3-тақырып. Математиканы оқытуды ұйымдастыру және
оның негізгі түрі – сабақ
Негізгі сұрақтар: 1) сабақ түрлері; 2) сабақты өткізу жүйесі;
3) 7 – 9 сыныптардағы геометрия пәні бойынша тақырыптарды ұйымдастыру,
құрылымы және әдістемелік негіздері.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 12, 14, 16, 18, 20, 25, 32, 34, 35, 39,42,45,53,56, 57],
сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге
арналған әдістемелік құралдар (7-9 сыныптар).
1-тапсырма. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қандай сабақ түрлерін
білесіздер? Осы түрі бойынша сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар.
Дәріс сабақты өткізудің жақсы жағы мен кемшілігі қандай?
2-тапсырма. Математика сабағының құрылымы көбінде әртүрлі
болады. Олардың негізгі элементтері: үй тапсырмасын тексеру, жаңа
тақырыпты тексеру, есеп тексеру, үйге тапсырма. Сабақтың құрылымы
әрқашан
осылай
болу
керек
пе?
Қандай
сабақ
элементтерін
қолдануға болады?
3-тасырма. Білім беруде қандай бекіту сабақ түрлерін білесіздер? Осы
сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Осы мақсатта киносабақты
қолдануға бола ма?
4-тапсырма. Математика сабағын жоғары дәрежеде өткізудің жолы
әртүрлі. Олар сабақ мақсатын рационалды таңдай білу, олардың мазмұны
мен құрылымы, өзіндік жұмыс түрін әртүрлі өткізу, көрнекіліктер және т.б.
Белгіленген әдебиеттермен танысыңыздар. Математика сабағын жоғары
дәрежеде өткізудің жолдарын айтыңыздар.
5-тапсырма. Қазіргі математика сабағына қойылатын негізгі талап:
ғылымилық оқыту; негізгі дидактикалық оқыту мақсатының болуы;
тәрбиелік мәні бар есептерді сабақта шешу; оқу материалын негізделген
түрде таңдау; сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында оқыту
әдістерін қолдану; сабақты жақсы ұйымдастырып, логикалық аяқталуын
бақылау болып табылады. Қарастырылған әр талаптың мазмұнын
ашыңыздар.
6-тапсырма. Ғылымилық оқыту-қазіргі сабақтың негізгі мақсаты болып
табылады. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін игеру, оқыту
процесінің
тиімділігін
арттыруға,
математикалық
ұғымдарды
қалыптастыруға көмектеседі. «Планиметриялық ұғым және мазмұны, оның
стереометриялық аналогиясы» тақырыбы бойынша жоғары сыныпқа
арналған конспекті құрастырыңыздар.
94
7-тақырып. Оқушыларға математикалық білім беруде ең басты
міндеттердің бірі - дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарасты
қалыптастыру. Дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарас дегеніміз не?
Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырудың мәндері қандай?
8-тақырып. 7-9 сыныптарға арналған геометрия оқулықтарын
талдаңыздар.
Олардың
әдістемелік
негіздері
қандай?
Олардың
құрылымдарын тұжырымдаңыздар.
9-тапсырма.
Математика
сабағында
кері
байланыс
тәсілін
ойластырыңыздар. Қандай тәсілдерді меңгердіңіздер? Кері байланысты
(оқушы-мұғалім) график, сызба, кесте бойынша қалай іске асыруға болады?
Мысал келтіріңіздер.
10-тапсырма. «Шеңбер» тақырыбын оқыңыздар. Сабақты осы
тақырыпты түсіндіру жоспарын құрыңыздар және үй тапсырмасын
жасаңыздар. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында 10-15 минут бақылау
жұмысын құрастыңыздар.
11-тапсырма. «Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігі»
тақырыбын оқыңыздар. Үшбұрыштың биссектрисасы, биіктігі және
медианасының айырмашылықтары қандай?
4-тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақ жоспары
Негізгі сұрақтар: 1) математика сабағына мұғалімнің дайындық жүйесі;
2) сабақ жоспары; 3) математика сабағына талдау жасау әдістемесі;
4) 7 сынып геометрия оқулығының мазмұны.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 16, 18, 29, 30, 31, 32, 42, 44, 45, 51, 57], сонымен
қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған
оқулық.
1-тапсырма. Мұғалімнің сабаққа дайындау жүйесі үш кезеңнен тұрады:
жаңа оқу жылына дайындық; тақырып бойынша сабақтар жүйесіне
дайындық; келесі сабаққа дайындық.
2-тапсырма. Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы күнтізбелік
жартыжылдық жоспармен аяқталады. 7 сынып геометриясы бойынша
жартыжылдыққа тақырыптық жоспар құрыңыздар. Геометриядан мұғалімге
арналған әдістемелік құралды қолдаңыздар.
3-тапсырма. Бір тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаңыздар.
Өзіндік және бақылау жұмысын өткізу уақытын белгілеңіздер.
4-тапсырма. Қосымша үй тапсырмасын оқушы белгілі мерзімде
орындаған жоқ (30 тапсырма). Мұғалім математика пәні басқа пәндерге
қарағанда, негізгі пән болып табылады деп, барлық оқушыларға екі қойды.
Осындай мұғалімнің қатал әрекеті педагогикалық білімсіздікті, төмен
мұғалімдік шеберлікті көрсетеді. Осы жағдайда мұғалім қандай әрекет жасау
керек? Көп берілген үй тапсырмасын орындауды барлық оқушылардан талап
ету дұрыс па? Осындай қосымша есептерді шешуді сыныпта қалай
ұйымдастыру керек?
95
5-тапсырма. Кейбір мұғалімдер жаңа тақырыпты сабақта талдап,
үйретеді де, үй тапсырмасын берумен ауыртпалық жасамайды. Осы әрекеттің
пайдасы қандай? Үй тапсырмасын тексеру әдістемесі қандай болу керек?
6-тапсырма. 7 сыныпқа арналған оқу құрылымен танысып, осы оқу
құралының әдістемелік негіздері қандай? Қандай жаңа ұғымдар енгізілген?
Қандай салу есептері құрастырылған? Қандай теоремалар дәлелденген?
7-тақырып. 7 сыныпта жаңа тақырыпты түсіндіру бойынша сабақ
конспектісінің жоспарын құрыңыздар. Жоспарлау кезінде сабақ тақырыбын,
түрі мен мақсатын, оқу құралдырын көрсетіп, сабақ барысын жасаңыздар.
8-тапсырма. «Шеңбер» тақырыбын оқып үйрену кезінде сабақта
ауызша шешуге есептерді құрастырыңыздар (7 сынып).
5-тақырып. Математикалық ұғымдар және оларды оқыту
әдістемесі
Негізгі сұрақтар: 1) ұғымдар, мазмұны, ұғым көлемі мен олардың
арасындағы байланыс; 2) ұғымның түрлері; 3) 8 сынып геометриясының
мазмұны.
Әдебиеттер: [3, 7, 13, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 35, 42, 44, 50], сонымен
қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған
оқу құралы (8 сынып).
1-тапсырма. Ұғым - қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана
тән ерекше қасиетін сипаттайды. Ұғымға мысал: сан, кесінді, шек, туынды
және т.б. Ұғымға тән сипаттамаларды айтыңыздар.
2-тапсырма. Ұғымның мазмұны деп, нәрселердің ұғым қамтитын
елеулі белгілерінің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі деп, нәрселердің
осы ұғымға тарайтын жиынтығын айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымының
мазмұны-үш қабырға, үш төбе, ал көлемі «барлық мүмкін болатын
үшбұрыштардың» жиыны. Мысалдар келтіріп, сол ұғымның көлемі мен
мазмұнын айтыңыздар.
3-тапсырма. 8 сынып геометрия курсын оқу барысында жаңа
ұғымдарды жазыңыздар. Олардың ішінен салыстырылатын, үйлесімді және
үйлесімсіз, тепе-тең, айқасатын және қамту қатынысындағы ұғымдарды
табыңыздар.
4-тапсырма. «Түзу сызық» анықталмаған ұғымын қалыптастыру
әдістемесін тұжырымдаңыздар.
5-тапсырма. Қандай геометриялық ұғым 8 сыныпта абстрактілі-
дедуктивтік әдіспен өткізіледі. Оның өткізу әдістемесі қандай? Оқушыларға
оны түсіндіру жоспарын құрастырыңыздар.
6-тапсырма. Абстрактілі-дедуктивтік жолмен енгізу ұғымы неден
тұратынын еске түсіріңіздер. «Квадраттық функция» (1нұсқа), «Ұқсас
функциялар» (2 нұсқа) ұғымын классификациялауды осы жолды қалай
қолдануға болады?
96
7-тапсырма.
8
сыныпқа
арналған
геометрия
оқулығымен
танысыңыздар. Оның әдістемелік негіздері қандай? 8 сыныпта планиметрия
курсы бойынша қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Әр тақырыпқа
қанша сағат бөлінген? Қандай теоремалар дәлелденеді? Қандай салу есептері
шығарылады?
8-тапсырма. 7 сыныпта «Бұрыштың косинусы» ұғымына сабақ
жоспарын құрастырыңыздар. Осы ұғымды оқу кезінде оқушылардың
ынтасын қалай арттыру керек?
9-тапсырма. «Параллелограмм», «ромб», «тіктөртбұрыш» ұғымдары
арқылы шаршыға анықтама беріңіздер. Осы тапсырманы орындау үшін
оқушы қандай білім мен іскерлікті меңгеруі тиіс? Осыған ұқсас бірнеше
тапсырмаларды құрастырыңыздар.
6-тақырып. Математиканы есептер арқылы оқыту
Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқытуда есепті рөлі; 2) қазіргі
математиканы оқытуда есептің міндеттері; 3) есеп шығаруға үйрету;
4) 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығының мазмұны.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5, 14, 15, 20, 25, 27, 28, 33, 37, 39, 40, 41, 48, 49,
50, 51], сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар,
мұғалімдерге арналған оқулықтар (9 сынып).
1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз
шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр
талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2-тапсырма. Мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің
кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою
жолдары қандай?
3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және
бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық
есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай
түрлерге бөлінеді?
4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді
қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен
бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді
қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
5-тапсырма.
Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу
міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары
мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы
көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.
6-тапсырма. Бірнеше есепті бір тәсілмен шешуден гөрі, бір есепті
бірнеше тәсілмен шешу пайдалы екені белгілі. Мысалы, кестені пайдаланбай,
өрнектің мәнін табу керек:
97
1-тәсіл.
.
2
1
3
)
15
45
sin(
)
15
45
sin(
15
sin
45
cos
2
0
0
0
0
0
2-тәсіл.
.
2
1
3
)
30
cos
60
(cos
15
sin
45
sin
2
15
sin
45
cos
2
0
0
0
0
0
0
3-тәсіл.
.
2
1
3
2
30
cos
1
2
2
2
15
sin
45
cos
2
0
0
0
4-тәсіл.
.
2
1
3
)
30
45
sin(
45
cos
2
15
sin
45
cos
2
0
0
0
0
0
Бір не екі мысалдар келтіріп, шешу тәсілдерін көрсетіңіздер.
7-тапсырма. «Үшбұрышты шешу» (9сынып) тақырыбы бойынша
танымдық сипатта есептерді қарастырыңыздар және сабақта тәрбиелік мәнін
талқылаңыздар.
8-тапсырма. Геометриялық есептерді шешу әдістерімен танысыңыздар.
Төменгі сыныптарда геометрия курсы бойынша осы әдістердің қайсысы кең
қолданылады?
9-тапсырма. Төменде берілген есептерді шешудің әдістемелік жұмыс
нұсқаларын көрсетіңіздер:
1.
Параллелограмның қабырғалары 10 см-ге және 3 см-ге тең. Үлкен
қабырғаға ірегелес жатқан екі бұрыштың биссектрисалары қарама-
қарсы қабырғаны үш кесіндіге бөледі. Осы кесінділерді табыңыз.
2.
Тік
призманың
табаны-тең
бүйірлі
үшбұрыш.
Оның
тең
қабырғаларының арасындағы бұрыш α-ға тең. Жоғары табанының
төбесінен тең бүйірлі жақтарының диагональдары жүргізілген,
олардың арасындағы бұрыш β-ға тең. Пизманың бүйір бетін
табыңыздар.
10-тапсырма.
9
сыныпқа
арналған
геометрия
оқулығымен
танысыңыздар. Мұнда қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Оқу
материалының үлестірімі қандай? Қанша бақылау жұмысы қарастырылған.
Емтиханға
дайындақ
мақсатында
қайталау
материалдары
қалай
жоспарланған?
7-тақырып. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар
және оны өткізу әдістемесі
Негізгі сұрақтар: 1) математикадан сыныптан тыс жұмыстардың
мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері; 2) сыныптан тыс жұмыстың
жүйелері; 3) математикадан факультативтік сабақтар және оның өткізу
әдістемесі.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 7, 9, 10, 11, 13, 15, 21, 23, 25, 43, 47, 52]
1-тапсырма. Математика мұғалімінің барлық оқу – тәрбие жұмысы
сынып және сыныптан тыс жұмыстарды белгілі бір дәрежеде ұйымдастыруға
бағытталуы тиіс. VІІІ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстардың
98
жоспарымен танысыңыздар. Осы жоспардың VІІІ сыныпқа арналған алгебра
және геометрия бағдарламасымен салыстыру талдауын жасаңыздар.
2-тапсырма. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға
жалпы сипаттама беріңіздер. Сыныптан тыс жұмыстар деген не?
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды неше түрге бөлуге
болады? Үлгерімі төмен оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды өткізу
әдістемесін және ұйымдастыруын тұжырымдаңыздар. Осы жұмысқа
байланысты қандай түрлерін білесіздер?
3-тапсырма. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрі – математикалық
үйірме. Үйірме жұмысына өте жақсы оқушыларды қатыстыруға бола ма?
Үйірме жұмысында қандай тақырыптар қарастырылуы тиіс?
4-тапсырма. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық
бағыттарда жүргізуге болады. Әр бағытқа сипаттама беріңіздер.
5-тапсырма. Математикалық үйірмеде оқушыларды математика тарихы
бойынша өздігінен баяндама жасауға баулу керек. 6-сыныпқа арналған
баяндама тақырыбын құрастырыңыздар (бағдарлама бойынша)
6-тапсырма. Математикадан факультативтік сабақтар 8-сыныптан
бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың мақсаты кандай?
Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және
нені білу керек?
7-тапсырма.
Факультативтік
сабақтарды
өткізу
әдістемесін
айтыңыздар. Факультативтік сабақтарда қамтылуға тиісті мәселелер кандай?
8-тапсырма. ІХ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстарды өткізу
нұсқаларын ұсыныңыздар. Математикалық конференцияны даярлау және
өткізу әдістемесін тұжырымдаңыздар.
9-тапсырма. 5 сынып оқушыларына (І нұсқа) және 6 сынып
оқушыларына (ІІ нұсқа) арналған математикалық үйірме жоспарын
құрастырыңыздар.
10-тапсырма. Математикалық олимпиадалар V-ХІ –сынып аралығында
жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты қандай? Мектеп олимпиадасын өткізу
үшін 5-9 сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмаларының бір
нұсқасын құрастырыңыз. Бұл тапсырмалар қандай талапқа негізделген?
Математикалық олимпиаданы өткізу әдістемесі қандай? Мектепте олимпиада
неше турда өткізіледі?
11-тапсырма. Мектепте математикалық кештерді өткізу әдістемесімен
танысыңыздар. «Қазіргі кездегі математика» тақырыбы бойынша
математикалық кешті өткізу жоспарын құрастырыңыздар және оған керекті
әдебиеттерді көрсетіңіздер.
12-тапсырма. «Математика апталығын» өткізу жоспарын жасаңыздар.
Онда оқушылардың ролі кандай?
13-тапсырма. Мектепте математика кабинетінің жұмыс жоспары
кандай? Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтаңыздар.
14-тапсырма. Математикалық конференцияны даярлау және өткізу
әдістемесі.
99
15-тапсырма. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары,
мазмұны және негізгі формаларына тоқталыныз.
16-тапсырма. Математиканы оқытуда іскерлік ойындарын пайдалану.
8-тақырып. Геометрияны оқыту әдістемесі
Негізгі
сұрақтар: 1) планиметрия курсын оқыту әдістемесі;
2) геометрия есептерін шешудің әдістері; 3) стереометрия курсын
үйрену әдістемесі.
Әдебиеттер: [3, 14, 33, 35, 39, 45, 50, 51, 54, 55], сонымен қатар
геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған
оқулықтар.
1-тапсырма. Геометрияны оқытудың негізгі кезеңдерін атаңыздар.
2-тапсырма. Геометриялық материалды мазмұндау кезінде қандай
әдісті қолдану басым болады? Мысал келтіріңіздер.
3-тапсырма. «Сыбайлас бұрыштар» тақырыбындағы тапсырмаларды
талдаңыздар. Олардың ішінен «сыбайлас бұрыштар» ұғымын енгізудегі
дәлелдеуді болдыратын, оның мазмұнын ашатын және енгізілетін ұғымды
бекітетіндерін атап көрсетіңіздер. Осы ұғымды бекітетін тапсырмалар қандай
оқу жаттығу түрлеріне жатады?
