Саралаудың "Топтасу"тәсілі арқылы топтық жұмыс: "Пирамида" әдісін пайдаланамын. Мақсаты: оқушылар формулалардың дәлелдеуін топта талқылайды, тұжырым жасайды.
Өткен сабақта трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең екені дәлелденіп көрсетілген. Сол білімдеріне сүйеніп 1 – топ: Теңбүйірлі трапецияның диагоналы перпендикуляр болған жағдайда ауданы диагоналының квадратының жартысына тең екенін, 2 – топ: Теңбүйірлі трапецияның диагоналы перпендикуляр болған жағдайда ауданы биіктігінің квадратына тең екенін, 3 – топ: Трапецияның орта сызығы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең екенін дәлелдеп постерге түсіреді.
Әр топ өздерінің постерлерін іліп басқа топтардың дәлелдеулерін көреді. Қатесі болса басқа түспен көрсетіп кояды. Оқушылар дәлелдеулер мен формулаларды дәптерлеріне жазып отырады
Дескриптор:
- трапецияның ауданы туралы теореманы дәлелдейді;
- трапецияның ауданы туралы салдарды
тұжырымдайды;
- диагональдары перпендикуляр теңбүйірлі трапецияның ауданын диагональ арқылы өрнектейтін формуланы тұжырымдайды;
- дереккөзді пайдаланып диагональдары перпендикуляр теңбүйірлі трапецияның ауданын дәлелдейді;
- диагональдары перпендикуляр теңбүйірлі трапецияның ауданын биіктігі арқылы
өрнектейтін формуланы тұжырымдайды;
-формулаларды символдармен жазады;
ҚБ. Топтар бір-бірінің постерлерін мұқият көріп шығып,«қол сигналдары» әдісі арқылы бағалайды. (өте жақсы, жақсы, орташа)
Жаңа тақырыпқа есептер шығару.
Саралаудың «тапсырма» тәсілі бойынша жеңілден күрделіге өту барысында «Партнер» әдісі. Әр топқа кеспеде жазылған деңгейлік есептер беремін.
Жеке жұмыс. Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әрбір топтың мүшелері өздерінің қабілет, қызығушылығына қарай деңгейлік тапсырмаларды топ ішінде "серіктес жұп" болып бөліп алады, шығарады, талдайды. Мақсаты: оқушылардың жұптасып дағдыларын дамыту, жұптасып жұмыс істей білуге үйрету, күрделілігі жоғары есептерде өзарара көмек көрсету, бірін-бірі оқытуға үйрету.
I топ.
|