Математиканы оқыту педагогикалық ғылым ретінде



бет2/9
Дата06.01.2022
өлшемі436,5 Kb.
#14132
1   2   3   4   5   6   7   8   9
БИЛЕТ № 2


  1. Математикалық есептердің классификациясы. 21 билет 1 сурак

  2. Комплекс санның тригонометриялық формасы. Комплекс сандардың дәрежесі. Комплекс сандардан түбір табу.

  3. Есеп.



БИЛЕТ № 3


  1. Математиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.

  2. Қысқаша көбейту формулалары. Ньютон биномы және Ньютон биномына байланысты формулалар.

  3. Есеп.


БИЛЕТ № 4


  1. Үздіксіз білім беру жүйесінде математикалық білім беру.


Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау жоғары мақсатты көздейді, инновациялық тұрғыда ойлайтын, мәдени көзқарасы дамыған, әлемге этникалық жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақ дайындау мақсаты 1995 жылдан бастап қолға алынып, қарқынды дамып келеді. Мұнда іс әрекеттің сан алуан аспектілері қамтылған: білім беру жүйесін дамыту стратегиясын жасау; білім берудің жаңа стандарттары мен базистік оқу жоспарлары, мамандарды дайындау мен оқыту бағдарламалары және т.б.

ҚР оқу бағдарламаларының үздіксіздік және сабақтастық принциптері негізінде құрылған білім беру жүйесі мына білім сатыларынан тұрады: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, орта, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі.

Қазіргі қоғамның дамуында математикалық білім берудің маңыздылығы мен оны ұйымдастыру мемлекеттік тұрғыдан қарастырылады.

Мббж үздіксіз ббж бөлігі болғандықтан, барлық ббж тән белгілер айқындалады. Сонымен қатар, математикалық бб оны жеке құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін өзіндік ерекшеліктері бар.

Елімізде математикалық білім жүйесінің ішкі жүйесіне мектепке дейінгі..... жоғарыдан кейінгі жатады.

ТиПО мектеп бағдарламасына сәйкес білім жүзеге асырылады.



Қосымша математикалық ббж бар. Олар курстар, факультативтер.

Білім берудің әр деңгейінде жеке тұлғаны дамытудағы математикалық білім берудің жалпы бағытымен қатар арнайы мақсаттары бар. Мектепке дейінгі білім беруде қарапайым математикалық объектілер мен баланың күнделікті өмірдегі қарым қатынастар туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде базалық білім мен білік, әсіресе есептеу дағдысы қалыптастырылады. Негізгі және орта білім беру деңгейінде қазіргі математикалық білім берудің жалпы базалық деңгейін беретін математикалық білімдер жүйесі қалыптасады. Орта кәсіби білім беру деңгейінде математиканы оқып үйренудің тереңдетілген деңгейі мен оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуды көздейтін математикалық білімдер жүйесі қалыптастырылады.


  1. Үшінші дәрежелі теңдеулерді шешу тәсілдері. Кордана формуласы.

  2. Есеп.


БИЛЕТ № 5


  1. Математикалық есептің анықтамасы және құрылымы. 21/1

  2. Безу теоремасы. Горнер схемасы.

  3. Есеп.


БИЛЕТ № 6



  1. Негізгі мектеп математика курсының оқу бағдарламасы, құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.



  1. Геометрияның аксиомалары және теоремалары. Геометрия курсын аксиомалар негізінде құру.

Аксиома берілген теорияның төңірегінде дәлелдеусіз қабылданатын математикалық сөйлем. Евклидтің бастамалар еңбегінде 14 аксиома берілген. Логикалық жолмен қалған тқжырымдарды беру үшін бұл аксиомалар жеткіліксіз болды. Лобачевскийдің евклидті емес геометрияны ашуына әкелді. Сөйлемнің қандай да бір математикалық теорияға тиісті болуы екі белгі арқылы анықталады: сөйлем берілген теория тілінде тұжырымдалып, жазылған математикалық және логикалық терминдер немесе символдардан тұрады; сөйлем ақиқат, өйткені берілген теорияда бастапқы сөйлем ақиқат болып табылады, немесе оның ақиқаттығы дәлелденеді.





  1. Есеп.



БИЛЕТ № 7


  1. Математиканы оқыту әдістерінің классификациясы.

Оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы білім, тәрбие, дамыту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған өзара байланыс тәсілдері.



  1. Білім көзі бойынша оқыту әдістері. Ауызша (баяндау, лекция, әңгімелеу), көрнекілік (демонстрация, иллюстрация, оқытудың техникалық әдістері) және практикалық (жазбаша жаттығулар, зертханалық жұмыстар).

  2. Оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейімен анықталатын оқыту әдісі. Оқушылардың репродуктивті, проблемалық іздеу және өздік жұмыстары жатады. Репродуктивті мұ,алім берген үлгісімен. Проблемалық оқытуды скаткин білімді проблемалық мазмұндау, оқушыны мазмұндаудың жеке кезеңдерінде іздеу әрекеттеріне баулу, оқытудың ізденіс әдістері деп бөлген. Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне проблемалық оқыту, эвристикалық әдіс, бағдарламалап оқыту әдістері жатады. Проблемалық оқытудың мәні-мұғалім проблеманы өзі қойып, өзі шешеді. Мұндағы басты проблема - теореманы дәлелдегенде оны қалай дәлелдеу емес, дәлелдеуді қалай іздестіру, іздестіруге оқушыларды қалай тарту мәселесі. Бұл әдістің негізгі жетістігі дербестікке, шығармашылық еңбекке, фактілерді бағалауға тәрбиелейді, проблемалық баяндау әдісін қолданғанда мұғалім-ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Проблемалық оқыту әдісі - математикалық білім беру үрдісінде мұғалімнің жетекшілігімен, оқушылар алдына қойылған проблемалық ситуацияны өз беттерімен шешіп, жаңа білім алу әдісі. Эвристикалық әдіске тән сипат - мұғалім мен оқушылардың арасында тура әрі кері байланыстың болуы. Мұның нәтижесінде метериалды сыныптың қалай игергенін байқауға кез келген оқушының, өз қабілеті мен инициативасын көрсетуге жағдай туғызуға, селқостар мен ынтасыздарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда берілетін сұрақтар жүйесі логикалық жағынан мінсіз, материалдық мазмұны мен дәлелдеуін түгел қамтуы тиіс және қысқа, әрі анық болуы керек. Сондықтан мұғалім эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындап алғаны жөн. Бағдарламалап оқыту әдісі - оқу материалын арнайы бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөліктерге бөлшектейтін және әрбір оқушының іс- әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын, сондай-ақ оқытылатын материалды меңгеру барысын ұдайы бақылауға көмектесетін дидактикалық жүйені түсінеді. Бағдарламалап оқыту, әсіресе компьютер көмегімен бақылау бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Қазіргі уақытта компьютердің көмегімен жоғары оқу орындарында студенттердің білімдерін тексереді және емтихандар өткізіледі.



  1. Төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу тәсілдері. Феррари формуласы.

  2. Есеп.



БИЛЕТ № 8



  1. Негізгі мектептің 5-6-сыныптарға арналған математика курсының мазмұны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет