Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны


ә) оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу және оқушылардың математикаға деген тиянақтылығын қамтамасыз ету



бет2/8
Дата01.03.2023
өлшемі411,9 Kb.
#70776
1   2   3   4   5   6   7   8

ә) оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу және оқушылардың математикаға деген тиянақтылығын қамтамасыз ету;

б) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

в) оқушыларға адамгершілік пен эстетикалық тәрбие беру (еңбек сүйгіштік, патриоттық сезім, әдемілікті сезіну);

г) математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, жауапкершілікке т.б. адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

ғ) оқушыларды математикалық құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;

д) оқушыларды математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Математиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты

а) оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық (экономикалық, қоршаған ортаға байланысты) есептерді шығаруға;

ә) математиканы физикаға, химияға, информатика, т.б. жаратылыстану пәндерінде қолдана білуге үйрету;

б) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалануға баулу;

в) оқушылардың өз бетінше білім алуына көмектесу (оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен жұмыс).

Математиканы оқытудың дамытушылық мақсаты

а) оқушылардың математикада логикалық қабілеттерін дамыту;

ә) математикаға ықыласын, өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;

б) математикалық есте сақтау және ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

в) математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілетіне баулу;

г) сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.2 Мектеп математика курсының жалпы сипаттамасы

Орта мектептің математика курсының мазмұны осы заманғы орта мектеп бағдарламасының негізі:

  • Сандар жүйесі.
  • Шамалар.
  • Теңдеулер мен теңсіздіктер.
  • Математикалық өрнектерді теңбе - тең түрлендіру.
  • Координаталар әдісі.
  • Функциялар.
  • Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Геометриялық шамаларды өлшеу. Геометриялық түрлендірулер.
  • Векторлар.
  • Математикалық анализ бастамалары.
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет