10-есеп. Киіз үй.
Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі
– кереге, күмбез сырғауыл – уық, жартылай сфералы төбесі – шаңырақ, есік құрайды. Киіз үйдің керегесі бірнеше бөлек бөліктерден – қанаттардан құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты және т.б. болып бөлінеді.
13-кестеде алты қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал төрт және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген.
13-кесте – Киіз үйдің мөлшерлері
№
|
Атауы
|
|
Қанатының саны
|
|
|
|
4
|
6
|
10
|
1
|
Ауданы (кв. м.)
|
2,05
|
32
|
3,8
|
2
|
Диаметрі (м)
|
20
|
6,75
|
3,75
|
3
|
Уықтың биіктігі (м)
|
66
|
2,7
|
10,1
|
4
|
Уықтар саны (дана)
|
2,28
|
96
|
77
|
5
|
Ортасының биіктігі (м)
|
5,1
|
2,95
|
158
|
1-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, төрт қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.
Жауабы: _______
2 -сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.
Жауабы: _______
Одан әрі қарай түрлер мен деңгейлерге бөлінбеген тапсырмалар келтірілген.
11-есеп. Бояу.
Бөлменің төбесі 35-суретте бейнеленгендей ортасы ақ эмульсиямен, шеттері жасыл эмульсиямен боялған.
1-сұрақ. Шеттерінің ені қандай болады?
Жауабы: _______.
2-сұрақ. Ақ эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша?
Жауабы: _______.
3-сұрақ. Жасыл эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша?
Жауабы: _______.
35-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |