Ханым, дат!
Дидактикалық мақсаты:
Қажетті құрал жабдықтар: асықтар.
Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім әр қатардан бір оқушыдан тақтаға шығарып, асық береді. Оқушылар асықтарын иіріп тастайды. Кімнің асығы алшы болып түссе «Хан», тәйке түссе – «уәзір» сайланады, ал ішік түскен асық иелері айыпкер ұры саналады.
Енді «уәзір», «ұрыны» қолына ұстап «Ханға» апарады. Ұры барғысы келмей қарсыласады. Ал «уәзір» болса, ұрының істеген жұмысына ашуланып ханға «дат» айтады.
Ол «О, менің зор мәртебелі ханым мына күнәһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырысқанда ұстап алдым, оған үлкен жаза қолдануға тұрады» дейді. Ашуланған хан ұрыға жаза береді. Жаза түрлері әртүрлі болуы мүмкін (үй тапсырмасына берілген есептер, көбейту кестесі, өтілген тақырыптар бойынша ереже т.б.). Жаза түрлеріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Сан ретін тап
Дидактикалық мақсаты: Санның ретін есте сақтау қабілетін қалыптастыру және халық педагогикасын сабақта қолдану.
Қажетті құрал жабдықтар: 10х10см өлшемімен дайындалған үлестірме қағаздар бет жағында сан және буын жазылған.
Ойын мазмұны: Дайындалған үлестірме қағаздар магтитті тақтаға шашыратып орналастырады. Мұғалім «ондық бөлшекті өсу ретімен орналастыр» дейді. Оқушылар ондық бөлшектерді өсу ретімен жаза отырып келесі жолға сан ретінде сәйкес жазылған буындарды жазып шығуы тиіс. Нәтижесінде құрастырылған тәрбиелік мәні бар мақал-мәтел, нақыл сөз, сөз тізбектерін оқуға болады.
Үлгі:
4,001; 4,01; 4,1; 1; 5,005; 5,05; 7,05; 7,25.
Еңбек түбі береке.
Достарыңызбен бөлісу: |