1-тапсырма №3.37
Трапецияның бүйір қабырғалары13cм,37см, ал табандары 60см және 20см. Трапецияның ауданын табыңдар. (480cм2)
Дескриптор:
- трапецияның кіші табанындағы төбелерінен екі биіктік түсіреді;
- пайда болған тікбұрышты үшбұрыштардың трапецияның үлкен табанында орналасқан катеттерін айнымалы арқылы өрнектейді;
- тікбұрышты үшбұрыштарға Пифагор теоремасын қолданады;
- биіктіктерді айнымалылар арқылы өрнектеп теңестіреді;
- теңдеуді шешеді;
- трапецияның биіктігін табады;
- трапецияның ауданын табады.
2-тапсырма Ауданы 594 м2 болатын трапецияның биіктігі 22 м, ал табандарының айырмасы 6 м. Трапецияның табандарын табыңдар.
Дескриптор Білім алушы
- берілгенін қысқаша жазады;
- трапецияның ауданынан табандарының
қосындысын табады;
- табандарын бірін екіншісі арқылы өрнектейді;
- бір табанын табады;
- өрнектен екінші табанын есептейді;
- есептің жауабын жазады.
II топ .
1-тапсырма №3.38
Көршілес екі кіші қабырғалары6 см-ден, ал үлкен бұрышы 1350 болатын тікбұрышты трапецияның ауданын табыңдар. (54см2)
Дескриптор:
-берілгенін және сызбасын салады;
-биіктігінің кіші табанына тең екенін біледі;
-сызбаны қолдана отырып, сүйір бұрышын табады;
-трапецияның ауданы квадрат пен теңбүйірлі
тікбұрышты үшбұрыштың аудандарының
қосындысына тең болатынын анықтайды
- квадраттың ауданы мен тікбұрышты үшбұрыштың
ауданының формуласын қолданады;
-трапецияның ауданын табады.
2-тапсырма Трапецияның орта сызығының ортасы арқылы өтетін және табандарын қиятын түзу оны екі теңшамалы бөліктерге бөлетінін дәлелдеу.
Дескриптор:
-трапецияның сызбасын салып, табандары мен биіктігін белгілейді;
- есептің шарты бойынша түзу жүргізеді;
-трапецияның бөліктері үшін ауданының формуласын жазады және салыстырады;
-аудандардың теңдігінен бөліктердің теңшамалы фигуралар екенін дәлелдейді.
III топ.
1-тапсырма №3.45
Тең бүйірлі трапецияның табандары 24см және 40см, ал диагональдары өзара перпендикуляр. Трапецияның ауданын табыңдар.(1024см2)
Дескриптор:
-берілгенін және сызбасын салады;
-сызбаны қолдана отырып, табандарының айырымын табады;
-табандарының айырымын екіге бөледі;
- биіктікті жүргізеді;
- Пифагор теоремасын қолданып биіктікті табады
-трапецияның ауданын табады.
2-тапсырма Төмендегі тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |