166
Қазақ елінің XX ғасырдағы ұранына айналған «Алаш» сөзі ғасырлар бойы дамып, мағынасы
жағынан кеңейе түспесе, өзінің құндылығын жоғалтқан емес. XX ғасыр өте қиын кезең еді. Қазақ
халқының зиялы қауым өкілдері ХХ ғасырда қазақ халқына туған күннің
қиындығын біліп, осы
бодандық ноқтасынан ажыратудың жолын іздеді. Қазақ үшін қайткенде де осы қасіреттен құтылудың
жолын іздеді. Шындығында келгенде, Алаш арыстары қазақ халқының ұлттық болмысына негізделген
рухани мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап қалуға тырысты. Өйткені олар ұлттық болмысқа
негізделген халықтың руханият пен өмір сүру саласының ғасырлар бойғы қалыптасып, сыннан өткен
түрлерінің бодандық шылауынан соң бірте-бірте әлсіреп, жойыларын жақсы білді. Оған жетпеудің
жолы немесе қазақтың ұлт, халық ретінде аман қалуы үшін міндетті түрде рух биіктігі керек. Ұлттық
рух ұлттық сананы оятады, қажымас қайрат пен асқақ зияткерлікті білдіреді. Ал
осылардың бәрін
ұйыстырып, ұйымдастыратын белгілі бір құрылым жет еді. Міне, осындай өмір қажеттілігіне орай,
қоғамдық, тарихи қажеттіліктер негізіне Алашорда қозғалысы,Алашорда партиясы, сәл кейінірек
Алашорда үкіметі дүниеге келді.
1917
жылға тоқталсақ, бұл жыл қазақ қоғамында аса күрделі саяси әлеуметтік жағдайды қазақ
халқы басынан кешірген жыл. Міне осындай жағдайда қозғалыстың басында ұлтымыздың
қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев,
Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов сияқты алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары болды. Олар Ресейдің
Санк-Петербург, Мәскеу сияқты орталық қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған,
озық ойлы қайраткерлер еді. Олар өздерінің білім деңгейі мен саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты
мен халықшыл қасиеті, рухани парасаттылығымен азаматтық пайымдылығы жағынан Қазақстандағы
кеңес өкіметін құрушылардан әлде қайда алда болды. Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ,
саяси тұрақсыздық жағдайында тек бір тұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін азаптан
құтқарып, бостандық жолына алып шығамыз деген тұжырымға келді.
Осы кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған бүкіл алаш зиялылары жиналып Алаш партиясын құрған
болатын. Орынборда бүкілхалықтық I съезд өткізіліп, онда Алаш партиясының 10 жобасын талқылап
мемлекеттік деңгейде мемлекеттің тілін, дінін, жер мәселесі, яғни бір сөзбен айтқанда қазақ халқының
ұлттық мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру жоспарланды. Олар қасық
қандары қалғанша ұлттық
тәуелсіздік жолында, адами жолында сол үшін бастарын тасқа да, тауға да соқты. Осы бір кері заманда
елім деген қазақ зиялыларының әрқайсының жүрегінің төрінде ат басындай жер байлаулы еді. Отызда
ордасы ойран болуға шақ қалып, қырқында қамалы бұзылғалы тұрғанда, сексенде сеңіреуге түсуге
айналғанда да текті Алаштың ұрпақтары мойыған емес. Соның арқасында, міне, биыл қазақ халқының
сан мың жылдар бойы армандаған қол жетпес бақыты – тәуелсіздік туының көгімізде желбіреп
тұрғанына жиырма жеті жыл.
Қазақ елі өз тәуелсіздігінің арайлы ақ таңын жиырма жетінші рет қарсы алғалы тұр. Әрине ширек
ғасырдан аз ғана өтсе де, біздің бағындырған белестеріміз бен орындаған арман мақсаттарымызға әлем
таңғалардай. Біз үшін ата-бабаларымыздың жанымен келген киелі тәуелсіздік мерекесі айтулы күн.
Әрине бұл айтулы күн оңайлықпен келген жоқ. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз
деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш
ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғышартын жасап кетті.
А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы
талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол
«Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7
рет қайта басылады. Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады. 1926 жылы Қызылорда,
Ташкент баспалары бірігіп шығарған. Қазақ тілін талдап тануда. А.Байтұрсыновтың еңбегін және бір
тұрғыдан ерекше бағалау керек. А.Байтұрсынов
тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих
мәселелеріменде шұғылданғанын айтып өткеніміз жөн.
Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш
қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды.
А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын
бойына сіңірген халық қана
айбарлы да бай болады» деп санады. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-
Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан
аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы,
Мұхамеджан
Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек
Аймауытұлы,
Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы, т.б. қатысты.
Алашорда партиясы қазақ халқына XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі
бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселе болып отыр.