Математиканың тарихы мен логикалық есептерді шешуді үйрете отырып, бағыт таңдауға саналы түрде дайындау, оқушының логикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата22.08.2023
өлшемі2,39 Mb.
#105464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Досбайева Жанар Полатқызы
Шымкент қаласы, №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш 
сынып мұғалімі 
Сатышева Эльмира Нурманбайқызы
Шымкент қаласы, №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш 
сынып мұғалімі 
Лесова Забира Жумабековна
©
 Қазақстан Республикасы 
«ÓRKENIET» ғылыми-әдістемелік орталығы
2020 жыл 
 
 



 
Түсінік хат 
 
Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа 
идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді. Осының бәрін елімізде өсіп келе 
жатқан жеткіншектерден күтіледі. Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі 
– оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің 
бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы. Оқушының бейімдік 
дайындалу кезеңінде маңызды роль интеграцияланған элективті деп аталатын 
курстар атқарады, олардың негізінде пәнаралық және оқуға деген дара 
үйлестірімділік жатады. Тап осы мәселелерді шешу оқушының тағдырындағы 
ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылығын іске асыруды орындауға жағдай 
жасайды. 
Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге 
математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, 
болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика 
ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, 
сонымен қатар математикалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты 
элективті курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы . 
Бір жағынан бұл курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан алған 
білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, 
жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге 
дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, 
тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі 
есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді 
(профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына 
дайындау). 
Математика курсының мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Олар: математика 
тарихы, есептеулер, математикалық жұмбақтар, логикалық есептер. Бағдарлама 
аптасына 1 сағат, 34 сағатқа арналған. 
Мақсаты:
Математиканың тарихы мен логикалық есептерді шешуді үйрете отырып, 
бағыт таңдауға саналы түрде дайындау, оқушының логикалық мәдениетін 
қалыптастыру. 
О


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет