Математикалық сауаттылық


Жауабы: 1) 5 олар, А, В, С, D, E.  2) А мен С , А мен D , А мен E, B мен D, B мен E.  Мысалы



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата02.02.2023
өлшемі2,13 Mb.
#64534
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Жауабы: 1) 5 олар, А, В, С, D, E. 
2) А мен С , А мен D , А мен E, B мен D, B мен E. 
Мысалы, А пунктінен В пункітне шыққан жаяу адамның қозғалысы 
бейнеленген график берілген. Жаяу адам сағатына неше километр жүрді?
Шешуі: Графикте 15 минутта 1 км жүретінін байқаймыз, онда 60 
минутта немесе 1 сағатта 4 км жүреді.
Жауабы: 4 км
Мысалы, халықаралық жарыста спортшылардың спортты 4 түрі бойынша
жетістіктері 2:3:2:5 қатынасындай. Көрсеткіштердің қатынасын тура
көрсететін диаграмманы ұсынылған диаграмманы таңдаңыз.
 
Шешуі: Қатынастардың қосындысы 2+3+2+5=12. Екеуі теңдей бөлінген. 
Диаграммаларға мұқият қарасақ, сәйкес келетін 3-ші диаграмма. 1) –де бір
спорт түрінде жартысынан көбі сәйкес келіп тұр. Олай болмайды, себе
қатынаста 6- дан үлкен сан жоқ 2) –де және 4)-те төрт түрлі бөлікке
бөлінген.
Жауабы: 3 – диаграмма.
1.8. Диаграмма,график және кестелер байланысты есептер шығару 
№1. Суретте  уақытқа тәуелді екі азық - түлік дүкеніндегі сатып 
алушылардың саны көрсетілген. Екі дүкенде қосындысы ең үлкен болатын 
қанша сатып алуыш болды?


 
 
 
Шешуі: Тігінен сатып алушылар, екі тор көз 50- ге тең, ал бір тор
көз 50 : 2=25- ке тең. График бойынша ең көп сатып алушылар екі дүкенде 
де сағат 18-де болған. 1-ші дүкенде 150, ал 2-ші дүкенде 175. Онда
қосындысы 150 + 175 = 325. 
Жауабы: 325 
№2. Суретте уақытқа тәуелді екі азық - түлік дүкеніндегі сатып 
алушылардың саны көрсетілген. Қандай уақытта дүкендерде ең көп сатып 
алушылар болды? Осы уақыттағы сатып алушылардың қосындысын 
табыңыз.
Шешуі: Тігінен сатып алушылар , бір тор көз 20- ға тең. График
бойынша ең көп сатып алушылар екі дүкенде де сағат 18-де болған, 1-ші
дүкенде 120, 2-ші дүкенде 140. Онда қосындысы 120+140=260. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет