Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Білімді бақылау және тексеру сабағы



бет27/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

Білімді бақылау және тексеру сабағы. Сабақтардың барлық типтерінде оқушылардан білімін бақылау мен бағалау жүйелі жүргізіліп отыруы тиіс. Бұл оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін анықтауға және қолданылатын оқыту әдісінің тиімділігін тексеруге қажетті. Оқушылардың білімін ұдайы бақылау мен тексеру, оларды өздігінен оқулықпен жүйелі жұмыс істеуге, үй тапсырмасын толық орындауға, қосымша әдебиеттерді ізденіп оқуға бағыттайды, жауапкершілік сезімін тәрбиелеп, өз білімін өзі бақылауға дағдыландырады, тіпті кейбір жағдайларда бағалаудың түрлері арасында сабақтастық орнатуға (мәселен, зачет алу) мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру сабақтың шағын ғана құрылымдық бөлігін құрайды, кластың аз ғана тобын қамтып, білім мен іскерліктің жекелеген түрлерін ғана қарастырады.
Оқушылардың білімін, іскерліктері мен машықтарын тексерудің негізгі түрлері — жеке және жаппай сұрақтар қою, реферат жаздыру (әсіресе жоғарғы кластарда), есеп шығару. Сонымен бірге, білімді бақылау мен тексеруде үй тапсырмасы мен жазбаша бақылау жұмысының, жоғары кластарда зачет алудың өзіндік орны ерекше.
Жазбаша үй тапсырмасы мен бақылау жұмысын жүргізу, негізінен оқушылардың теориялық білімді есеп шығаруға қолдану іскерліктері мен машықтарын тексеруге арналады.
Зачет курстың маңызды тақырыптары бойынша тоқсан сайын бір рет қабылданады. Оны жүргізу үшін арнайы карточкалар дайындалып, әрқайсысына 1—2 сұрақтаң бір есептен жазылады. Класты 10—12 адамнан топқа бөліп, бір топ зачет тапсырып жатқанда, екінші топты дайындыққа отырғызу ыңғайлы, жалпы алганда класта зачет қабылдағанда, жаппай жұмыстар жүргізілмейді.
Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру сабақтарының құрылымы 1) мұғалімнің кіріспе нұсқауын; 2) оқушылардың бақылау тапсырмаларды орындауын және 3) жұмысты қорытындылауды қамтиды. Жазбаша бақылау жұмысының нәтижелерін талқылауды, оқушылардың типтік және жеке қателерінің себептерін талдауды келесі сабақта жүргізген орынды.
5. Аралас (комбинациялы) сабақ. Оқу процесінде бірнеше дидактикалық міндеттерді комплексті түрде шешуге тура келгенде, мәселен, үй тапсырмаларын тексеру мен өткен материалдарды қайталау, жаңа материалды түсіндіру, оны тиянақтау және т.б. қажет болғанда сабақтың ерекше типі қолданылады. Мұндай сабақтар құрама сабақтар деп аталады. Оның өзіне тән екі ерекшелігі бар: 1) дидактикалық міндеттердің тарылуы, 2) құрылымында төрт элемент (сұрақ беру, жаңа материалды оқып үйрену, білімді тиянақтау, үйге тапсырма беру) болуы.
Соңғы уақытқа дейін құрама сабақтар еліміздің мектептерінде жетекші орын алып келді. Алайда кейбір тақырыптарды оқып үйренуде, жеке дидактикалық міндеттерді іске асыруда құрама сабақтардың мүмкіндіктері жеткіліксіз болды. Сондықтан аралас сабақтар тек қажетті болғанда ғана жүргізіледі.
Құрама сабақтың құрылымы 1) үй тапсырмасын тексеру мен жаңа материалды игеруге қажетті бұрынғы өтілгендерді қайталауды, 2) жаңа материалды оқып-үйренуді; 3) жаттығулар орындау және жаңа материалдың игерілу деңгейін тексеруді; 4) үй тапсырмасын қамтиды.
Мұнда ескеретін жай, аралас сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында үй тапсырмасын тексеру сабақ соңында, жана материалды меңгерумен біріктіре жүргізеді, ал алған білімді тиянақтауды жаңа оқу информациясымен қоса жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет