Математиканы оқытудың белсенді технологиялары



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі115,22 Kb.
#22420
1   2   3   4
Байланысты:
8СӨЖМОИӘМуратоваАДОТ2

«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.
«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың арқан тартысып сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтфың оқушысы бұрын шығарса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым.
«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» , «Интеллектуалдық бинго» атты сыныптан тыс ойында бағдарламасында тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдалануға болады.
«Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» , «Қасиетті жетілік» атты кеште виктариналық сұрақтар түрінде қолдандым.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет