Құстарға қамқорлық
Дидактикалық мақсаты: Ауызша дұрыс есептеулер жүргізуге дайындықты жүзеге асыру. Экологиялық тәрбие беру. Адамгершілікке баулу.
Қажетті құрал жабдықтар: Құстар, ағаш және жемсауыт суреттері. Мысал жазылған жапсырма қағаздар.
Ойын мазмұны: Ойынды жыл мезгіліне лайықтап, пысықтау сабағына қолдануға болады. Ағаш бұтағына тапсырма жазылған жапсырма қағаздар ілінген.
Бекітілген бұтақта құстар отыр. Тақтаның келесі ыңғайлы жеріне жемсауыт ілінеді. Оқушы жапсырма қағаздағы мысалды дұрыс орындаса, құсын жемсауытқа қондырады. Тапсырма толық орындалып бітсе, барлық құстар жемсауытқа қонады. Мысалды дұрыс орындаған оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |