Ішкі күштер құраушылары ІШКІ КҮШ ФАКТОРЛАРЫ (ІКФ)деп аталады да, олардың материалдар кедергісінде арнайы атаулары бар:
N – бойлық күш,
Qz, Qy – көлденең күштер,
Mx – бұралу момент,
Mz, My – иілу моменттер.
Кернеу - ішкі күштің қима бетімен таралу өлшемі. [1Па=1Н/м2]
Толық кернеу құраушылары: біреуі қимаға тік бағытталады да, тік кернеу деп аталады, σ әрпімен белгіленеді; қалған екеуі қима жазықтығында жатады да, жанама кернеулер деп аталады τ׳,τ״ әріптерімен белгілінеді.