Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus



бет74/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99
Сағат саны: 1
Мақсаты: Критериалды бағалау қағидаттарын білу және критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын түсіну.
Жоспары:

  1. Бағдарламаның міндеттері

  2. Біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдау

  3. «Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасы

Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды
бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- мұғалімдердің бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасының
мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
- бастауыш сынып пән дері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық
тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
- бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды
үйрету.
Оқу нәтижелері:
- мұғалімдер бастауыш сынып пәндері бой ынша Оқу бағдарламасының мақсатын,
міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
- бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық
тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі.
- бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаттарына қолжеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және
қолдана біледі.
Біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдау
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімнің күтілетін нәтижелерге
қол жеткізу деңгейін бағамдау қарастырылған. Біліктілікт і арттыру курсының оқу жоспары на
сәйкес біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдауға
арналған жаттығулар барысында тренер мұғалімдердің идеяларын тыңдайды, белгілі бір
мәселелерге қатысты бағамдау аспектілері тұрғысынан мұғалімдерді бағамдайды.
Мұғалімдерді бағамдау аспектілері бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін талап етілетін
белгілі бір дағдылармен байланысты салаларға бөлінген. Әр сала төрт деңгей бойынша
бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей.
Дескрипторларға қарап мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға
түспейді. Мұғалімдер бағаланатын барлық аспектілер бойынша бі р деңгейде болуы шарт емес.
Курс барысында бағамдау қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді
меңгеруде қолдау көрсетілетін болады
«Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын
тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым -қатынастың, математикалық
білімді өмірде қолданудың алғашқы д ағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш
сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру,
себеп -салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен
қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім
мен іс -әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең -кезеңге бөлініп, жүйелі түрде
берілген, қоршаған ортадағы заттар дың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын
сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным
негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Математика негіздерін үйрену арқылы оқушылар басқа пәндер аясында, мысалы,
жаратылыстануды оқу кезінде қажет болатын анағұрлым күрделі математиканы түсінуге
мүмкіндік алады. Сонымен қатар, математика әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әрекет етіп,
проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып , логикалық ойлау дағдыларын
дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау және
математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып
математикасы бойынша оқу бағдарламасының мазмұны «Сандар ж әне өлшемдер», «Алгебра
элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық
модельдеу» бөлімдерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет