Математикалық сауаттылық 1-есеп



бет9/11
Дата15.12.2023
өлшемі295,93 Kb.
#139599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика пиза тапсырмалары (4)

13-есеп. Фигураның ауданы

18-суретте фигура берілген.



18-сурет


1-сұрақ . Егер дөңгелектің радиусы 2,5 см, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы дөңгелектің радиусынан 0,5см және ені ұзындығынан 0,7 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?

Жауабы: ______ .
2-сұрақ. Егер тіктөртбұрыштың ені 1,4см, ұзындығы енінен 3,8 см-ге артық, ал дөңгелектің радиусы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 0,8 есе артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?

Жауабы: ______ .

14-есеп. Жер телімінің ауданы.

Периметрі 48 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді сегіз бірдей бөлікке бөлінген.



1-сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?

Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай? Жауабы: ____ .
4-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____ .

5-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер телімінің ауданына қарағанда қанша кем?

Жауабы: ______ .

15-есеп. Фигураның ауданы

19-суретте жарты дөгелектен, шаршыдан және тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштан тұратын фигура берілген.



1-сұрақ. Егер дөңгелектің радиусы 7,5 см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?

Жауабы: ______ .


2-сұрақ. Егер шаршының диагоналі 2√2 см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?



Жауабы: ______ .

3-сұрақ. Егер тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 20,25 см2 болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
16-есеп. Жер телімінің ауданы.

Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.



1-сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?

Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?

Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?

Жауабы: ____ .

4-сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және ең үлкен саны қандай?

Жауабы: _______ .
17-есеп. Фигураның ауданы.

Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).


20-сурет


1-сұрақ. Боялған фигураның ауданы неге тең?
Жауабы: ________ .

2-сұрақ. Боялған фигураның өлшемдері қандай?
Жауабы: ________ .
3-сұрақ. Боялған фигураның периметрі неге тең?
Жауабы: ________ .
4-сұрақ. Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан қанша пайыз кем?

Жауабы: ________ .

23




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет