7-апта №13 дәрістің тақырыбы: Математикадан сабақтан тыс сабақтар
Сағат саны: 1 Мақсаты: Математикадан факультативтік сабақтардың жалпы характеристикасын
анықтау
Жоспары: Математикадан факультативтік сабақтардың жалпы характеристикасы
Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі формасы және әдісі.
Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек?
1.Факультативтік топ 15-20 оқушыдан құралады. Оқушылар параллель сыныптардан болуы мүмкін. Кейде VІІІ-ІХ сынып немесе Х-ХІ сынып оқушыларын біріктіру арқылы да топ құруға болады. Мектепаралық топ құрылуы да мүмкін.
ІІ. Факультативтік сабақтар белгілі бір бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. 1967-1976 жылдары орта мектептерде «Математикалық анализдің қосымша тараулары» атты факультативтік сабақтар жүргізіледі. 1976-1987 жылдары аралығында «Математиканың таңдап алынған сұрақтары» атты факультативтік сабақтар жүргізілді. Ал қазіргі кезеңде математикадан орта мектептерде жүргізілетін факультативтік курс екі бөлімнен тұрады:
математика оқулықтары беттерінен;
математикалық мозаика.
Осы бөлімдер бойынша әр сыныптарда оқытуға тиісті факультативтік сабақтардың мазмұнына шолу жасайық.
І. «Математика оқулықтары беттерінен» (174с.)
VII сынып:
Жай және құрама сандар (10сағат);
Санау жүйелері (8 сағат);
Үшбұрыштың тамаша нүктелері мен сызықтары (8 сағат);
Қиындық келтіретін есептер шығару (20 сағат).
VIII сынып:
Сан жиындары (12 сағат);
Координаттар әдісі (10 сағат);
Ерекше алгебра (8 сағат);
Жазықтықтағы түрлендірулер (12 сағат);
Қиындық келтіретін есептер шығару (2 сағат).
ІХ сынып:
Функциялар және сызбалар (15сағат);
Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері (15 сағат);
Геометриялық тамаша теоремалар және деректер (10 сағат);
Геометрияның логикалық құрылымы (8 сағат);
Қиындық келтіретін есептер шығару (20 сағат).
VII cынып:
Дуалды квадраттар (2 сағат);
Сан дүниесіндегі алыптар және ергежейлілер (2 сағат);
Математикалық ребустар мен шифровкалар (4 сағат);
Мебиус жапыраға (2 сағат);
Математикалық ойындар (6 сағат).
VIII сынып:
Дирихле принципі (2 сағат);
Комбинаторикалық есептер (4 сағат);
Математикалық парадокстар мен софизмдер (4 сағат);
Логикалық есептер (4 сағат);
Фигураларды кесу (2 сағат).
X-XІ сыныптарға арналған факультативтік курс оқушылардың білімін әрі қарай жалғастыруға, яғни олардың жалпы математикалық білім деңгейін арттыруға бағыттталған. Бұл сыныптардағы факультативке қойылған негізгі шарт – оқушыларды қалаған мамандықтарына сәйкес жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау емтихандарына әзірлеу.
Алгебра және математикалық анализ элементтері:
Алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйесі ( 13с,20с,14с.);
Сөз есептер(6-12с,6с.);
Функциялар және функциялардың сызбалары (8-16с,12с.);
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар (6-16с,10с);
Сан және сан тізбектері (4-10с,6с);
Стандарт емес теңдеулер және теңсіздіктер. Параметрі бар есептер (6-14с,8с).
Геометрия:
Планиметриялық есептерді шығару әдістері (І бөлім), (20-30с,24с);
Планиметриялық есептерді шығару әдістері (ІІ бөлім) (8-16с,10с);
Стереометриялық есептер және оларды шығару әдістері(12-28с,18с);
Факультативтік сабақтар оқу кестесінде енгізіледі және үзбей жүргізіледі;
Факультативтік сабақ жүргізу мұғалімнің еңбек табысына қосылады;
Факультативтік курсты жоғарғы дәрежедегі ысылған тәжірибелі маман жүргізеді және жүргізу сапасына жауап береді;
Факультативтік курс толық тәмамдалған соң, оқушылар оқытылған бағдарлама бойынша, қорытынды сынақ тапсырады және факультатив оқылғаны жөнінде орта білімі туралы аттестатқа жазылады. Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады
1. Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.
2. Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.
3. Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық
сайыс.
4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.
5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар
жарысы және т.б.
6. Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің
бірі. Математикалық кештің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін
тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне
енуіне көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
Математикалық олимпиада -оқушылардың математикалық білімінің артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын,
қызығушылығын, білімге құштарлығын тәрбиелеуде және олардың
білімдерін тереңдетуде үлкен рөл атқарады.
№14 дәрістің тақырыбы:Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқыту ерекшелігі.