Егер де қима жағынан қарағанда қалған бөлікті сыртқы күш сағат тілімен бағыттас бұрса, онда осы қимадағы көлденең күш оң таңбалы және керісінше
Мz таңбалар ережесі
егер қима жағынан қарағанда, қалған бөлік сыртқы жүктеме әсерінен ойыс жағы төмен болатындай иілсе, онда осы қимадағы иілу моменті оң таңбалы және керісінше
Иілудегі дифференциалдық тәуелділіктер – сыртқы жүктеме мен ішкі күш факторларын байланыстырады. Қарқындылығы q таралған күшпен жүктелген арқалықтан элементар dх ұзындығын бөліп алып, қалған бөлікке алып тастаған бөліктің әсерін ішкі күштер арқылы өрнектейік:
MZ
Qy
Qy+dQy
MZ+dMZ
dх
q
x
y
O
Элементар бөлік тепе-теңдік күйде болып, келесі статиканың тепе-теңдік теңдеулерін қанағаттандырады:
1. Егер арқалық сыртқы қадалған күшпен жүктелсе, онда Qy эпюрінде осы күш түскен қимада күшке тең секіріс, ал Mz эпюріне сынық сәйкес келеді.
2. Егер арқалық таралған күшпен жүктелмесе (q=0), онда Qy эпюрі арқалық өсіне параллель түзумен, ал арқалықтың осы аралығындағы Mz эпюрі көлбеу түзумен шектеледі.
3. Егер арқалық q таралған күшпен жүктелсе, онда Qy эпюрі көлбеу түзумен, ал Mz эпюрі параболамен шектеледі. Параболаның дөңес жағы таралған күшке қарсы бағытталады.
4. Арқалықтың Qy=0 эпюрінде, Mz эпюрі - экстремум (масимум не минимум) мәнге ие болады.
5. Егер арқалық сыртқы қадалған моментпен жүктелсе, онда Qy эпюрі еш өзгеріссіз, ал Mz эпюрінде момент түскен қимада моментке тең секіріс сәйкес келеді.
Күш жазықтығы арқалықтың көлденең қимасының басты инерция өстері арқылы өтсе, иілу көлденең жазық иілу деп аталады.
Таза иілудегі деформация ұшырамайтын қабат бейтарап қабат деп аталады. Бейтарап қабаттың арқалықтың көлденең қимасымен қиылысу сызығы бейтарап өс болып табылады.
Таза иілу кернеулік күйінде қолданылатын гипотазалар:
Деформацияға дейінгі арқалық өсіне перпендикуляр жазық қималары деформациядан кейін де сол жазық күйінде арқалық өсіне перпендикуляр қалады (жазық қималар гипотезасы).
Деформация кезінде бойлық талшықтар бір бірімен әсерлеспейді.