Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


V-VI кластардағы геометрия элементтері



бет31/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99
V-VI кластардағы геометрия элементтері.
Орта мектеп программасына сәйкес геометрияның негізгі курсы VII класта басталады. Бірақ геометриялық материалдар туралы бірқатар материялдармен бастауыш кластың өзінде танысады және ол оқу орта мектептің V-VI кластарында одан әрі жалғастырылады, яғни геометриялық материалдарды V-VI кластарда оқу дидактиканың жүйелілік және бірізділік принциптері бойынша математиканың I-IV кластардағы материалдарын оқудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бастауыш кластарда оқушылар қарапайым шамаларды өлшейді және оларға амалдар қолданады. Шамалар арасындағы қарапайым байланыстарды қарастырады, оларды текстілі есептерде пайдаланады. Абстракты емес айналадағы нақты геометриялық образдармен істес болып, оларды суреттері, моделдері арқылы ажырата алады, қарапайым сызба құралдарымен (сызғыш, циркуль) жұмыс істеуге дағдыланады. Сонымен бастауыш кластардан оқушылардың біршама геометрия түсініктері болып « фигура», «жазықтық», «түзу және «шеңбер»сияқты және оларға байланысты ұғымдармен таныс болады.Анықтамалар туралы да оқушылар біршама түсінік алады, бірақ анықтамалардың тұжырымдамасы туралы арнайы мәселе қойылмайды.
V-VI кластарда геометриялық материал, бастауыш кластардағы сияқты, математиканың бүкіл курсы бойынша бөлінген. Ол геометрияның жүйелі курсын оқудың дайындық сатысы болып есептелінеді. Мұнда негізінен келесі мәселелер шешілуге тиісті:
1. Оқушының логикалық ойлауын дамыту, қарапайым геометриялық ұғымдарды анықтау, бақылаулар негізінде қорытындылауды дәл тұжырымдау дағдыларын меңгеру.
2. Оқушылардың кеңістік түсінігін дамыту.
3. «Анықтама», «Теорема», «дәлелдеу» ұғымдарын енгізусіз оқушыларды қарапайым дедуктивтік негіздеулермен таныстыру.
4. Негізгі геометриялық құралдардың-сызғыштың, циркульдің,
транспортирдің, бұрыштықтың көмегімен қарапайым салуларды орындау іскерлкерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салудың тиімді әдісін меңгеру.
5. Геометриялық шамаларды өлшеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
6. Оқушылардың творчествалық белсенділігін дамыту.
Геометрия материалдарының V-VI кластаррда оқу мақсаттары мен міндеттері геометрияның VII-IX кластарда жүйелі курсында оқылатын көптеген мәселелерінің мазмұнын анықтайды, яғни:
1)бастауыш кластарда алынған геометриялық объектілер және олардың қасиетері туралы түсініктер, мысалға, түзу, кесінді, бұрыш, т.б. түзетіледі және тереңдетіледі;
2)жаңа геометриялық фигуралар-сәуле, параллель түзулер, перпендикуляр түзулер және т.б. және кейбір түрлендірулер енгізіледі.
3)белгілі фигураларға жаңа шамалар, мысалға, ұзындық, аудан, көлем, бұрыштың градустық өлшемі т.с.с. оқылады, шамалар мен фигуралардың жіктері айқын көрсетіледі. Мысалы: кесінді және кесіндінің ұзындығы, бұрыш және бұрыштың градустық өлшемі.
4)геометриялық салулар шеңбері және онда қолданылатын құралдар кеңейтіледі.
Сонымен, геометриялық дайындық курсы яғни V-VI кластарда геометрия материалдарын оқыту VII-IX кластардағы планиметрияның жүйелі курсымен мазмұны жағынан да, идеялық бағыты жағынан да байланыста және ол мына мәселелерді іске асырады:
1)Негізгі геометриялық ұғымдармен, аксиомалар мен теоремалар болатын қарапайым математикалық фактылармен таныстыру, дәлелдемелер болып есептелінетін алғашқы логикалық негіздеулерді жүргізу-мұның бәрі геометрияның логикалық құрылымын ашуға дайындық болады.
2)Оқушыларды геометрияның жүйелі курсында пайдаланатын терминология және символикамен таныстырады.
3)Фигуралардың кейбір бейнелену түрлерімен танысу оқушыларды геометриялық түрлендіру идеясын саналы меңгеруге дайындайды.
4)Координаталық түзумен және координаталық жазықтықпен танысу координаталық әдісті геометрияның жүйелі курсының кейбір тарауларын оқуда пайдаланудың негізін қалайды.
5)Геометрияның дайындық курсын оқу оқушының мектептегі кейбір іргелес пәндерді (сызу, география,еңбек) меңгеруге дайындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет