Литература:
1.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-ти т. Т. 2. Алма-Ата. 1984. с. 158-159
2.
Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. Алматы, 2001 – 204 с. с.21
3.
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/yaponskie-uchenyie-zainteresovanyi-izuchenii-istorii-329196/
4.
Бурдье, П. (2001) Практический смысл / пер. с франц. СПб. : Алетейя. 562 с. Бурдье, П. (1995) Структуры, habitus,
практики // Современная социальная теория: Бурдье, Гидденс, Хабермас. Новосибирск : Изд-во Новосибир. ун-та.
120 с. С. 16–17
5.
Дейк Т. А. ван Язык. Познание. Коммуникация. - Б.: БГК им. И. А. Бодуэна де Куртенэ, 2000. — 308 с.Электронная
книга. Лингвистика. Теория коммуникации
6.
Коктейль Молотова. Анатомия казахстанской молодежи. Алматы, 2014.
7.
Гюнтер Х. Введение // Советская власть и медиа.. СПб., 2006. C.5-16.
8.
Гиздатов Г.Г. Медиадискурс Казахстана: социальные концепты и когнитивные стратегии // Медиаобразование.
Media Education. 2015. № 4
9.
Хьелл Л.., Зиглер Д. Теория личности (основные положения, исследование и применение). СПб., 1997.
10.
Илеуова Г. Современное мещанство: социальный конформизм или адаптация к жизненной среде?
http://www.ofstrategy.kz/index.php/ru/research/socialresearch/item/396-sovremennoe-meshchanstvo-sotsialnyj-
konformizm-ili adaptatsiya-k-zhiznennoj-srede
123
Алмагүл ҚҰРМАНБАЕВА,
Журналистика факультетінің доценті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ САЯСИ-ИДЕЯЛЫҚ КӨРНІСТЕР
Қазақ баспасөзінің қарлығаштары дегенде, ең алдымен, ойға оралатыны – «Айқап», «Қазақ»,
«Қазақстан», «Серке» газет-журналдары мен оған өмірін арнаған Алаш зиялылары. Бұл ретте жарық
көргеніне ғасыр толып отырған Қазақ руханиятының алтын дәуірін тудырған, ел мен жердің
тұтастығын ту етіп, қазақ халқының көзін ашып дем берген «Айқап» журналын ерекше атап өту ләзім.
«Айқап» – Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал. Ақын, публицист, қоғам
қайраткері М.Сералин 1911 жылы 10 қаңтарда Троицк қаласында «Айқап» атты журналды
алғашшығаруды қолға алады. «Айқаптың» жарық көруі саяси-идеялық бағдары XX ғасыр басындағы
қайшылықты қым-қуат кезеңмен тұспа-тұс келді. Отарлық езгінің емеуріннен тасыр шағында дүниеген
келген «Айқап» қазақ интеллигенциясының демократиялық қозғалыс идеясын ту етіп, өз халқын
қараңғылықтан шығаруды мақсат ете білген бірден-бір басылым болды. Қаламгер қайраткер
Мұхаметжан Сералин Орыс революциясынан туған демократиялық толқынның жаңа буынынан
шыққан көзі ашық, көкірегі ояу тұлға еді. 1905 жылдан газет шығаруды мақсат еткен демократ 1911
жылға дейін түрлі кедергілерді бастан кешсе де өзінің ұлттық идеяларын «бір қазанға қайнатып» елдік
мүддені уысынан шығармады.
«Журналға «Айқап» деген есім бердік. Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтін қай ісі бар?!» деп
журнадың шымылдығын ашқан ұлы қайраткер М.Сералин империяның отаршыл саясатынашық
бейнелеп, халықты қараңғылықтан шығаруды көздеп осы бағыттағы ұлы қадамын қадап айтқан еді.
Сералин журналдың 12-санында басылымның жұрттың біразын оқуға бейімдеп, сауатын ашуға сеп
болғанын айтып, журналдың шығуына жәрдемдескен бір топ азаматтарға, яғни, Сосновский,
Тәңірберген Тұрысбеков, Сәдуақас Шорманов, Ғабдулрахман Жүсіптерге және оқырмандарына
алғысын айтады [1].
4 жыл ішінде Троицк шаһарындағы «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде араб әріпімен теріліп,
алғашында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрды. Қоғамның түрлі салаларын қамтыған мақалалар
шоғыры, қазақтың қоғамдық ой-санасына серпіліс әкелді. Онда жер мәселесі, саясат, әлеуметтік
мәселелер, өнер руханият т.б. тақырыптар кеңінен көрініс тапты.
«Қазақ даласына кеңінен тараған басылым саны жайында Ғабдолғазиз Мұсағалиев бұл басылымды
1000 оқушы алып тұратындығын жазды. Мұның өзі журналдың таралымы бір ізге түсіп, өрісін
ұлғайтып, қанатын кеңге жая бастағанын көрсетумен бірге төңкеріске дейінгі қазақ халқының
сауаттылық деңгейінен де хабардар етеді», – дейді зерттеуші Нұрлан Асқаров [2].
«Айқап» өз кезеңіндегі үздік журнал болды. Оның әр санын қазақ халқы асыға күтті. Оған
Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей Ордалары мен Кавказ
округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хаттар келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден,
Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан,
Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.
Журнал жекелеген азаматтардың демеушілігі мен оқушылардың жазылым ақысына сүйенген.
Журнал орташа форматты, 24 бет болып жарық көрген. Тұрақты айдарлардың ішінде «Өлең-жыр»,
«Фельетон», «Басқарушыдан», «Одан-бұдан», «Хабаршыларымыздан», «Мұсылмандар тіршілігіне
тиісті мәселелер» үзбей жазылып, тарихи-қоғамдық өзгерістерге байланысты «Соғыс жайы»,
«Оқиғалар» деген айдарлар да қосылып отырған. Сонымен бірге, журналдың бағыт-бағдары, көтеретін
негізгі мәселелері редактор тарапынан бас мақалада айтылып, онда көбінесе саяси-әлеуметтік
тақырыптар сөз етілген [3].
«Айқап» журналының оқырмандарына арнап үзбей шығармаларын арнап, қоғамдық өмірге бей-
жай қарай алмаған, өз пікірін оқырманмен бөлісуге асыққан ұлы тұлғаларымыз Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен
Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жұмағали Тілеулин, Қошке Кемеңгеров және т.б. зиялы азаматтар
сүбелі үлес қосты. Бұл алыптардың ұлттық мүдде жолындағы бір алаңда тоқайласуы болашақ
Алашорда үкіметініңқұрылымдық бағытын айқындаудың сара жолы осы «Айқап» журналы және
«Қазақ» газеттері арқылы көрініс тапты.
Бес жыл бойы жарық көрген басылым мазмұнында рухани әлемімізде тың серпіліс туғызған Алаш
ардақтыларының тың идеялары жатқан еді. Ол идеялар осы журнал арқылы біршама айқындалып,
бірталай қаламгерлердің тәжірибе алаңына айналды.
124
Журнал санында орын алған Шығыс әдебиеттері мен қазақ ағартушыларының, тарихшы-
ғалымдарының көлемді мақалалары да басылып отырды. Мысалы, Фирдоусидің «Шахнамасы»,
С.Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» атты ғылыми мақалалары журнал оқырмандарын тарта білді.
Оқырман үдесінен шығу қаншалықты қиын болса, оның жүктелер жауапкершілігі одан да тым батпан.
М.Сералин қандай қиындық болса да журналдың тоқтаусыз жарық көруіне аянбай тер төкті. Жан-
жақтан шәкірттерін жіберіп, оқырман жинау, демократтармен байланысты үзбей, олардың ой-
пікірлерін журнал бетіне басу – рухани өркендеуге айрықша ыждаһат танытып, ұлы мақсат көздеген
шын жанашыр азаматтың ісі еді.
М.Сералин патшалы Ресейдің отарлау саясатының түпкі мақсатын дөп басып тани біліп, оны
халыққа дұрыс түсіндіруде білгірлік танытты. «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген
мақаласында жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалды шешуге икемсіз болып отырғанын
мысалдармен дәлелдеп, «болыстық сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ
арасындағы жесір дауының құны көбіне 300 сомнан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешілді», –
деп орыстың заң жүйесінің қазақ ісін шешуге сәйкес келмейтін дәрменсіздігін ашып көрсетіп, ол үшін
«Қазақ әрекеттері» деген кітап шығару қажет дегенді айтады [4].
Отаршылықты айқын сынаған редактор М.Сералин «Соңғы он жыл ішінде үкімет қырғыз-
қазақтарды отырықшы қылып өнер үйретейін, өнеге алғызайын, көшіп азап шеккенше, отырықшы
болып 12-15 десятина жер алып отырсын деген жоқ, жер ала алмағандардың жерін айламен кесіп
алмақ» [5] – деп отарлаудың түп мақсатын ашып жазады. Және аңқау елге арамза болғандарды
әшкерелеп жұртына жол сілтейді. «Егінге жайлы жерді алып қаламын дегендер қала салу керек. Жақсы
жерге жиылып қала салсақ «сен неге салып жатырсың» дейтұғын ешкім жоқ. Қазақ қалаған жеріне қала
болып отырса, мешіт, медіресе салса, қаланың маңайындағы егіндік жерлерді өлшетіп планға түсірсе,
өлшеген жер артылмастай көп болып жиылып отырса, қалаңды бұзып мешітіңді қиратып, жеріңді ала
қоймас, аламын десе, сонда ізден», – дейді.
Басылым бетіндегі жарияланған жер мәселесіне қатысты материалдардың біршамасы Мұсаға–
лиевтің еншісінде. Білікті ғалым аймақтардағы шаруаларға берілген жер көлемін есептеп, артық-кемін
шығарып отырған. «Жарлы болдық дейміз. Енді біз жарлы болмай кім жарлы болсын. Біз бұлай отыра
берсек, мұнан да жарлы болармыз» [6] – деп халықтың намысын жаниды.
1912 жылғы Айқаптың алғашқы санында Сералин болашақта оқу-ағарту саласына айрықша көңіл
бөлетінін айтады. Әр өңірлердегі оқыту жүйелеріне тоқталып, білім беру деңгейлерін анықтап отырған.
Өлкедегі мәдени-ағарту туралы мәліметтер сол тұстағы мерзімді баспасөз беттерінде көптеп
жарияланды. «Айқап» журналы мәдениет пен ағарту мәселесіне байланысты 88 санының 66-сында 163
мақала жарияланған [7]. Бұл басылымның қаншалықты ағарту мәселесіне мән бергендігін аңғартса
керек.
Басылым қазақ жастары арасында оқудың қажеттілігін насихаттаумен бірге баланы қай тілде оқыту
қажеттігіне де үнемі назар аударып отырды. Ресей империясының қазақ балаларын сауаттандырамыз
деген желеумен бірте-бірте орыстандыруды көздеген құйтырқы саясатын айтып, одан сақтандырды.
«Айқап» бес жыл бойы халықтың көзі һәм құлағы болды. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыс
салдарынан туған қымбатшылық, әлеуметтік, қаржылық дағдарыс журналдың ұзақ өмір сүруіне
тосқауыл болды.
Аумалы-төкпелі кезеңде саяси-әлеуметтік маңызды мәселелерге терең бара білген, жер мәселесі,
жесір дауын әділ шешуде дұрыс бағыт-бағдар көрсете алған Айқаптың жалпы отырықшылықты
қазақтың ел болуының өркениеттің тірегі ретінде тани білуін сол замандағы қазақ баспасөзінің шын
мәніндегі прогрестік табысы деп бағалауға болады.
Жер мәселесімен қатар онда дін, мектеп, медресе ашу, халық сотын өзгерту туралы ұсынысқа толы
мақалалар да шығып жатты. Қазақ зиялыларының кей мәселелерде көп жағдайда пікірі бір жерден
шыға қоймаса да түпкі мақсат – «қазақ елінің көсегесін қайтсек көгертеміз» деген ұлы ұранның
төңірегінде әрекет етті.
Осы орайда қазақ зиялыларының «ауыз бірліктері күшті болып, қоғамның жоқ-жігін, кем-кетігін
бірлесе, қосыла іздесе олардың тарихтағы істері бұдан да қомақты зор болатын еді. Әр қилы әлеуметтік
мәселеде, әсіресе отырықшылдыққа көшу, съезд шақырып, бас қосу, ел ісіне араласу, ұлт-азаттық
күресіне бағыт сілтеу жайындағы сүбелі мәселелерде әрқилы пікірде болмай, ауызбірлік танытқан
шақта қазақ қауымының жалпы ұжымы бір бағыттан табылып 1917 жылдың төңкерістерін өз басына
ыңғайлай пайдаланар ма еді» [8].
Қалай дегенмен де, қазақ халқының мүддесін көздеген Алаш арыстары өзіндік болмыс бітімін
сақтап, ұлты үшін руханият, ағарту ісіне төккен еңбегі орасан зор. Ұлттық бірлікті нығайту, мәдениетті
дамыту идеяларын алға тартқан зерделі оқығандар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз
125
мойнына ала білді.Олардың идеялары тарихи дамудың сан-мыңдық кезеңдерінде қазақ алдынан шыға
берер күрмеулі проблемаларды шешуге негізделгендей.
Тарих толқынындатолымды табыстарға қол жеткізген, мәңгі ұрпақтар игілігіне жарар рухани
азығымыз – «Айқап» журналы биыл 100 ге толып отыр. Тура бір ғасыр. Елдігімізді асқақтатар шақ.
Осы орайда Серікқали Байменше мақаласында [9] қазақтың тұңғыш журналына арнап Троицк
қаласындағы (Троицк – қазіргі Ресейдің Челябі облысындағы қала) «Энергия» баспаханасының
ғимаратына ескерткіш тақта қоюды ұсынса, деректанушы Қамбар Атабаев Ұлттық баспасөз күнін
ұлттық баспасөз тарихынан шыға отырып тойлау қажеттігін айтады және мерзімді
басылымдарымыздың 100 жылдық мерейтойларын ұлттық деңгейде атап өтуді ұсынады [10].
Шынында да бұл ұсыныстар тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесіне орай өткізілген сәтті іс болар еді.
Олай болса Айқаптың жүз жылдық мерейтойының «әй, қаптың» айтылмасындай өз деңгейінде өтуіне
сеніммен қарайық.
Достарыңызбен бөлісу: |