Математиканы оқытудың белсенді технологиялары


Ойын түрлерін мынадай топтарға бөлуге болады



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі115,22 Kb.
#22420
1   2   3   4
Байланысты:
8СӨЖМОИӘМуратоваАДОТ2

Ойын түрлерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1.Баладан орындаушылық қабілетті талап ететін ойын.
2.Түрлендіріп, өзгеріс енгізуді талап ететін ойын.
3.Танымдық қабілеттерін талап ететін ойын.
4.Шығармашылық ізденіске толы ойындар.

Ойын – бұл бала еңбегі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Ойын ешуақытта да дамудың бі р сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын, сонымен қатар тәрбиенің барлық сапасымен тығыз байланысты, өнермен ұштасып жатады.


Дидактикалык түзету ойындары - бұл оку аркылы танымдық әрекеттің дамуы,
соның ішінде сабактың кызыкты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс.
Балаларға бағдарламаның материалдарын меңгерту. Үйренген білім — дағдыларын бекіту жұмыстарын осы дидактикалык ойындар аркылы іске асады.

Ойынның әр түрі тәрбие сабақ мақсатына карай алмастырылып отырылады. Бұл ойындар баланың танымдылык процесін әдісін дамыту үшін жүргізіледі. Осы орайда дидактикалык ойындар және ойын түрінде орындалатын жаттығулардың маңызы өте зор. Жалпы алғанда ойын элементтері оқыту әдістерінің құрамды бөлігі болуы тиіс. Бірак ойын процесі мен оқу процесінің бірінен – бірі ажыратылмағаны жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қолайлы білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға араласып кеткенін аңғармай қалуы керек. Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтарының әp кезеіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға , оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне. Шеберлік дамыуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты


Дидактикалық ойындардың қайсысы болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс-әрекеттерді орындайды дегенмен, оларды қандайда бір іс -әрекеттің басы орындауына орай топтастыруға болады. Демек ойын барысында орындалатын негізгі іс- әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс-әрекеттерге орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен, біршамасында еске түсірумен байланысты. Қайсы біреуінде тексеру мен бакылау және өзгерту.

Мұғалім өтілетін тақырыпқа caй ойын түрлерін дұрыс таңдап жоспар құрып алуы қажет. Оқушы ойын тәртібін білуте тиіс. Бала ойын тәртібін жас мөлшері болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады. Балалар ең алдымен өздеріне халық ойындарын ойнату.


Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар - ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл ойынның негізгі шарты бойынша шашылған асықты кімкөп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет