Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың
балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Қорыта келгенде, дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой - өрісін дамыту, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіруге, интеллектуалдық – танымдық қасиеттерінің дамуына, байланыстыра сөйлесу дағдыларын қалыптастыруға, сауаттылыққа үйретуге мүмкіндік беретін әдістемелік әдіс – тәсілдерді іске асырудың ең тиімді кұралы болып табылады .
Ойын – баланың жан серігі сияқты. Сондықтан сөзімді Жан Жак Руссоның: "Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым десеңші" деген сөзімен аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |