І.2. Кішкене топтарда жұмыс істеу технологиялары
Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері қөбейе түсуде. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін таңдап алу -әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.
Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктік және модульдік болып бөлінеді.
1. Сызықтық – оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырады.
2. Тармақтық – оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат қөздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3 Адаптивті - өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдық күрделілік дәрежесін өзі таңдап, сөздіктер мен анықтамаларды (техникалық құралдарды, компьютер, т.б.) қолдана алады.
Оқыту технологиялары туралы айтылған және жазылған пікірлер өте көп.
Оқыту – күрделі процес, яғни оқытушы мен оқушылардың өзара әрекеті, қарым-қатынасы, оқушылардың ғылыми білімдерімен дағдыларымен қаруландыруға бағытталған, оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын, дүниетаным мен адамгершілік, әсемдік көзқараспен сенімді қалыптастыратын, шығармашылық қабілетті, дамытатын белгілі мақсат көздейтін процесс.
Оқыту процесінің құрылымыда өзгеріп бара жатыр. Оның мақсаты –жалпы және басты болып бөлінеді. Мұғалім оқу процесінің негізгі ұйымдастырушысы бола тұра, ол саналы түрде өз мақсатының нәтижесін көре білуі тиіс, яғни белгілі бір білім, іскерлік, дағдылардың жиынтығын беру, үйрету, ұғындыру және ақыл-ой күштерін дамыту. Сонымен бірге оқыту процесі барысында жеке тұлғаны дамыту, тәрбиенің жоғары дәрежесіне қол жеткізу де басты міндет болып табылады.
Оқыту процесінің басты мақсатының психологиялық- педогогикалық маңызы шығармашылық күш - қуатты арттыра отырып, ұйымдастыру, оқушылармен қарым-қатынас кезінде білім берудің тиімділігін арттыру, оқытудың жаңа тиімді әдіс- тәсілдері мен формаларын қолдану болып табылады.
Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұныда жаңартылып жатыр. Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше бірінші элементіне үлкен мән беруде, яғни білімге. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рол берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференсациялау арқылы өз таңдауына жол ашады.Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын мәселесі – әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез- құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интелектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс тастауы т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Педагогикалық технологияларды мазмұнына қарай жетілдіру мен топтауды қарастырайық.
Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар.
Оған Ш.А.Амонашвили, Е.И. Ильина технологиялары жатады.
1.Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогикалық технологиялары.Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В. Ф. Шаталов және Е.И.Нассовтың коммуникативті технологиялары кіреді.
2.Оқыту процесін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап оқыту, дифференциялап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар мен т.б. жатады.
3.Оқу материалының дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер.
4. Кешенді технологиялар.
Достарыңызбен бөлісу: |