4-тапсырма. «Осьтік симметрия» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын
құрыңыздар. Түзуге қарағанда симметриялы, нүктелер ұғымын енгізу кезінде
проблемалық ахуал туғызу мәселесін қарастырыңыздар.
5-тапсырма. V және VI сыныптардағы геометриялық материалды
баяндау әдістерінің салыстырмалы талдауын беріңіздер. Мысалдар
келтіріңіздер.
6-тапсырма. V және VI сыныптарда математиканы оқытуда
фигуралардың ауданы мен көлемі ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін
сипаттаңыздар. Олар ұғымдардың қай түріне жатады?
7-тапсырма. Келесі есептің шешу әдістемесін құрастырыңыздар:
М нүктесінен (0;r) шеңберіне жанамалар жүргізілген. Дәлелдеңдер:
а)
МО
А
А
2
1
; б)
МО
A
МО
А
2
1
, мұндағы
1
А
және
2
А
- әр кезеңдегі жанасу
нүктелері: 1) есептің талдауы, 2) жоспар құру және есептің шешімін табу,
3) жоспардың орындалуы, 4) зерттеу. Берілген есептің дидактикалық
талдауын орындаңыздар.
8-тапсырма. «Түзулер мен жазықтықтардың параллелдігі» тақырыбы
бойынша сабақтың жоспарын құрастырыңыздар.
9-тапсырма. Стереометрияны оқу барысында көрнекілік құралдарды
қолдану
сұрақтарын
қарастырыңыздар.
Қандай
жағдайда
оларды
қолдану пайдалы?
10-тапсырма. «Призма» тақырыбы бойынша мұғалімнің сабаққа
дайындалу жұмысын талдаңыздар.
Нұсқау: Жаңа материалды түсіндіру барысында мынаған көңіл
бөліңіздер: а) призма анықтамасы, б) призма табанының теңдігі туралы
теорема, в) призма түрлері.
100
11-тапсырма. «Шардың көлемі» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын
құрыңыздар.
12-тапсырма. «Кеңістіктегі түрлендірулер» тақырыбына логикалық
және дидактикалық талдау жасаңыздар. Осы материалды баяндау кезінде
қандай оқыту әдісі тиімді?
13-тапсырма. Стереомертия
курсында «Векторлар» тақырыбын
баяндау жүйесін талдаңыздар. Жазықтықтағы векторлармен аналогияны
қолдану жағдайы туралы сұрақты талдаңыздар.
14-тапсырма. Мына тұжырымдар дұрыс бола ма: а) төртбұрыш ромб
болу үшін оның симметрия центрі болуы қажетті, б) төртбұрыш ромб болу
үшін оның симметрия центрі болуы жеткілікті, в) төртбұрыш болу үшін оның
симметрия центрі болуы қажетті және жеткілікті?
15-тапсырма.
Келесі
есепті
шешудің
әдістемесін
жасаңыз:
«Параллелограмның қарсы жатқан бұрыштарының биссектрисалары өзара
параллель екендігін дәлелдеңіздер» Шешудің әр кезеңін ескеріп, есептің
шешімін іздеуде есепті шешу схемасын қолдану керек пе? Шешу
жабдықтарын ойластырыңыздар.
16-тапсырма.
Тік
призманың
көлемін
табу
теоремасының
дәлелдемесіне логикалық талдау жасаңыздар. Осы теореманы дәлелдеуде
қандай қасиеттер көлемі қолданылады. Осы тақырып бойынша сабақ
жоспарын құрастырыңыздар.
9-тақырып. Алгебра және анализ бастамаларын оқыту әдістемесі
Негізгі сұрақтар: 1) сандар ұғымын дамыту; 2) математика курсындағы
функцияны оқыту; 3) теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 15, 17, 26, 28, 29, 33, 46, 58], сонымен қатар
алгебра оқулығы, дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдар.
1-тапсырма. «Натурал және бөлшек сандар» тақырыбына әдістемелік
талдау жасаңыз (V сынып).
2-тапсырма. «Бөлудің қасиеттері» тақырыбын талдаңыздар (V сынып).
