7.актикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулы)
1-апта №1 практикалық сабақтың тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша математиканы оқыту Сағат саны: 1 Мақсаты: Қолданыстағы бағдарлама бойынша математиканы оқыту Тапсырмалар: Оқу бағдарламасы.
Жаңартылған білім беру мазмұны.
.Мектеп математикасының мазмұны.
Әдістемелік нұсқау. Математиканың оқыту әдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.
Бағалау критерийлері: Оқыту әдістері жайында жалпы түсінік алу
Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: [1]-[8], қосымша әдебиеттер: [1*-3*]
Өткізу формасы:Топтық
2-апта №2 практикалық сабақтың тақырыбы: Математиканы оқытудың әдістері.
Сағат саны: 1 Мақсаты: Математиканы оқытудың әдістерін меңгеру, практика жүзінде қолдана білуін бағалау.
Тапсырмалар: 1.Математиканы оқыту әдісі туралы ұғым.
2.Дәстүрлі әдістер және дәстүрлі емес әдістер.
3.Проблемалық оқыту әдісі.
4.Эвристикалық әдіс.(сұрақ-жауап)
Әдістемелік нұсқау. Математиканың орта мектепке арналған бағдарламасының мазмұны
Соңғы 20 жылдан бері теңдеулермен теңсіздіктер оқушылардың түсінігіне лайықталып, оларды бастауыш мектепте және 5-6 сыныптарда оқыту дәстүрі қалыптасты.
Қазір бірінші сыныпта теңдеулер мен теңсіздіктердің элементтері x + 5 = 10, x – 5 = 10 түрінде кездеседі.
Теңбе-тең түрлендірулер жүргізе білу математиканың арнаулы тілін меңгеріп, оны түсінуден ғана тұрмайды, сонымен бірге дайын жаттығулардағы өрнекерге теңбе-тең түрлендіру жүргізе білуді талап етеді.
Координаталар мен функциялар орта мектеп бағдарламасына тек XX ғасырдың басында ғана ене бастады. Олар қазіргі замаңғы мектеп математикасының ерекше сипатын білдіреді. Координаталар әдісі мен функцияны үйренуді кеңейту, дамыту, бағдарламадағы басқа тақырыптарымен байланыстыра білу қажет. Осы кезде геометрияны оқытудың әртүрлі бағыттары пайда болып, оларға геометриялық түрлендірулер қосылды.