Материалдары



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата16.11.2022
өлшемі4,23 Mb.
#50646
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Алаш партиясы

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
«Айқап». – 1911. – №12 
2. 
Асқаров Нұрлан. «Айқап» журналындағы саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени мәселелерінің көрінісі. – Алматы. – 1999ж. 
3. 
Сонда 
4. 
Сонда  
5. 
«Айқап». – 1911. – №11 
6. 
«Айқап». – 1911. – №4 
7. 
Асқаров Нұрлан. «Айқап» журналындағы саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени мәселелерінің көрінісі. – Алматы. –
1999 ж. 
8. 
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, – 1994. – 448б. 
9. http://www.egemen.kz/300538.html 
10. http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5129&Itemid=64 
 
 
Зылыйха БИМАКАНОВА, 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ
 
АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЖАСТАРҒА АРНАП ШЫҒАРҒАН
ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ХХ ғасырдыңбасындағырухани өрлеудің өзекті сипаты – прогреске ұмтылу болды. Қазақ 
зиялылары әр салада қаламымен, өзіндікой-санасымен халыққа қызмет етуге тырысты. Кітапты 
көбірек жазып, өмірін ағарту ісіне, әдебиетке, жастарды өнер-білімге баулыды. 
Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген 
еңбектерін бағалау – қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп 
білеміз. 1912 жылы «Айқап» журналында (№ 4-5) А.Байтұрсынов «Жазу тәртібі» атты мақаласында 
оқу құралын дайындау қажеттігін ескертіп, мынадай пікір айтады: «Оқу құралының ең ұлылығы – бала 
оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт...» 
– 
дейді [1, 380]. Демек, А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауаттандыруда әліпби 
мәселесін көтеріп, ғылыми пайымдаулар жасап, тығырықтан шығатын жолды көрсетеді. Қазақ 
халқының «рухани көсемі» А.Байтұрсынов қазақ балаларына арналған алғашқы «Әліппе» мен қазақ 
тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов – өз 
халқының саяси, мәдени рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тігіп, тікелей араласқан ірі 
публицист, қоғам қайраткері. Сонымен қатар, А.Байтұрсыновтың қалдырған мұрасы: өлең жинақтары 
«Маса», «Қырық мысал». Әдебиеттану саласынан жазылған ғылыми еңбек «Әдебиет танытқыш» 
қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың иесі. 
Кезінде А.Байтұрсынов «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана 
айбарлы да бай болады» деп санаған. 
Алаш зиялылары қазақ халқына жасаған ұланғайыр ұлағатты ісі – ұлттық мәдениетті дамыту 
барысындағы еңбектері әдебиетті, жазба және ауызша тілді, ұлттық педагогиканы, психологияны, 
тарихты, этнографияны, публицистиканы, баспасөзді, аударма ісін, медицинаны, биологияны, 
табиғаттануды, ауыл шаруашылығын, математиканы, өркениетті даму жолдарын қамтыды. 
Мемлекетті ана тілінде оқыту жөнінде «Алаш» париясы бағдарламасының «Ғылым-білім үйрету» атты 
бабында: «Қазақ тіліндеорта мектептер, университтер ашылады, бастауыш мектептерде сабақ ана 
тілінде жүреді. Оқу ісі өз алдына автономия түрінде жүргізіледі, үкімет оқу ісіне араласпайды. 


126
Мұғалімдер мен профессорлар өзара сыйласу арқылы тағайындалады» – деп жазылды [2, 119]. «Алаш» 
партиясының жергіліктікомитеттер «оқумен баспасөз» мәселесін көтеріп, 1917 жылдың сәуірінде 
Жетісуда, маусымында Семейде, тамызда Ташкентте, желтоқсанда Орынборда өткен облыстық 
съездері мектеп ана тілінде болу керек деген шешім шығарады. Ташкентте өткенТүркістан аймағы 
қазақ-қырғыздарының жиналысы мектептің ана тілінде оқытуын міндеттей отырып, орыс-тузем 
мектептерінің орнына ұлт мектептерін ашу деп шешеді. Ал, Орынборда өткен жалпықазақ-қырғыз 
съездерінде оқу мәселесі жөнінде М.Дулатов өз баяндамасындаұлт мектебін көркейтуге оқу-
құралының тапшылық көрсетіп отырғанын көрсетеді. Съезд делегаттары М.Дулатов пікірін қолдап, 
оқу-құралдарын дайындайтын комиссиясы құрамын бекітеді: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Е.Омаров, 
Б.Сәрсенов, Т.Шонанов. Оқу коммиссиясына съездің жүктеген міндеттері: ұлт мектептеріне 
бағдарлама жасау; мұғалімдерге қалай оқыту тәртіптерін үйрететін жолбасшы кітаптар жазу, тәрбие 
жайынан кітаптар жазу; бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару; «Қазақ 
емілесін» тексеріп, түзету; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды аудару негізгі бағыттар болып белгіленеді. 
ХХ ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселесі бүгінгі ХХІ ғасырдың өзекжарды 
мәселесі болып отыр. «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» десе, ана тілімізді бәріміз де 
сүюге, қастерлеуге тиіспіз. Ә.Бөкейханов «Үшінші дума Һәм қазақ», А.Байтұрсыновтың 1912 жылы 
Орынборда «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш шығарылып, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта 
басылады. Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып суреттермен шығарады. «Тіл тағлымы», 
«Әдебиет танытқыш», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «психология», М.Тынышбаевтың 
«Қазақ халқының тарихы», М.Жұмабаевтың «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Педагогика» т.б. [3, 65]. 
А.Байтұрсынов ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық мәселені «бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын 
дегендерге негіз боларлық жағынкөздеу керек» деп қазақ халқының оқуға деген ынтасын көрсетсе, 
білім беру саласында Ж.Аймауытов «білім мен тәрбие бірімен- бірі байланысып, өмірге, тіршілікке 
пайдасы бар білімнің мәнін» ашып көрсетеді [4,6]. Өзінің ғылыми-педагогикалық толғамды ойларымен 
қазақ зиялысы Ғұмар Қарашұлы. «Менің ойларым», «Өрнек» атты шығармалырында ұстаз, мұғалім 
мамандығы, оған қажетті мінез-құлық қасиеттері туралы, тәлім-тәрбиелік түйіндерін қанатты сөздер 
арқылы нұсқаетіп берген. Мәселен, «Тіл – ойдың кілті», «Ой қараңғылығы – жан ауырлығы», 
«Үлкендердің үлгісі – тәрбие құралы», т.б. М.Дулатовтың бастауыш мектепке арналған «Қирағат» атты 
оқу-құралы Орынборда тұңғыш басылып шығады. Кітаптың мұғалімдерге арнап жазған алғы сөзінде 
бала тәрбиесінің маңызына ерекше тоқталады. «Оқудағы мақсат – жалғыз құрғақ білім беру емес, 
біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», – дейді [5,15]. М.Дулатовтың ағартушылық қызметінің 
кредосы – біліммен бірге тәрбие беру. Осы ұстанымынан «Есеп құралын» жазу барысында: «шапшаң 
санау және шәкірттерге өздігінен шығару үшін мысалдар келтіру, ұсынып отырған есеп, амал 
шарттарының өзі тәрбиелік сипатқа ие, еңбекке баулуды көздейді. 
М.Жұмабаев педагогика, дидактика, әдістеме саласында алғаш қалам тартқан ғұлама. Оның 
«Педагогика» (1922) атты қолтума еңбегі алғашқы оқу құралы ретінде, «Бастауыш мектепте ана тілі» 
(1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайында» (1925), «Обучение грамоте» (1926), «Букварь 
для взрослых» (1929), т.б. туындылары түркітілдес халықтар тарихында жарық көрген. Қазақ әйелдірі 
арасынан тәлім-тәрбие мәселесіне қалам тартқан тұңғыш Нәзипа Құлжанованың педагогикалық 
публицистикалық еңбектері: «Мектепке дейінгі тәрбие» (1923), «Ана мен бала» (1927). Бұларда 
көшпелі қазақ елінің тұрмыс-салты, халқымыздың өзіндік бала тәрбиелеу тәжірбиесі, Кеңес өкіметінің 
алғашқы жылдарындағы бала-бақшаларының жұмыс тәжірбиелерін медициналық түсініктемелермен 
сабақтастыра баяндайды. Оның еңбектері қазіргі кездегіқазақ әулетінің жүрегіне жылы тиіп, қолдан 
түспес кітабы болмақ. 
Алаш қаламгерлерінің зерттелмеген сан-қырлы еңбектерін кәсіби тұрғыда саралап, зерделеп, білім 
саласындағы бағдарламаға енгізіп, қоғамның рухани өресін жаңғырту болып табылады. 1934 жылы, 
сұрапыл ашаршылықтың беті қайта бастаған шақта С.Асфендиаров Қазақ АКСР-і Халық ағарту халық 
комиссариатының орынбасары болып тағайындалады. Енді халық ортасында сауат ашу, бастауыш 
және орта білім беру ошақтарын қалыптастыру, бұрыңғы ашылған жоғары оқу орындарының жұмысын 
жақсарту, білім беру мекемелерін арнайы әдебиетпен және оқу-құралдарымен қамтамасыз етеді. 
С.Асфендиаров қазақ тарихын ғылыми негізінде зерттеуді әрі бастаушы, әрі жазушы болған ғалым. 
1935 жылы жазған Қазақстан тарихының бірінші томы және мектептерге арналған «Қазақстан 
тарихының очерктері» деп аталатын оқулығы қазақ тілінде жарық көрді. 1935-36 жылдары 
С.Асфендиаров пен профессор П.А.Кунте екеуі бірігіп әзірлеген «Қазақстанның өткендері» атты екі 
томдық документтер жинағы басылып шықты. «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» 
деген монографиясы жарияланды. С.Асфендиаров өзінің ғылыми еңбектерінде Қазақстан тарихын 
ғылыми дәуірлерге бөлу ісін бастады, қазақ халқының шығу тегі жөнінде ғылыми пікір тұжырымдады, 


127
өлке еңбекшілерінің ұлт-азаттық қозғалысының және басқа да мәселелердің дұрыс жолдарын көрсетті, 
қазақ тарихын бұрмалаушылықтарды сынға алды. 
Қ.И. Сәтбаев қазақтың біртуар перзенті ұлтымыздың мәртебесін, көшпелі елдің биік рухын дүние 
жүзіне мойындата білген. Көп қырлы ғылыми және қоғамдық еңбегінің маңызды бөлімі педагогикалық 
іс-әрекеті, мұғалімдер семинариясында жаратылыстану пәнінен дәріс оқып, 1919-1920 жылдары 
Ақкелін болысында 4 ауылда мектеп мұғалімі болып қызмет атқарғанын көптеген құжаттар мен 
материалдар дәлелдейді. Қ.И.Сәтбаев – әдіскер математик ретінде, тұңғыш «Алгебра» оқулығының 
қолжазбасын 1923 ж. 10 қазанда Халық ағарту коммисариатына, ол 1927ж. мамырда Мәскеуге 
баспадан шығаруға жіберіледі. Өкінішке орай жарыққа шықпайды. Бұл сол кезең үшін өмір талабынан 
туындаған еңбек болатын. Қ.Сәтбаевтың тарихи еңбектері: Жезқазған – Ұлытау аймағына қатысты 
археологиялық зерттеулері; Алтыншоқыдағы Темірдің тас тақтасын табуы; «Ер Едіге» жырына жазған 
алғы сөзі; Қазақ халқының этнографиясын терең зерттеуі; Жезқазған өңіріндегі ортағсырлық 
архитектура ескерткіштері жайлы жазбалары. Өзінің барлық саналы өмірінқазақ халқының 
экономикасы мен мәдениетінің, ғылымының өркендеуіне арнап, сол жолда тарихи мәні бар істерді 
дүниеге келтіреді. Қ.И.Сәтбаевтың бізге қалған мол мұрасы ғылымның иглігіне айналып отыр, әлі де 
болса тарихи-танымдық түрде зерттеу, танып білу қажет. 
М.Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, тарихшы ретінде қазақ елініңкөне дәуірден бүгінге дейінгі 
шынайы тарихын жасаудың бағыттарын іс жүзінде анықтап береді. Х.Досмұхамедовтың медицина, 
биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу 
құралдары мен зерттеулері, Ә.Ермековтың, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының, Қ.Кемеңгерұлының, 
Н.Төреқұлұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми 
терминологиясының қалыптасуында айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, 
ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы, мәдениеті үшін 
күресті.
ХХ ғасырдың басында қазақша шыққан тақырып жағынан 400 атаулы жарияланған кітаптарды 
топқа бөлсек: Бірінші – қазақ халқының өткендегі тарихи тағдырын, болашақтағы дамужолын, саяси 
жағдайын суреттейтін Абайдың «Өлеңдер жинағы» (1909), Н.И.Веселовскийдің редакциясымен 
шыққан Шоқанның шығармасы, Мақыш Қалтаевтың «Қазақ айнасы», «Тура жол» сияқты кітаптары. 
Екінші – оқуға, өнерге, білімге шақырған, сол білімді қалай игеру, қайдан іздеу жолдарын 
нұсқайтын Ғ.Мәжитовтың «Қазақ шәкірттеріне ақыл» (1910), Закрия Ерғалиұлының «Қазақ әліппесі» 
(1910),С.Көбеевтың «Үлгілі бала» (1912) кітаптары.
Үшінші – кәсіпшілік, отырықшылық, сауда-саттық, еігіншілік, бау-бақша, өндіріс қолөнері істеріне 
арналған «Торғай шаруашылық қоғамы» (1903), «Май алатын машина» (1912) сияқты еңбектер. 
Төртінші - кедейдің ауыр халін суреттейтін, олардың патша үкіметінің әкімдері мен және солармен 
сыбайлас бай, болыс, старшиндерден шеккен әділетсіздігін баяндайтын МәшҺүр Көпеевтың 
«Сарыарқа кімдікі?» (1907), А.Сабаловтың «Сұм заман» (1911), Х.Сәдуақасовтың «Халық мұңы» 
(1915) шығармалары. 
Халқымыздың рухани жаңғыруы – жан дүниеміздің жаңғыруы, тарих бетіндегі көмескі тартқан 
шындықтардыбүгінгі ұрпақ санасына қайта тоқылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет