Жылжымайтынсфералық топса реакциясы топсаның центрі арқылы өтіп, кеңістікте кез-келген бағытта бағытталады: Rx, Ry, Rz үш құраушы күш реакцияларына жүктеледі
Бекітілу шартына байланысты келесі арқалық түрлерін ажыратылады:
Кез келген жазық күштер системасы – бір жазықтықта жататын және күштің әсер ету сызықтары бір нүктеде қиылыспайтын күштер системасы.
Осы күштер системасын қарастыру үшін келесі түсініктер енгізіледі:
1. Жазықтықтағы күштің нүктеге қатысты моменті.
2. Қос күш. Қос күш моменті.
Жазықтықтағы күштің нүктесіне қатысты моменті деп оң не теріс таңбамен алынған күш модулі мен иінінің көбейтіндісіне тең скаляр шаманы айтады. [Нм, кНм]. Күш иіні – нүктеден күш әсер ету сызығына түсірілген перпендикуляр.
Таңбалар ережесі:
Егер күш центрден денені сағат тілі бағытына қарсы бағытта айналдыруға тырысса, онда момент оң, ал сағат тілінің бағытымен бағыттас айналдырса онда момент теріс.