Әдебиеттер [1]-[8], [1*]-[4*]
5-апта №5 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі уақыттағы мектеп математикасына сыныптар бойынша талдау жасаңыз.
Сағат саны: 1 Мақсаты: Қазіргі уақыттағы мектеп математикасына сыныптар бойынша талдау жасау
Тапсырмалар: Қазіргі уақыттағы математика
Әдістемелік нұсқау. Оқушылардың сабақ үстінде материалды игеру сапасы мен ойлау белсенділігін арттыру үшін оқу қызметінің түрлерін ауық-ауық алмастырып отыру керек. Бірақ жөнсіз алмастыру оқушыларды ойлау қызметіне жұмылдыруға игі әсер етпейтінін ескерген жөн. Мәселен, мұғалім сабақтың басында өткен тақырыптар бойынша өздігінен орындайтын жұмыс беріп, содан кейін жаңа материалды баяндауға кіріссе, оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудару қиындык туғызуы мумкін.
Өткізу формасы: Топтық
Бағалау критерийлері: Қазіргі мектептегі математикамен танысу, практика жүзінде қолдану қолдану.
Әдебиеттер [1]-[8], [1*]-[4*]
6-апта №6 практикалық сабақтың тақырыбы:Математиканы оқыту процесіндегі пәнаралық байланыс
Сағат саны: 1 Мақсаты: Пән. ішіндегі байланыстарды меңгеру.
Тапсырмалар: Пән ішіндегі байланыстар
Әдістемелік нұсқау. Пән ішіндегі байланыстар Математиканы оқыту тиімділігін арттыру, басқа пәндерді оқыту сияқты, көптеген факторларға байланысты. Солардың бірі пән ішіндегі байланыстарды нығайту.
Пән ішіндегі байланыс мектеп математикасының жеке курстарын ұштастыра оқытуды, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы сабақтастықты қамтамасыз етуді көздейді. Мектеп математикасының әрбір курсын жасағанда, біріншіден, сүйеніш болатын ұғымдарды үйрету, екіншіден, сол ұғымдарды одан әрі дамытып, кәдеге жарату басшылыққа алынады.
Өткізу формасы: Топтық
Бағалау критерийлері: Пән ішіндегі байланыстарды меңгеру.
Әдебиеттер [1]-[8], [1*]-[4*]
7-апта №7 практикалық сабақтың тақырыбы:Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі формасы және әдісі.