Функция ұғымы IV сынып математикасындағы айнымалысы бар өрнектерді оқып үйрену функция-ны оқып үйренуге пропедевтика (дайындық) болып табылады. Функция ұғымының қазіргі математика мен оның қолдануларындағы рөлі белгілі функционалдық тәуелділіктерді инженерлер, дәрігерлер,физиктер мен биологтар, агрономдар мен техниктер пайдаланады. IV сыныпта “функция” термині енгізілмейді. Алайда осы ұғымдықалыптастыру жөнінде IV-сыныпта жыл бойы жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі тиіс.Функция ұғымының қалыптасуына айнымалы шамалары бар арифметикалық есептерді шығару көмектеседі. Осылайша оқушылар айнымалы шамалары бар өрнект-
термен танысады.
IV және V –сыныптарда функционалдық түсініктерді қалыптастыру жөнінде бас-талған жұмыс VI – сыныпта функция ұғымын енгізуге мүмкіндік береді. VI – сыныпта функция ұғымының мазмұны айқындалып, тиісті анықтама беріледі. Функцияның берілу тәсілдері (таблицалық, графиктік, аналитикалық) қарастырылады.
Y=kx және y= функцияларын оқып үйренеді, олардың графиктері салынады.
Y=ax2 пен у=ах3 және сызықтық функциялардың графиктерімен де танысады.
VII сыныпта функция ұғымы енгізіліп,оған ғылыми түрде анықтама беріледі, сызықтық функцияның графигі қарастырылады.
VII сыныпта оқылатын алгебра курсында функциялық түсініктер дамытылып отырады. Мысалы, бүтін теріс көрсеткіші бар дәрежелерді оқығанда у=ах-1, у=ах-2 түріндегі фунуциялардың графиктері, квадрат түбірлерді оқығанда у= функциясының графигі, квадрат теңдеулерді оқығанда квадрат үшмүшеліктің графиктері қарастырылады. Функцияны зерттегенде көбінесе графиктер пайдаланылады.
IX сыныпта оқылатын алгебра курсында функцияларды оқып үйрену әрі қарай жалғастырылады.Берілген функцияға кері функция ұғымы енгізіледі, бұл у= , у=lgх функцияларының қасиеттерін қарастырғанда пайдаланылады. Көрсеткіштік функция оның қасиеттері және графигі осы.
VIII сыныпта таныстырылады y=lgx функциясы көрсеткіштік у=10х функциясына кері функция ретінде енгізіледі. VIII сынып геометриясында sinx пен cosx функциялар-
дың қарапайым қасиеттері оқылады. Tgx функциясы қатынасы ретінде енгізіледі.
Тригонометриялық функциялар негізінен Х сыныпта оқылады.