СОЗЫЛУ-СЫҒЫЛУ. КЕРНЕУ МӘНІ. ГУК ЗАҢЫ. БОЙЛЫҚ, КӨЛДЕНЕҢ ДЕФОРМАЦИЯ. БЕРІКТІК ШАРТЫ
Сыртқы күш әсерінен сырықтың көлденең қимасында тек қана N бойлық күш пайда болатын деформация түрі созылу немесе сығылу деп аталады.
N таңбалар ережесі :
Егерде қима жағынан қарағанда сыртқы күш қалған бөлікті созса, онда осы қимадағы бойлық күш оң таңбалы және керісінше.
N эпюрасы ерешеліктер
Егер сырық тұрақты сыртқы күшпен жүктелсе, онда N эпюрасында осы күш түскен нүктеде күшке тең секіріс болады.
Сырықтың көлденең қимасының өзгерісі N эпюрасына әсерін тигізбейді.
Егер сырық таралған күшпен жүктелсе, онда N эпюрасы осы таралған күштің таралу ұзындығында көлбеу түзу сызықпен шектеледі.
ЖАЗЫҚ ҚИМАЛАР ГИПОТЕЗАСЫ
(Бернулли гипотезасы)
Деформацияға дейінгі жазық қималар деформациядан кейін де жазық күйінде қалады.
Созылу-сығылудағы кернеулік күйді анықтау үшін келесі гипотезалар қолданылады:
СЕН-ВЕНАН ГИПОТЕЗАСЫ
Сырықтың бекітілуінің және оған әсер етіп тұрған күштердің ерекшеліктері, әдетте, осы сырықтың көлденең қимасының негізгі өлшемінен аспайтын арақашықта ғана байқалады.
Созылу-сығылу кезінде көлденең қимада тек қана тік кернеу σ пайда болады. Бернулли гипотезасы бойынша қимадағы тік кернеулер бір қалыпты таралады, яғни,
Кернеу мен деформация арасындағы тәуелділік Гук заңы:
Серпімділік шеңберінде материалдардың басым көпшілігінің кернеулері деформациялармен пропорционалдық қатынаста болады.
E – пропорциональдық коэффициенті; серпімділік модулінің I түрі [Па].