен жаттығулар бойынша ұдайы кеңестер
жүргізіледі.
Сонымен
бірге,
жалпы
мектептік
математикалық
олимпиадаларға оқушыларды дайындау кезеңінде арнайы қабырға газетін
шығарып, бұрынғы олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен сұрақ–жауап
кешін ұйымдастыруға болады. Оқушыларды бұрынғы жылдардағы
олимпиада есептерінің шешілу əдістерімен таныстыру олардың жалпы
математикалық білімін жəне жергілікті жердегі олимпиадаға дайындығын
жақсартады. Тапқырлықты талап ететін əр түрлі есептерді шығарған
оқушылардың кеңістік түсініктері, абстрактілі ойлау қабілеттері арта
түседі. Оқушыларды олимпиада есептеріне
қызықтыру математика
мұғалімдері үшін оңай жұмыс емес. Сондықтан, ең алдымен сыныпта
өткізілетін математика сабақтарының сапасын арттырған жөн. Дұрыс
ойластырылған, ғылыми жағы басым,
математикадан жұргізілетін
сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды есеп шығаруға қызықтыратыны
сөзсіз. Олимпиадаға дайындықты төмен сыныптан бастап оны үзбей
бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Онда жүйелі түрде бүкіл
математиканың мектептік курсының қиындау жəне бағдарламада аз
қарастырылатын тарауларынан, өзіндік ақыл – ой күшін қажетсінетін
есептерді əр жылға бөліп шығартуға болады. Олимпиада есептері мазмұны
жағынан əр алуан болады. Алғашқы жылдардағы
жаттығу есептерінің
қиындығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек. Дайындығы аз
оқушылардың математикаға деген сенімін жоғалтпау үшін ең болмаса бір
оңайлау есеп алу керек. Ал қалғандары сынып ерекшелігіне қарай əр түрлі
қиындықта болғаны жөн. Олимпиада жүлдегерлерін мектеп басшыларының
қатысуымен мадақтау, сыйлықтар беру оқушыларды ынталандыратын
тəрбиелік мəні бар іс. Олипиаданың келесі турына алғашқы турында