Осы тақырыпты түсіндіруде мұғалімнің негізгі міндеті қандай? Аталған
тақырыпты түсіндіру барысында қандай әдістемелік қиыншылықтарды
байқайсыз? Осы тақырыпты қаншалықты меңгергендігін қалай тексересіз?
3-тапсырма. «Теріс сандар» (VІ сынып) тақырыбын түсіндіру бойынша
сабақ жоспарын құрыңыздар. Оқушылармен жұмыс істеу барысында қандай
әдістемелік қиындықтар туындауы мүмкін? Осыдан шығу жолы қандай?
4-тапсырма. VІІ – ІX сынып алгебра оқулығының құрылымымен
танысыңыздар. Мектепте (алгебра бойынша) қандай теориялық материалдар
оқытылады? Жаңа қандай ұғымдар қарастырылған. Теориялық материалдың
мазмұнын беру қағидасы қандай?
101
5-тапсырма. «Ондық логарифм қасиеттері» (ІХ сынып) тақырыбы
бойынша әр түрлі қиындық дәрежеде практикалық 6 карточка
құрастырыңыздар.
6-тапсырма. Функция ұғымы математикалық ұғымдардың негізгісі
болып табылады. Қазіргі оқулықтардағы функция ұғымы калай анықталған?
7-тапсырма. Функцияның анықталу облысын табу жаттығуларын
орындау барысында оқушыларға қиындық туғызады. Мұғалімнің толық
түсіндіруі өте қажет. Төмендегі функциялардың анықталу облысын қалай
түсіндіресіз?
2
2
2
(
)
1,
(
)
,
(
)
,
(
)
1.
2
(
)
;
(
)
3
2.
4
1
(
)
.
2
1
f
x
f
x
x
f
x
x f
x
x
x
f
x
f
x
x
x
x
f
x
x
x
8-тапсырма. Функция және квадраттық функция қасиеттері бойынша
оқушылардың білімін тексеру нұсқаларын қарастырыныздар.
9-тапсырма. Көрсеткіштік функция ұғымына кіріспе материалының
құрылымымен танысыңыздар. Көрсеткіштік функция қасиеттерін түсіндіру
(І нұсқа) және осы қасиеттерді бекіту (ІІ нұсқа) бойынша сабақ жоспарын
құрып, өткізіңіздер.
10-тапсырма. а)
b
loq
b
a
b
loq
b
loq
loq
a
a
a
)
(
екенін дәлелдеңдер. б) өрнегін
ықшамдаңдар
2
4
4
4
log
2 log 4
4
x
x
және х=-2 болғанда мәнін табыңыздар.
Сабақта осындай жаттығуларды шешу пайдалы ма?
11-тапсырма. «Теңдеулер түбірі» ұғымын қалыптастыру әдістемесін
мазмұндаңыз. Бір, екі, бірнеше түбірлері бар, шексіз түбірлері бар, түбірлері
жоқ теңдеулерге мысалдар келтіріңіздер.
12-тапсырма.
«Теңдеу және теңсіздік» тақырыбын түсіндіру
мақсатында сабақ жоспарын құрыңыздар. Осы тақырыпты мазмұндау
барысында мұғалім қандай басты моментке көңіл бөлуі керек.
13-тапсырма. «Квадрат теңдеулер», «квадрат теңсіздіктер» (VІІІ
сынып) тақырыбы бойынша білімін тексеру мақсатында бақылау жұмысын
құрастырыңыздар.
14-тапсырма.
Х-ХІ сынып оқулықтары бойынша иррационал
теңдеулерді шешіңіздер. Оларды шешу үшін қандай тәсілдерді
қолдануға болады?
15-тапсырма. Келесі теңдеу мен теңсіздіктерді шешіңіздер және
оқушыларға шешу жолын қалай түсіндіресіз?
2
2
4
1
2
3
3
1
9
3
3
, 2
4
,
1.
27
15
x
x
x
x
x
x
x
102
16-тапсырма. Математика курсында тригонометриялық теңдеулерді
шешу үшін қандай әдістемені білу қажет? Мысал келтіріңіздер. Кандай шешу
әдістемесін қарастыру пайдалы?
17-тапсырма.
x
x
x
2
6
cos
5
)
2
cos
3
2
(sin
2
теңдеуді шешіңіз.
18-тапсырма.
1
2
cos
3
2
sin
x
x
теңсіздікті шешіңіз.
10-тақырып. Орта мектепте теңбе-теңдіктерді түрлендіруді оқыту
әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |